Ғабит Мүсірепов

Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы (22 наурыз 1902 - 31 желтоқсан 1985) – қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері.
Ғабит Мүсірепов бүгінгі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаңа жол ауылында дүниеге келген.
Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат танып, жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіреді.
Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді.
Орынбордағы рабфакта оқып жүргенде ол әдеби білімін, эстетикалық сезімін одан сайын жетілдіре түседі. Осында өткізген 1923 – 26 жылы Орынбордағы жұмысшы факултетінде Сәбит Мұқановпен бірге оқыды дәне Сәкен Сейфуллинмен танысты.
1927 жылы Омбы ауылшаруашылығы интернатын бітірді;
1927 – 28 жылы Бурабай орман шарушылық техникумында оқытушы;
1928 – 32 жылдары Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы;
1933 жылы - Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі;
1934 жылдан “Қазақ әдебиеті” және “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) (1935) газеттерінде бас редактор;
1936 жылы - Қазақ Өлкелік комитетінде баспасөз бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
1937 жылдан Қазақстан Компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі;
1938 – 55 жылдары бірыңғай шығармашылық жұмыстармен айналысқан;
1956 – 57 жылы “Ара – Шмель” журналының бас редакторы;
1956 – 61 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы;
1958 жылдан КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және архитектура салалары бойынша Лениндік және Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комитеттің мүшесі;
1964 – 66 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы;
1959 – 85 жылдары КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.


Туындылары Нақыл сөздері

Данышпандықты танып, білген де - данышпан.

Ілмектер: данышпан, данышпандық, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Үлкен өнердің - үлкен, таза мінезі болуға керек.

Ілмектер: өнер, мінез, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Есті сөзді естігісі келмеген адам – саңырауға тең.

Ілмектер: естілік, нақыл, афоризм Ғабит Мүсірепов

Әйелдің естілігі жеңсе - сұлулығы да арта түседі.

Ілмектер: әйел, естілік, сұлулық Ғабит Мүсірепов

Шала білім, шалағай мәдениет бір құлатпай қоймайды.

Ілмектер: білім, мәдениет Ғабит Мүсірепов

Тек жамандық пен жәбірді жинай берген адам жазушы бола алмайды.

Ілмектер: жамандық, жазушы Ғабит Мүсірепов

Ақын – қыран: қияға да қонады, ақын – адам: далаға да қонады.

Ілмектер: ақын, адам Ғабит Мүсірепов

Жаманның аузына жұртта қалған сөз түседі.

Ілмектер: жаман, сөз, жұрт Ғабит Мүсірепов

Өлең өндірісін қойып, шын мәнінде поэзия жаз дер едім.

Ілмектер: өлең, поэзия Ғабит Мүсірепов

Көркем сөздің сұлулығы: сағымдай құлпырмасын, өзендей толқысын!

Ілмектер: сөз, көркем сөз Ғабит Мүсірепов

Соқыр көретіндей, саңырау еститіндей етіп жаз.

Ілмектер: жазу, әдебиет, соқыр Ғабит Мүсірепов

Көзбен де қамшылауға болады.

Ілмектер: көз Ғабит Мүсірепов

Ақын жүрегіне кек тұрмайды. Кек тұрса, қақ тұрғаны. Қақ тұрған жүрек – тот басқан асыл. Енді одан берекелі үн шықпайды.

Ілмектер: ақын, кек Ғабит Мүсірепов

Ақын жаны оңай жараланады, оңай жазылады.

Ілмектер: ақын Ғабит Мүсірепов

Қызық емес пе, көзіңе көрінбейтін, қолға ұстауға келмейтін ән мен өлең ғасырлар бойы ел ойында қордалана беріпті, оята беріпті, сергіте беріпті.

Ілмектер: ән, өлең, ғасыр Ғабит Мүсірепов

Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер.

Ілмектер: театр, өнер Ғабит Мүсірепов

Талантқа қанат болар сезім емес, сенім болуы керек.

Ілмектер: талант, сезім, сенім Ғабит Мүсірепов

Көз көргенді ой таниды.

Ілмектер: көз, ой Ғабит Мүсірепов

Көркем әдебиет деген – ең әуелі жанды сөз, тек қана сыртқы емес, ішкі сөз. Адам жанын қозғай алар құдірет болмаса, төрт аяғын тең басқан өлеңнен де, сағымдай құлпырған қара сөзден де пайда жоқ.

Ілмектер: көркем әдебиет, сөз Ғабит Мүсірепов

Сөз қасиеті – көркемдігінде, ой қасиеті – шындығында.

Ілмектер: сөз, ой Ғабит Мүсірепов

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)