Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (10) Ұлағатты сөздер (11)

Сен менен биік емессің, сен менен ұзынсың.

Ілмектер: ұзын, биік Наполеон Бонапарт

Тауларды аласартпай - даланы биіктетейік.

Ілмектер: тау, дала, биік, ынтымақ, бірлік Олжас Сүлейменов

Аспаннан биік тау болмас.

Ілмектер: тау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, биік Бұқар жырау

Егер сен биікке шыққың келсе, тек өз аяғыңмен ғана шық. Басқалардың сені биікке көтеріп шығуына жол берме! Басқалардың арқасына жабыспа, басқалардың желкесіне мінуші болма.

Ілмектер: биік, жетістік, аяқ Фридрих Ницше

Қыран құс желге қарсы ұшқанда ғана биікке самғайды…

Ілмектер: қыран, құс, жетістік, жігер, биік, самғау, мотивация Уинстон Черчилль

Сұңқар желдің ағынымен емес, желге қарсы биік ұшады.

Ілмектер: сұңқар, жел, ағын, биік, ұшу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль

Елiң күн ғой. Күннен де биiк бар ма?
Күннен биiк болам деп күйiп қалма.

Ілмектер: ел, күн, биік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мұзафар Әлімбаев

Жалпы адамзаттың жақсылығына сену — адамгершіліктің ең биік белгісі.

Ілмектер: адамгершілік, адамзат, жақсылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, биік, белгі Мағжан Жұмабаев

Биiк таудың басында ештеңе өспейдi, бiрақ төбесiне шықсаң көп нәрсенi көресiң.

Ілмектер: тау, биік, төбе, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Михаил Пришвин

Ақтық демі таусылғанша ой ойлап, қиял қанатында ұшатындығымен де адам биік, адам ұлы.

Ілмектер: адам, ұлы, биік, ой, қиял, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шыңғыс Айтматов

Діни қатігездіктің көп сатылы биік баспалдағы болады.

Ілмектер: дін, қатыгездік, биік Жорж Батай