Қашаған Күржіманұлы

Қашаған Күржіманұлы (1841, Түрікменстан, Ташховуз облысы Мырзабасы ауылында – 1929, Маңғыстау облысының, Құлат ауылы Қырықкезде жерленді) – ақын. Әкеден жастайынан жетім қалып, 15 – 16 жасында ағасы Сәрсенбай үйімен Атырауға келеді. 16 – 17 жасынан ақын атанған. Ол Маңғыстау, Хорезм аймағы, Еділ, Жайық, Жем, Сағыз елді- мекендерде болып, ақын-күйшілермен (Ақтан, Мұрат, Бала Ораз, Қоспақ, Құрманғазы, Нұрым, Өмір, Ығылман) кездесті. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін шығармалары ел арасына ауызша тараған.


Нақыл сөздері

Әділ айтсам — Аллам дос, әзіл айтсам — шайтан хош.

Ілмектер: әділдік, дос, Алла, шайтан, әзіл Қашаған Күржіманұлы

Мың қарғаға — бір кесек.

Ілмектер: қарға, жауап Қашаған Күржіманұлы

Пілдің тірі бәсі де — мың ділдә,
Өлсе, тері бәсе де — мың ділдә.

Ілмектер: Піл, ділдә, тері Қашаған Күржіманұлы

Бүкіл торғай өртенер бір зәредей жасыннан.

Ілмектер: торғай, өрт, жас Қашаған Күржіманұлы

Ит аулақта доңыз шығар төбеге.

Ілмектер: ит, доңыз, төбе Қашаған Күржіманұлы

Аш кісінің ары жоқ.

Ілмектер: ар, нақыл сөздер Қашаған Күржіманұлы

Сайттан іздеу

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)