Мұқағали Мақатаев

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.
Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші ту­ған күніне байланысты мынадай сөз айта­ды: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан­да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен».


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Тұрады көкірігіме күйік толып,
Жүремін кейде жанып, кейде тонып.
Күні бойы мазам кетіп қиналамын.
Көрінсем біреулерге биік болып.

Ілмектер: нақыл, адам Мұқағали Мақатаев

Тағдырыма несіне өкпелейін,
Мойын бұрмай келіп ем көпке дейін.
О, өмір ұстатпаған уың бар ма?
Әкел, әкел оны да жеп көрейін.

Ілмектер: Адам, нақыл Мұқағали Мақатаев

Қарасаңдаршы,
Қаншама достан айырылдық...
Біріміз нағыз,
Біріміз жалған қайғырдық...
Тазалайықшы,
Ынтымақ деген айдынды.
Қалыпқа түспей тұрғанымызда маймылдық...

Ілмектер: Адамдар, ынтымақ, нақыл Мұқағали Мақатаев

Адамдардың жаман екенін, жақсы екенін ажыратушы мен емеспін, өйткені өзім де со­лар­дың бірімін.

Ілмектер: адам, жаман, жақсы Мұқағали Мақатаев

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?
Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.
Менің жаным ашиды мына өмірді,
Өтпейтіндей көретін адамдарға!

Ілмектер: уақыт, адам, Өмір, дәуір, заман Мұқағали Мақатаев

Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге

Ілмектер: Өкінбе, өкпелеме, бүгініңе, Өмір, Қайта тұрып, қақың бар, жүгіруге, сүріну Мұқағали Мақатаев

Ал екінші бақытым – тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім…

Ілмектер: тіл, қасиет, бақыт Мұқағали Мақатаев

Өлгеннен сұра дер едім, тірі жандарға өмір дегеннің не екенін.

Ілмектер: өмір, тірі Мұқағали Мақатаев

Қасиетін сезем деп ана тілдің,
Қауырсыны қалмады қанатымның.

Ілмектер: тіл, қасиет Мұқағали Мақатаев


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)