Құтып

Құтып (?-1341) - ойшыл, ақын. Шын аты белгісіз. Ақ Ордада өмір сүрген. Азербайжанның ұлы ақыны Низамидің әйгілі «Хұсрау мен Шырын» поэмасын қыпшақ тіліне аударған. Бұл - дүниежүзілік әдебиеттің алтын қорына енген шығарманың қыпшақ тіліне тұңғыш тәржімалануы еді.


Нақыл сөздері

Су өзінің өрт сөндіре алатынын білмейді.

Ілмектер: су, нақыл, афоризм Құтып

Шам маймен жанады: көп май құйсаң өшіп қалады.

Ілмектер: май, шам, артық, нақыл, афоризм Құтып

Ішер судың да шамасы бар: артық - зиян.

Ілмектер: су, зиян, денсаулық, артық, нақыл, афоризм Құтып

Біліктіні білгені үшін сыйлайды.

Ілмектер: біліктілік, сый, нақыл, афоризм Құтып

Кілеміңе қарай көсіл.

Ілмектер: нақыл, кілем, афоризм Құтып

Біреудің бойынан кемшілік іздеме - өнер ізде.

Ілмектер: өнер, нақыл, афоризм Құтып

Асығыстық - ақылдының ісі емес.

Ілмектер: асығыстық, ақыл Құтып

Ақырын жүрген алысқа барады.

Ілмектер: ақырын, алыс, тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым Құтып

Төзімді тілегіне жетеді.

Ілмектер: төзімділік, шыдамдылық Құтып

Гауһар жоғалмасын десең - сенімсізге сеніп тапсырма.

Ілмектер: сенім, өсиет Құтып

Аңғарғыш аңшы ауын алыстан тастайды.

Ілмектер: аңшы, сақтық Құтып

Малы көптің - қайғысы да көп.

Ілмектер: мал, қайғы Құтып

Гүлді көргенде бұлбұлдың өзі-ақ сайрай жөнелер.

Ілмектер: гүл, бұлбұл, құс Құтып

Ұшудан қалған лашынның қарға төбесін теседі.

Ілмектер: лашын, қарға, құс, аң Құтып

Көгершін үйренген жеріне қонады.

Ілмектер: көгершін, аң, құс, жер Құтып

Ұшқан құсты қуып жете алмайсың.

Ілмектер: құс, қуу Құтып

Шаян ініне тышқан сыймас.

Ілмектер: шаян, тышқан, аң Құтып

Кірпіге қулық жараспайды.

Ілмектер: қулық, аң, кірпі Құтып

Қысылған жерде қоян да арыстанның ісін істейді.

Ілмектер: қоян, арыстан, іс, аң Құтып

Пеш ысыса - нан күйер.

Ілмектер: пеш, нан Құтып


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)