Өлең, жыр, ақындар

Бауыржан Момышұлы

Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.

Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Ойлау дегеніміз — алған әсерді біртіндеп ендей отырып, объективті шындықты бейнелейтін танымның жоғарғы сатысы.

Ілмектер: ой, таным, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Жасық жан ержүрек бола алмайды. Ол жанқиярлық ерлік жасауға да қабілетсіз.

Ілмектер: ержүрек, жасық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ерлік Бауыржан Момышұлы

Қанатты сөздің қарапайым сөзден айырмасын сергек құлақ, алғыр ой ажыратады.

Ілмектер: қанатты сөз, құлақ, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Батырға Сырдың суы сирағынан келмейді, қорқаққа батпақ та кедергі, шалшық та бөгет.

Ілмектер: батыр, қорқақ, батпақ, бөгет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Әркім әр жағдайда өледі, ақымақ та, ақылды да өледі. Бірақ, қалай өлу басқаша.

Ілмектер: ақымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақылды, өлім Бауыржан Момышұлы

Қырағының өзі де, көзі де батыр.

Ілмектер: батыр, көз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Жанын аяған — тәніне жау.

Ілмектер: жан, тән, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жау Бауыржан Момышұлы

Өзін аяған — дұшпанға дос.

Ілмектер: дұшпан, дос, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Жауынгерлік борышты өтеу – жеңіспен бірдей.

Ілмектер: Жауынгер, борыш, жеңіс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Кішіпейілділік — адамгершілік көркі.

Ілмектер: Кішіпейілділік, адамгершілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Өсер елдің баласы әкеден де асып түсер.

Ілмектер: ел, бала, әке, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Жеңіс шайқасқа дейін шыңдалады.

Ілмектер: Жеңіс, шайқас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Хас батыр ұрпағы бардың өлсе де арманы жоқ.

Ілмектер: батыр, ұрпақ, арман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет етуден аянба.

Ілмектер: тер, жер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қызмет, қан Бауыржан Момышұлы

Әрбір бұйрықтың орындалуы – бұлжымас шарт.

Ілмектер: бұйрық, шарт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ашуыңа ақылыңды жеңдірме, өз сабаңнан шығып кетпе.

Ілмектер: ашу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Алтын басты болсаң да, ардан артық емессің.

Ілмектер: алтын, ар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Адамның көтеріңкі көңіл-күйі — ұрыста ең айбарлы қару.

Ілмектер: адам, көңіл-күй, ұрыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Халықтың ізгі дәстүрі — біздің ең асыл мұрамыз.

Ілмектер: халық, дәстүр, мұра, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Әрқашан әскери ар-намысыңды сақта, солдаттық борышыңа адал бол.

Ілмектер: әскер, намыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, солдат, борыш Бауыржан Момышұлы

Қарап көріңіз