Мұзафар Әлімбаев

Мұзафар Әлімбаев — Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі. Туған жері Маралды атырабында — Павлодар облысы, Шарбақты ауданындағы Маралды ауылы. Әнші-күйшілердің, ақын-жыраулардың думан құрған өнер төрінде, солардың тәтті сазын, татымды сөзін қаршадайынан құлағына құйып өскен. Мұзағаң 5 жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастаған. 6 сыныпта ауыл кітапханасының бір қыста 150-ден аса кітабын тауысып, «Бауырсақтан» бастап», «Батырлар жырын» ортаға ала, Александр Сергеевич Пушкиннің 4 томдығын тауысады.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Көптен қалмау - көкке самғау емес. Әсіресе, өнерде.

Ілмектер: өнер, қазақ, нақыл, афоризм Мұзафар Әлімбаев

Кеңістік пен уақытты,
Жеңген қандай бақытты.
Заман соған соғады,
Даңқ деген тақытты.

Ілмектер: уақыт, заман, даңқ, афоризм Мұзафар Әлімбаев

Табиғаттың қатесін түзеткім келеді - тауы жоқ елдерге тау үлестіргім келеді.

Ілмектер: тау, табиғат, нақыл, афоризм Мұзафар Әлімбаев

Талант - табиғаттан, талап - өзіңнен.

Ілмектер: талант, табиғат, талап, нақыл, афоризм Мұзафар Әлімбаев

Дүниенің қорлығы - дүмшелердің зорлығы.

Ілмектер: дүние, қорлық, афоризм, нақыл Мұзафар Әлімбаев

Өнер тағына рұқсатсыз отырар болар.

Ілмектер: өнер, нақыл, афоризм Мұзафар Әлімбаев

Өз жазғанының өнерсізін өшіре алмаған - өнерімен оқырманын өсіре алмас.

Ілмектер: өнер, нақыл, афоризм Мұзафар Әлімбаев

«Осыны мен неге жазбадым екен» дегізген жыр ұзақ жасайды.

Ілмектер: әдебиет, жыр, афоризм, нақыл Мұзафар Әлімбаев

Түн жарып туатын - ай да бар, түн жарымда туатын - ой да бар.

Ілмектер: ай, ой, түн Мұзафар Әлімбаев

Тауысқанша ішкен - ақылы ауысқанша ішер.

Ілмектер: сусын, ақыл Мұзафар Әлімбаев

Жұмулы көз - жүйрік ойдың алаңы.

Ілмектер: ой, көз Мұзафар Әлімбаев

Түйірдей болса да - түйінді ойың болсын.

Ілмектер: ой, ақыл Мұзафар Әлімбаев

Ақиқатты тек ақылды көздермен ғана көруге болады.

Ілмектер: ақиқат, көру, ақыл, көз Мұзафар Әлімбаев

Ұқыптының уақыты мол.

Ілмектер: уақыт Мұзафар Әлімбаев

Білім – қымбат қазына,
Қанағат тұтпа азына.

Ілмектер: білім, қазына, қанағат Мұзафар Әлімбаев

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)