Мағжан Жұмабаев

Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.

Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Алты алаштың абласы бас қосқанда, қадірлі орын - мұғалімдікі.

Ілмектер: мұғалім, ұстаз, нақыл, афоризм Мағжан Жұмабаев

Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек.

Ілмектер: бала, сенім, күш Мағжан Жұмабаев

Тәрбиедегі мақсат - адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару.

Ілмектер: тәрбие, адам Мағжан Жұмабаев

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім,
Таралған түрік балаларын бауырыңа,
Ақ қолыңмен тарта аларсың, сен, тілім!

Ілмектер: тіл Мағжан Жұмабаев

Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай.

Ілмектер: ұлт, тіл, жер, тарих, қазақ тілі Мағжан Жұмабаев

Білімдінің сөзі — ем,
Мейірімі көп, өзі кең!

Ілмектер: білім, мейірім, сөз Мағжан Жұмабаев

Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.

Ілмектер: мектеп, қазақ, келешек, ел Мағжан Жұмабаев

Тіл – адам жанының тілмашы.

Ілмектер: тіл, адам, тілмаш Мағжан Жұмабаев

Білімдіңнің сөзі — ем, мейірімі көп, өзі кең!

Ілмектер: білім, мейірім Мағжан Жұмабаев

Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты – балаға сөзді бұзып сөйлемеу керек.

Ілмектер: бала, тіл, сөз, сөйлеу Мағжан Жұмабаев

Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ.

Ілмектер: ұлт, тіл, қымбат Мағжан Жұмабаев

Адамның шын мағынасымен "Адам" болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбайды, жалпы адамзатты сүюі шарт.

Ілмектер: адам, адамгершілік, сүю Мағжан Жұмабаев

Адамның бір атаның баласы екені рас болса, белгілі бір заманның баласы екені де даусыз.

Ілмектер: адам, заман Мағжан Жұмабаев

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)