Өлең, жыр, ақындар

0 саны мен цифры; 1 саны мен цифры

 Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату, түрткі болу

 

 

 

Балаларға Қызыл телпектің қонаққа келетінін хабарлау. Есік қағып Қызылтелпек келеді. Амандасады.

Қонақ келетініне қуанады. Қызылтелпектің келгеніне риза болып, төрге шақырады.

Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу

Қызылтелпек апасына бәліш пен көкөніс апара жатыр екен. Бірақ себетінде неше бәліш барын білмейді екен.

Сендерден көмек сұрай келіпті. Көмектесеміз бе?

1 тапсырма «Қанша болды»

Мақсаты: заттың санын анықтау

Барысы: Көжек себеттегі сәбіздерді полотноға қоя отырып санын анықтайды. 1 санымен таныстырады.

 

2 тапсырма

«Қанша қалды»

Мақсаты заттың санын анықтау.

Барысы: Қызылтелпек себеттегі бәліштерді полотноға қоя отырып санын анықтайды. 0 санымен таныстырады.

3 тапсырма.

«Тез орналастыр» Құрылыс тақтайшаларын жұқа тақтайды оң жаққа, қалың тақтайды сол жаққа орналастыру.

Сергіту сәті:

Тәрбиеші «Жуан-жіңішке» ойын жаттығуын ұсынады. Тапсырманы орындап, Қызылтелпекке көмектесетіндерін айтады. Балалардың назарларын полотноға аудартады. Тәрбиешінің көрсетуімен, сәбізді полотноға орналастырады. Мысалы: 2 бала тақтаға шығып: 1сәбіз 1 қияр, 1 орамжапырақ енді осы көкөністерді санмен белгілеп полотноға орналастырады. Барлығы 1 ге тең санап анықтайды. Бұл бір саны, Бір цифры құстың тұмсығына ұқсайтынын айтады. Тәрбиешінің көрсетуімен, бәліштерді полотноға орналастырады. Мысалы: 1 санының астына 1 бәліш орналастырады. Барлығы 2 бәліш екенін санап анықтайды. Апасына 2 бәлішті бергенде қанша қалатынын анықтайды. Ештеңе қалмайды, яғни нөл қалады. Нөлді ауада жазу, шеңберге ұқсайтынын айту. Алдарындағы құрылыс тақтайларын ретімен орналастырады. Жұқа тақтайды оң жаққа, қалың тақтайды сол жаққа орналастырады. Санын санау арқылы анықтайды. Тура және кері санайды. Тәрибеші «жуан ағаш» дегенде балалар қолдарын жанға созып, керіледі, «жіңішке ағаш» дегенде денелерін құшақтайды. Ойын 3-4 рет қайталанады.

Ауада жазу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Санын анықтату. Тура және кері санату.

 

 

 

 

 

 

 

1 санын ауада жазады.

 

 

 

 

 

 

 

Рефлекция – түзету жұмыстары

Қызылтелпек тапсырманы орындауға көмектескендері үшін қуанып, балалардың біліміне риза болады. Сыйлыққа жұлдызшалар сыйлайды. Балалармен қоштасады. Қызылтелпек көмектескендері үшін қуанады, сыйлық алғандарына риза болады. Қонақпен қоштасады.

 

 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

БІЛЕДІ:

0 ЖӘНЕ 1 САНЫНЫН ЖАСАЛУЫН БІЛЕДІ.

ЗАТТАРДЫҢ ЖҰҚАҚАЛЫҢДЫҒЫН АЖЫРАТА АЛАДЫ.

ТҮСІНІГІ БАР:

ЗАТТАРДЫҢ КӨЛЕМІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕРІ БАР.

ЗАТТЫҢ САНЫН 2 ТІЛДЕ АЙТЫЛУЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІГІ БАР.

ОРЫНДАЙ АЛАДЫ:

ЗАТТАРДЫ КӨЛЕМІНЕ ҚАРАЙ ҚАРАЙ АЖЫРАТЫПБЕТТЕСТІРУ АРҚЫЛЫ АНЫҚТАПТОПТАСТЫРА АЛАДЫ.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз