Нақыл сөздері

Тұлпардан тұлпар туады,
Сұңқардан сұңқар туады,
Асылдан асыл туады,
Жалқаудан масыл туады,
Масылдан малықпас туады,
Тілазардан қалжақпас туады,
Таздан жарғақпас туады,
Сараңнан бермес туады,
Соқырдан көрмес туады,
Мылжыңнан езбе туады,
Қыдырмадан кезбе туады.

Ілмектер: жалқау, тілазар, мылжың Майқы би

Көзі қысық, тісі қисық жаудан гөрі, көзі шегір, өзі жемір жаудан ұрпағым көп қорлық көретін болады

Ілмектер: жау, ұрпақ Майқы би

Хан қарашасыз болмас,
Дау арашасыз болмас.

Ілмектер: хан, дау, араша Майқы би

Хан – халықтың қазығы,
Қараша – ханның азығы.

Ілмектер: хан, халық, азық Майқы би

Хан өздігінен өлім жазасын қолданбасын.
Өлім жазасын шешетін халықтың өзі болсын.

Ілмектер: хан, өлім Майқы би

Ордаңды жұмған жұдырықтай берік ұстасаң,
Халық ешқайда қашпайды.

Ілмектер: халық Майқы би

Хан борышы – жорықта ту көтеру.
Сарбаз борышы – туға еріп жан беру.

Ілмектер: борыш, хан, сарбаз, ту Майқы би

Халқыңды билеместен бұрын, өз ордаңды билеп ал.

Ілмектер: халық, орда, билік Майқы би

Дауыл болмай жауын болмас,
Даулы болған қауым болмас.
Егіз ешкі сауын болмас,
Екі жалқау ауыл болмас.

Ілмектер: дауыл, жауын, жалқау Майқы би

Хан - халықтың қазығы.

Ілмектер: хан, халық Майқы би

Аспан ашық болса,
Күн шуақты болады.
Хан әділ болса,
Халық ынтымақты болады.

Ілмектер: күн, әділ, әділдік, ынтымақ Майқы би

Ақиық қыран қартайса,
Жас жағалтайдан тепкі жейді.

Ілмектер: қарттық, қартаю, жас, жастық шақ Майқы би

Жаман еркек жар қадірін білмес,
Жайсыз әйел ер қадірін білмес.
Жалқау адам тер қадірін білмес,
Жетесіз жігіт ел қадірін білмес.

Ілмектер: жаман, ер, әйел, адам, ел, қадір Майқы би

Жетесіз жігіт - ел қадірін білмес, некесіз әйел - ер қадірін білмес.

Ілмектер: жігіт, қадір, әйел, ер, неке Майқы би

Жаман әйел ер қадірін білмес.

Ілмектер: жаман, әйел, ер, қадір Майқы би

Таста тамыр жоқ, ханда бауыр жоқ.

Ілмектер: тас, тамыр, бауыр, хан Майқы би

Уәзіріне сырын алдырған хан - қақпанға түскен аң.

Ілмектер: уәзір, хан, қақпан, сыр, аң Майқы би

Асылдан - асыл туады, жалқаудан - масыл туады.
Мылжыңнан - езбе туады, қыдырмадан - кезбе туады.

Ілмектер: өсиет, асыл, бала, жалқау, мылжың, қыдырман Майқы би

Естіге айтқан ақыл сөз - шыңға тіккен тумен тең,
Ессізге айтқан ақыл сөз - құмға сіңген сумен тең.

Ілмектер: ақыл, сөз, су, құм, ту Майқы би

Сараң үйге - кісің түспесін, парақор биге - ісің түспесін.

Ілмектер: сараң, парақор, іс, үй Майқы би

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)