Нақыл сөздері

Егер сіз өзіңіз туралы жақсы зат ойласаңыз, өзгелердің өзіңіз туралы не ойлайтындарына басыңызды қатырмайсыз.

Ілмектер: ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Михаил Литвак

Біз барлық жақсылықты өзіміз оңаша қалғанда жасаймыз. Себебі жалғыз отырғанда көп нәрсені ой елегінен өткізуге мүмкіндік болады.

Ілмектер: жақсылық, оңаша Михаил Литвак

Бақытты іздеп табамын деп байбалам салмай-ақ қойыңыз. Өйткені бақыт деген – сіз. Тек оған жету үшін барлық қырыңызды танытуыңыз керек.

Ілмектер: бақыт Михаил Литвак

Ессіз адам көп сөйлейді, бірақ ештеңе тындыра алмайды. Ал есті адам аз сөйлеп, көп нәрсе тындырады. Сол себепті ессіздер әрдайым сынап-мінеп жүреді.

Ілмектер: ес, адам, сөз, сөйлеу, сынау, сын Михаил Литвак

Өзіңіздің басты дұшпаныңызды білгіңіз келе ме? Айнаға қараңыз, соны жеңсеңіз, қалғандарын жеңу қиынға соқпайды.

Ілмектер: дұшпан, жеңу Михаил Литвак

Егер сіз біреуге бірдене дәлелдегіңіз келсе, демек сол адам үшін өмір сүріп жатырсыз. Ал өзіңіз үшін өмір сүрсеңіз, сіз ешкімге ештеңе дәлелдемес едіңіз.

Ілмектер: өмір, дәлелдеу Михаил Литвак

Мен бақытқа бастайтын жолды білмеймін. Бірақ сәтсіздікке ұшыратын жолды білем. Ол – бәріне бірдей жақсы көріну.

Ілмектер: бақыт, сәтсіздік Михаил Литвак

Достарыңызбен қарым-қатынаста болған - күшті, ал дұшпандарыңызбен араласу – пайдалы.

Ілмектер: дос, қарым-қатынас, дұшпан, пайдалы Михаил Литвак

Қуанышыңызды достарыңызбен де, дұшпандарыңызбен де бөлісіңіз. Өйткені достарыңыз бірге қуанады, ал дұшпандарыңыз қайғырады.

Ілмектер: қуаныш, бөлісу, дос, дұшпан Михаил Литвак

Егер адамдар өздері туралы жақсы нәрсе айта алмаса, бөтен біреулер туралы жаман нәрсе айтады.

Ілмектер: адам, сөз, айту, жақсы, жаман Михаил Литвак

Ешкім ешкімді тастамайды. Тек мықтылар алға қарай кетіп қалады. Ал артта қалып қойған әлсіздер, өздерін тастап кетті деп ойлайды.

Ілмектер: тастау, қалу, әлсіз, мықты Михаил Литвак

Ақылы жоқ адаммен араласқанша, жақсы кітап оқыған мың артық.

Ілмектер: ақыл, ақылсыз, адам, кітап Михаил Литвак

Адамдар өз-өздерін депрессияға ұшыраған кезде ойлайды.

Ілмектер: адам, депрессия, ойлау Михаил Литвак







nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)