Өлең, жыр, ақындар

Аспаптар айтысы

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы

"Бөбек" бөбекжайының

музыка жетекшісі: Жаньярова Гульдана Ериковна

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы

Өткізілетін күні: 03.11.2014жыл.

Музыка жетекшісі:Жаньярова Гүлдана Ерікқызы

Білім беру саласы:«Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Музыка»

Тобы: ІІ кіші топ «Балдырған»

Тақырыбы: «Аспаптар айтысы»

Мақсат-міндеттері:

  • Музыкалық аспаптар мен шулы аспаптарды ажыраттыру,аспаптардың ерекше бір құдіреттілігін айту
  • Аспаптарда  ойналған әуеннің адамға берер әсері қандай, мағынасын түсіндіре білу.
  • Балаларға аспаптарды ажырата білгізіп,домбыраға деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу

Көрнекіліктер:аспаптар,үнтаспа

Билингвалдық компонент:музыкалық аспап-музыкальный инструмент

 Іс-әрекет кезеңдері

             Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

              Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

 «Қара жорға»әуенімен балалар залға кіріп, билеп орындарына тұрады. Үш тілде амандасу.

-Сендерді көргеніме өте қуаныштымын! Бүгіңгі көңіл күйлерің қалай? Жарайсыңдар, балалар! Ал мен сендерге бір керемет ел туралы айтайын, сонау иір-иір жолдардың, қиыр-қиыр жерлердің аржағында «Аспаптар елі» бар екен, таудан асып, теңізді жүзіп өткеннен кейін ғана ол ел көрінеді. Анда көптеген көңілді шулы және музыкалық аспаптар бар екен, үрмелі, ұрмалы және ішекті аспаптар бар екен. Мен ол елге сендерді алып барып көп аспаптармен таныстырғым келіп тұр, сендер менімен бірге барасыңдарма? Бірақ жолда кедергілер болу мүмкін, біз олардан қорықпаймыз, өйткені біз батылмыз солайма, балалар? Ол жақта күн жарқырап гүлдер жайнап жаз болып тұр екен.

Ендеше аттанайық.

(Жолда тастан балалар аттап өтеді, суды баспай өтеді, үлкен суға кездеседі, кемеге отырып, зәкірді көтереді)

Балалар залға саппен кіреді.

- Сәлеметсізбе!

- Здравствуйте!

- Гудмонинг!

 

Тамаша!

 

Иә,барамыз.

Иә,біз қорықпаймыз.

Тастан өтеді, суды баспай өтеді, кемеге отырады.

Іздену ұйымдастырушы

Балалар зәкірді түсіріп, кемеден түсіп орындарына жайғасады. Бір дыбыстар шығады. -Балалар бұл ненің дыбысы? Естіп тұрсыңдарма? Әуен деп айтайын десем әуенгеде ұқсамайды. Бұл дыбыстар сендерге ұнап тұрма? Ал, маған ұнамай тұр. Түсінбей тұрғаным. Кәне, тақтаға назар аударайықшы. (Аспаптардың айтысы көрсетіледі) -Балалар сендер түсіндіңдерме не болып жатқанын? Ал, енді түсіндім, әр ұлттың аспаптары мен мықтымын деп айтысып жатыр екенғо. Біздер мында босқа келмеппіз, аспаптарды татуластырайық. Сендер қалай ойлайсыңдар, ең мықты аспап қай аспап? Ендеше қай аспап мықты екенін көрейік.

Түсіндіру:

Қазақтың ұлттық аспаптары; домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз, дабыл, даңғыра, үскірік.

Орыс ұлтының аспаптары; балалайка, ағаш қасық, гармошка, қоңырау, скрипка, гусли.

Өзбек ұлтының аспаптарымен танысайық; дойра, руба, най, сато, дутор.

Грузин ұлтының аспаптары; пандури, саламури, дуки. Балалар  мен ойлаймын аспаптардың барлығы керемет, барлығыда мықты аспаптарға жатады, өйткені әр аспаптың өзінше әдемі үні бар.

Музыкалық аспаптар екі түрге бөлінеді; шулы және музыкалық, неге екенін түсіндірейін.

Музыка тыңдау: Домбыра аспабында «Еркемай» әнін тыңдайды. Кселофонда «Елочка» әуені орындалады, баянда ми-мэ-муу дауыс жаттықтырады. Әртүрлі дыбыстар бар екенін айтып музыкалық аспаптарға жататынын айту. Ал қоңырау, сылдырмақ, барабан тек бір дыбыс береді олар шулы аспаптарға жатады. (баспалдақпен теңеу) болып келеді. Тақтаға назар аударайық. (Балаларға түсіндіру:

Аспаптармен ойнау: Енді аспаптарымыз татулассын деп, аспаптар биін билеп жіберейік. Мына жерге әр ұлттың өкілдері келіп отыр екен, кәне қарсалайық; қазақ ұлты өкілдері, орыс ұлты өкілдері, өзбек ұлты өкілдері, грузин ұлты  өкілдері) Аспаптар үлестіріп, шеңберде билету) Ой, рахмет балалар, аспаптар шынымен қуанып, барлығының үні, дыбысы әдемі екенін біліп татуласты. Орындарына жайғаса қойыңдар. Бізде топта тағы басқа да балаларымыз құр қол келмепті, олар өткен оқу іс-әрекетте тамаша аспаптар жасады. Кәне келе қойыңдар, Айдар, Таир, Богдан, Ангелина, өз аспаптарыңды ала қойыңдар. Балалар қандай аспаптар жасағанын айтады.

Би билеу: «Сылдырмақтар»

 

Ән үйрену:«Домбыра» Балалар аспаптар еліне келген соң ән айтпай кете алмаймыз. Қазақтың ұлттық аспабы «Домбыра» әнін үйренейік. Сендерге арнап осы әнін өңдеген және сөзін жазған Жаньярова Гүлдана Ерікқызы.

1. Біз кішкене бөбектерміз

   Асыр салып ойнаймыз

   Домбыраны қолға алып

   Ән саламыз билейміз

Қ-сы: Домбыра, домбыра

           Екі ішекті домбыра

           Домбыра, домбыра

           Кәне, кәне сыңғырла.

2. Қандай әсем домбырамыз

   Мақтан тұтып жүрейік

   Киелі аспап екенін біз

   Бәрімізде білейік.

Балаларға ән не туралы айтылғанын сұрау және түсіндіру, тақтадағы домбыра аспабы жарда және төрде ілініп тұрғанын көрсетіп түсіндіру.

Балаларға бір жолдан үйрету.

Балалар таңырқап дыбыстарды ұйып тыңдайды.

 

Ұнайды, ұнамайды

 

Аспаптар айтысып жатыр

 

 

Домбыра, саламури, дойра, ағаш қасық

 

Балалар тақтаға қарап назар аударады.

 

Балалар музыка тыңдайды және оларды ажыратып айтады.

 

Балалар музыка жетекшісін тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар шеңберге тұрып аспаптармен би билейді.

 

 

 

 

Қалған балалар өздері қолдан жасаған аспаптарын алып таныстырады.

 

Сылдырмақ, қоңырау, трещетка, погремушка деп айтады.

Оларды баклашка,ілгек,қағаздан,соктың ыдысынан жасағандарын айтады.

 

«Сылдырмақ» биін билейді

 

 

 

Балалар әнмен танысып бір жолдан қайталап үйренеді.

 

 

 

 

 

Ән не туралы айтылғанын айтады. Бір жолдан үйренеді.

Рефлексивті коррекциялаушы

Ойын: «Домбыра»

Балаларға ойын шартын түсіндіру. Балалар шеңберге тұрады, бір бала шеңбер ортасында айналып домбыра тартады, ал қалған балалар әндетеді.

Домбыраның құлағын мәнерімен бұрайық

Ал кәнекей достарым келіңдер ән салайық.-деген кезде ортадағы бала екі баланың қасына жақындап тұрады, сол балалар шеңбер сыртынан жүгіріп кім бірінші домбыраны ұстап алады, сол шеңбер ортасында домбыра тартады.

Балалар енді кемемізге отырып елімізге қайтайық. Біздің кеме тек мұхитта жүзіп қана қоймай сонымен қатар ол сиқырлы кеме, ұшуда біледі, сендер көздеріңді жұмсаңдар залымызға келеміз.1, 2, 3 Көзімізді жұмайық, 1, 2, 3, көзімізді ашайық.

Қорытынды сұрақтар қойып, оқу іс-әрекетке белсене араласқан баланы мадақтау. Біздер қайда бардық? Жолда қандай кедергілерден өттііңдер? Аспаптар еліне қандай көлікпен бардыңдар? Сендер ол елге барғанда аспаптар не істеп жатты? Шулы аспаптарды атаңдаршы? Музыкалық аспаптар? Қазақтың қандай аспаптарын білесіңдер? Өзбектің? Орыс ұлтының аспатарын атаңдаршы? Грузин аспаптарын? Қандай ән үйрендік? Бүгін барлығын тамаша қатысқандарың үшін рахмет,және сендерге бүгіңгі оқу іс-әрекеттен естелік домбыра. Балаларға тарату.

- Сау болыңдар балалар!

Балалар ойын шарты мен танысады. Мақсатына сай ойнайды.

 

Кемеге отырып көздерін жұмады және ашады.

 

 

 

Қорытынды сұрақтарға жауап береді.

 

- Сау болыңыз!

- Досвиданья!

- Гудбай!

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ Шулы және музыкалық аспаптарды ажыратады.

Қандай түсініктерді игерді: үрмелі, ұрмалы, ішекті деген мағыналарды игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойынның ойналу барысын меңгерді.


Пікірлер (2)

Жаухар

Өте керемет бірак өзіме керек тақырыпты таба алмадым

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз