Өлең, жыр, ақындар

Освальд Шпенглер

Освальд Шпенглер (1880–1936) — неміс философы. XX ғасырдағы аса атышулы философиялық концепциялардың бірінің авторы. «Европаның күйреуі» (1918–1922), «Торығу» («Пессимизм») (1921), «Адам жəне техника» (1931) жəне басқа дүниелер жазған. Алғашқы шығарма қазіргі батыстық дүниетанымға айырықша ықпал еткен деп есептеледі.


Нақыл сөздері

Айырмашылық — ілімнің мəңгілігі мен өтпелілігінде тұрған жоқ, сол ілімнің біршама уақыт өміршеңдік таныта ала ма, əлде өлі туған ба — мəселе сонда жатыр.

Ілмектер: Айырмашылық, ілім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, уақыт Освальд Шпенглер

Өнер туындысының да жаны болады.

Ілмектер: өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Өнер туындысы дегеніміз — əлдебір шексіздік: оған бүкіл əлем сиып кетеді.

Ілмектер: өнер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, шексіздік, әлем Освальд Шпенглер

Табиғатты ғылыми тұрғыдан түсіндіру керек, ал тарихты түсіндіру үшін поэтикалық творчество қажет.

Ілмектер: табиғат, ғылым, тарих, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Қарабайыр Мəскеу патшалығы — қазір де орыс рухына өзгеше сай келетін жалғыз форма.

Ілмектер: орыс, рух, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Бытыра мен кітап басу — бір текті құбылыстар.

Ілмектер: кітап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, құбылыс Освальд Шпенглер

Ескі жəне жаңа білімнің кереғарлығы пікір əлемінде тек салыстырмалы түрде ғана дұрыстық қалдыруға апарып соғады.

Ілмектер: білім, пікір, әлем, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Табиғатты тануды — үйренуге болады: ал тарихтың білгірі болып — туу керек.

Ілмектер: табиғат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тарих Освальд Шпенглер

Танымда арман мен түс араласып келіп отырады.

Ілмектер: таным, арман, түс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Теңеу: құстың самғау перспективасын көлбақаның секіру перспективасына алмастырған екен.

Ілмектер: теңеу, құс, нақыл, афоризм, нақыл сөздер, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Алғашқы қауымдық құрылыс адамы дегеніміз — адасқан жануар, тіршілігі өмір арқылы жол тауып, танылып келе жатқан жан иесі.

Ілмектер: қауым, құрылыс, жануар, тіршілік, өмір, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Діндегі негізгі сезімдер — өшпенділік пен сүйіспеншілік емес, қорқыныш пен сүйіспеншілік

Ілмектер: қорқыныш, сүйіспеншілік, дін, нақыл, афоризм, сезім, өшпенділік, сүйіспеншілік Освальд Шпенглер

Жалпы адамзаттық этика жоқ.

Ілмектер: этика, адамзат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Таңдауға келгенде ешкім де еркін емес.

Ілмектер: еркін, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Ой жоқ жерде жүйе жасаудан жеңіл ештеңе жоқ.

Ілмектер: ой, жеңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Алдында дін болмағанда жаратылыстану да болмаған болар еді.

Ілмектер: дін, жаратылыстану, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Мəңгілік ақиқат болмайды.

Ілмектер: Мəңгілік, ақиқат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Өшпенділік пен қорқыныштың арасында — уақыт пен кеңістіктің, қан мен көздің ырғақ пен кернеудің, ерлік пен əулиеліктің араларындай айырмашылық бар.

Ілмектер: Өшпенділік, қорқыныш, уақыт, кеңістік, қан, көз, кернеу, ерлік, әулиелік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Артқа жалтақтап, өлшемді өткеннен іздеудің қажеті жоқ. Оны əлдебір жүйеден іздеп табуға тырысу — одан да өткен қателік.

Ілмектер: қателік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Біздің тарихымыз — ұлы іліктер тарихы.

Ілмектер: тарих, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Қарап көріңіз