Бауыржан Момышұлы

Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.

Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Ақкөңіл деген нәрсенің екі түрі бар: аңғал ақкөңіл, ақылды ақкөңіл.

Ілмектер: ақкөңіл, аңғал, ақылды Бауыржан Момышұлы

Мақтау қауіпті нәрсе. Мақтаудың екі түрі бар: біріншісі – қара ниетті мақтау, екіншісі – ақ ниетті мақтау.

Ілмектер: мақтау, ниет, қара, ақ Бауыржан Момышұлы

Ерте заманда қазақ ішінде қылмыс жасаған әйел заты үшін жазаның ең үлкені – оның бұрымын кесу болған екен. Совет өкіметі орнағалы бері әйелдер өзін-өзі жазалап келе жатыр.

Ілмектер: әйел, қазақ Бауыржан Момышұлы

Әйелдің сайқалы бірді ғана арбайды, әдебиет сайқалының мыңға зияны тиеді.

Ілмектер: әйел, әдебиет Бауыржан Момышұлы

Біздің нақты болмысымыз – шындық.

Ілмектер: болмыс, шындық Бауыржан Момышұлы

Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.

Ілмектер: жау, өмір Бауыржан Момышұлы

Біздің жерімізде еркек – діңгек, әйел – гүл. Діңгек – жапырақсыз, гүлсіз, қазақша айтқанда “қу бас” деген сөз. Әйел – құнарлы топырақ, онда адамзат дәні өсіп, жетіледі. Біз сол дәннің жемісіміз. Әйелсіз адамзат “жемісі” ешқашан да болмайды.

Ілмектер: әйел, еркек Бауыржан Момышұлы

Ердің туы – намыс

Ілмектер: ер, намыс Бауыржан Момышұлы

Соғыстың заңы – өте қатал заң.

Ілмектер: соғыс Бауыржан Момышұлы

Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады.

Ілмектер: үміт Бауыржан Момышұлы

Шындық – суреткердің ұлы міндеті.

Ілмектер: шындық, міндет Бауыржан Момышұлы

Намысты нанға сатпа.

Ілмектер: намыс, нан Бауыржан Момышұлы

Опасызда Отан жоқ. Отанда опасызға орын жоқ.

Ілмектер: Отан, опасыз Бауыржан Момышұлы

Кейбір ұл-қыздарымыздың ана тілімізді білмеуі, не шала білуі мені қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата-ана кінәлі.

Ілмектер: ана тілі, ата-ана Бауыржан Момышұлы

Өтірік – барып тұрған зиянды у

Ілмектер: өтірік Бауыржан Момышұлы

Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық.

Ілмектер: өтірік, шындық Бауыржан Момышұлы

Өзің білмейтін адамдардың сыртынан ғайбат сөйлеп,обалына қалма.

Ілмектер: ғайбат, обал, танымау Бауыржан Момышұлы

Пышақтың жүзі өтпесе, сабы қанша жақсы болғанмен, түкке жарамайды. Алдымен жүзі өткір болуы керек.

Ілмектер: Пышақ, өткір, жарау Бауыржан Момышұлы

Ақыл да ойлағанды ұнатады. Ойланып-толғанған адамға ғана ақыл дұрыс жол көрсетеді.

Ілмектер: ақыл, дұрыс, жол Бауыржан Момышұлы

Ақымақ кісіні мақтасаң, ақылынан айырылады. Ақылды кісіні мақтасаң – көп ойланады.

Ілмектер: ақымақ, ақылды, мақтау Бауыржан Момышұлы


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)