Өлең, жыр, ақындар

Логика

Жезқазған қаласы, «Балалар мен жасөспірімдер сарайы» КМҚК

«Болашақ» аула клубының қосымша білім беру ұстазы

Сураганова Бейсенкүл Назировна

 

Сабақтың тақырыбы: Логика

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі:  Жарыс түрінде

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік.Өткен тақырыпты жинақтап,ртүйіндеп,жаңа тақырыппен таныстыру.

2.Тәрбиелік:Ұлттық салт-дәстүрег тәрбиелеу.

3.Дамытушылық:Шығармашылық жұмыс істеуге тез ойлануға дағдыландыру,жетістігін бағалай білуге,қарым-қатынасты күшейтуге үйрету.

Көрнекілігі: Бәйгенің атаулары мен ұрандары, асық ,қоржын, таратпа жұмыстары, сөзжұмбақ,  сызбалар, ши.

Пән аралық байланыс: қазақ тілі, сызу, тарих, геометрия.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар екі топқа бөлу.Топқа ат беру. «Білімділер», «Алғырлар»

Сәлеметсіздерме балалар! Бүгінгі сабағымыз жарыс сабақ түрінде өтеді. Қане кім айтады қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер? «Қыз қуу»,  «Теңге алу»,  «Бәйге»,  «Көкпар»,  «Ақ сүйек», «Алтыбақан», «Арқан тарту» т.с.с. Өте дұрыс балалар. Онда олай болса сол ойындарды ойнаймыз.  Қане өткен тарауымызды еске түсірейік. Кім айтады қанекей?

1.Қыз қуу.

Ұраны: «Шапқан озар, жатқан қалар»

Ойынның шарты: Екі топ өткен жиын тақырыбына білгендерін айтып, оның бірігуіне мысалдар келтіреді.

Жаңа сабақты оқытып үйрету.Логика туралы жалпы түсінік беріп,бір-екі мысал келтіріп өту.

Мысалы:№1

1000 санын бір түрлі сегіз сан арқылы өрнектей аласыңдар ма?

Жауабы:888+88+8+8+8=1000

Бірдей үш санды пайдаланып 24-ті өрнекте. 8+8+8=24   22+2=24

 

 

№2

Мына ребусты шеш: Бірдей әріптердің орнында бірдей сандар, әртүрлі әріптерге әртүрлі сандар сәйкес келеді.

 

       Г Г Г Г                               Жауабы: 2 2 2 2

         Г Г Г                                                  2 2 2

          А А А А                                         4 4 4 4

      А А А А                                            4 4 4 4

   А А А А                                             4 4 4 4

 А Б В Г Д А                                     4 9 3 2 8 4

Ал қанекей балалар жалпы логика туралы түсінік алсақ бәйгемізді жалғастыра берейік.

2.Арқан тартыс.

Ұраны: «Асу бермес  асқар жоқ»

Ойынның шарты:Екі топқа шимен шығару үшін тапсырмалар беріледі екі топқа жіп ілінеді.Орындарында берілген тапсырманы шығарып болған бетте сол топтың оқушысы дұрыс есепті тақтаға жазады,жазып біткен бала жіпке жалауша іледі. Қай топта жалауша көп болса сол жеңіске жетеді.

3.Тал отырғызу.

Ұраны:    «Әдепсіз өскен баладан,

                  Тәртіппен өскен, тал жақсы»

Ойынның шарты: Екі топтан екі оқушы шығып қоржыннан асық алып шығарады да қалташадан сол асықтың санына сәйкес таратпа жұмысын алып орындайды.Кім бірінші орындаса сол топ жеңіске жетеді.

№1

Қанша кісі?

Атам,әжем,ағаммен

Әкем,інім және мен

Анам және енесі мен атасы

Енесінің бөлесі-

Отыр едік шай ішіп

Жеңгем кірді майысып

Арқасында кіші інім

Саны қанша айта ғой

Үйдегі бар кісінің?

Жауабы: 10 кісі

№2

Біздің үйде көжек көп

Іштерінде өжет көп≥

Әсіресе бес көжек

Маған нағыз дос көжек

Қолымнан кеп жем жейді

Басқалары келмейді

Бес көжекке достасқан

Сәбіз бердім қос-қостан

4 сәбізім соңында

Қалып қойды қолымда

Сәбізімді әуелгі

Санап берші ал енді.

Жауабы: 14 сәбіз

№3                                                                №4

Шығармақ боп неше есеп                Бір топ бала тоғаннан

Жиналғанды бес есек                       Он бес балық ұстады

Үшеуі ұйықтап отырды                    Бөліскенде оларды үшеуден

Ынталысы неше есек                        Неше бала сен тапшы

                             Жауабы: 2                                                    Жауабы: 5

Қанекей балалар арасында құрбымыздың «Ғажап өнерін» тамашалайық.Қалам дәптерлеріңді сайлап менің айтқанымды орындап отырыңдар.

Ғажап менің өнерім

Ойыңды айтып беремін

Бір сан жасыр менен

1 және 3-ті қос енді оған

Жұмбақ санды әуелгі

Қосындыдан ал енді

Шыққан санға 1-ді қос

Бес шықты ғой,

Білдім дос.

4.Келесі сайысымыз «Бәйге»

Ұраны: «Жеті жұрттың тілін біл,

                 Жеті түрлі білім біл»

Ойынның шарты: «7» саны киелі сан.Осы санға байланысты ұғымдарды ата. Қай топ көп атаса сол жеңіске жетеді.

1. Жеті қазына; 2. Жеті керемет; 3. Жұт жеті ағайынды; 4. .Жеті күн; 5. Жеті жарға;  6. Жеті жоқ;  7. Жеті ата;  8. Жеті басты жалмауыз;  9. Жеті тиын садақа; 10. Жеті қарақшыны таныған; 11. Жеті қат көк, жеті қат жер асты; 12. Ит жеті қазынаның бірі; т.с.с.

Қане балалар  «Жеті қазына»-дедік.Не екенін кім біледі? 1. Ер жігіт; 2. Сұлу әйел; 3 .Ақыл,білім;  4.Жүйрік ат. 5. Қыран бүркіт. 6. .Берен мылтық, 7.Ит (жүйрік тазы).

«Жеті жоқты» білесіңдерме? 1.Жерде өлшеуіш жоқ.

2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Тасбақада талақ жоқ. 4. Аллада бауыр жоқ.

 5. Жылқыда өт жоқ. 6. Таста тамыр жоқ. 7. Құста сүт жоқ.

Ал жеті аталарыңды білесіңдерме? Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

5.Келесі жарысымыз. «Жамбы ату»

Ұраны: «Өнер ағып тұрған бұлақ,білім жанып тұрған     шырақ»                       

Ойынның шарты: тақтадағы тор көз бен дөңгелекшелерге тиісті сандарды қойып берілген шартты дұрыс орындау. Қай топ бірінші орындаса сол топ жеңіске жетеді.

6.Келесі жарысымыз: «Той тарқар».

Ұраны: «Білімнің басы бейнет, соңы зейнет»

Сөзжұмбақ шешу.Мына сөзжұмбақты дұрыс шешсек ерекшеленген бағаннан бүгінгі сабақтың тақырыбын оқимыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Ешкінің төлі                       (лақ)

2.Екі бестің қосындысы       (он)

3.Біз қандай елміз                 (егемен)

4.Тәуелсіздікке неше жыл   (жиырма бес)

5.Ең нашар баға                    (екі)

6.Төрт амалдың бірі             (азайту)

Сабақтың соңында әр ұлттық ойын бойынша топтарға орын беріліп оқушылардың еңбегі аталып өтіледі.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз