Өлең, жыр, ақындар

Тапқыр болсаң, тауып көр

Сабақтың тақырыбы: Тапқыр болсаң,тауып көр
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды шапшаңдыққа, білімділікке, тапқырлыққа баулу. Ой-өрісін ,ойлау қабілетін дамыту. 
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар 
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру 
Кіріспе сөз : Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін сыныпта «Тапқыр болсаң тауып көр» атты сайысымыз болады. Сайысқа қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз.
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады. 
І кезең «Көкпар» бұл ойынның шарты 10 сұрақ беріледі,сол сұрақтарға қол көтеріп тез жауап беру керек. Дұрыс жауап берген оқушыға 1 ұпайдан беріледі.
1. Қабанбай батырдың шын аты кім? (Ерасыл) 
2. Алып бала кім туралы әңгімеленген ? (Қажымұқан)
3. Қабанбайға жеңгелері еркелетіп қандай ат қойды? (Нар бала )
4. Бөгенбай батыр қандай өзеннің бойында дүниеге келді? (Бөген) 
5. Қазақ ханы кім? ( Абылай хан )
6. Атақты қазақ күйшісі кім? ( Құрманғазы )
7. Алфавитте қанша дыбыс қанша әріп бар? ( 40 дыбыс,42 әріп )
8. Барыс септігінің сұрақтары? ( кімге? неге? қайда? )
9. Абай Құнанбаеватың шын аты кім? (Ибраһим )
10. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (қатаң,ұяң,үнді)
 

II кезең.Тіл-өнер сайысы.
Бұл ойында мақалдардың жалғасын табу керек.Егерде дұрыс жауап бере алмаса ұпай саны есептелмейді.Бұл ойында да 10 мақал беріледі.

1. Өнер алды-бірлік,ырыс алды-........ (тірлік)
2. Ата-баланың ...... (қорғаны)
3. Көппен көрген-...... (ұлы той)
4. Талабы жоқ жас-...... (қанаты жоқ құс)
5. Ерінбеген елекпен ...... (су ішер)
6. Досы жоқ адам -...... (тұзы жоқ тағам)
7. Еңбексіз өмір-...... (сөнген көмір)
8. Еге білсең,егін...... (тасқа да бітеді)
9. Білекті бірді жығады ...... (білімді мыңды жығады)
10. Өнер алды ...... (қызыл тіл)

III кезең. Жұмбақтың шешуін табу.
Бұл ойынның шарты жұмбақтың шешуін тауып екі тілде жауап береді.Қазақша және орыс тілінде.Екі тілде жауап берсе 1ұпай береміз.Қазақша жауап беріп орысша жауап бере алмаса ұпай саны есептелмейді.
1. Ортасында шегесі ,
Жіп-жіңішке денесі ( қалам ,ручка)
2. Ілулі тұр кең алаң,
Керегімді мен одан 
Көшіріп жазып аламын. (тақта,доска)
3. Үш қазық,екі желі,тоғыз ноқта ,
Теңселіп тербеледі адам соқса.
Шешен тіл ,сөзге жүйрік болғанмен,
Не пайда үндемейді адам жоқта .(домбыра ,домбра)
4. Іште елу батыр,
Сыртқа шықса өліп жатыр. (шырпы ,спичка) 
5. Тұмсығымен қозғалар 
Соңында аппақ із қалар. (бор,мель)
6. Ұзын,ұзын,ұзын жол 
Ұшына жеткен бар ма екен?
Түбі терең қала су,
Түбіне жеткен бар ма екен? (білім ,знание)
7. Іші –жұмсақ,сырты-қытты,
Еті-қызыл, сүті-тәтті. (қарбыз,арбуз)
8. Сөзі-дана,сүні жоқ.
Сөйлемейді .тілі жоқ.
Қолына алсаң,шешен 
Ақылы асқан көсем. (кітап, книга)
9. Аласа ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар .)қырыққабат, капуста)
10. Есек құлақты,
Мысық аяқты
Түйе ерінді
Ешкі құлақты (қоян, заяц)

ІV кезең «Полиглот»
Бұл ойынның шарты 7сұрақ беріледі қойылған сұраққа тез-тез жауап беруі керек. Бұл ойында әртүрлі сұрақтар қойылады. 
1. Бір өркешті түйе қалай аталады? (нар)
2. Жұмыртқа баспайтын құс ( көкек) 
3. Ең үлкн таңбалы сан (999)
4. Бір сағатта қанша минут бар? (60мин)
5. Бір жылда неше ай бар (12)
6. Бір ғасырда неше жыл бар ? (100 жыл)
7. Қандай кенді қара алтын дейміз? (көмір)

V кезең «Дода»
Бұл ойында ана тілі 20,математика 30,қазақ тілі 40 деген ұпайларды таңдайсыңдар.Бұл ойында ұпайы аз оқушы бастайды.

Ана тілі

20

30

40

Қазақ тілі

20

30

40

Математика

20

30

40

Ана тілі 20 Қазақ үш биін ата . 
Ана тілі 30 Желтоқсан батыры кім?
Ана тілі 40 Қазақстан рәміздерін ата( ту, елтаңба, әнұран)
Қазақ тілі 20 Атау септігінің сұрақтары ( кім? Не? Кімдер? Нелер?
Қазақ тілі 30. Ілік септігінің сұрақтары. (кімнің? ненің?)
Қазақ тілі 40. Зат есімнің сұрақтары? (кім? не?)
Математика 20. Математикалық жұмбақ
Тал басында тізіліп
Он жапырарақ тұр еді,
Жел соқты да үзілді
Ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның үзіліп 
Түсті тағы бесеуі
Тұр әлі де ілініп
Жапырақтың нешеуі? (4 жапырақ)
Математика 30.
Екі қыз екі сағат теннис ойнаса әр қайсысы неше сағат тенис ойнады. (2 сағат)
Математика 40.
17+x=47 бұл не? (теңдеу)
VI кезең «Жорға»
Бұл ойында ұпайлары аз екі оқушыны ортамыздан шығарып саламыз.Енді екі оқушыға а және в вариантын таңдатамыз. 10 сұрақ беріледі.
А-варианты.
1. Құстар қалай көбейеді? (жұмыртқа салу арқылы)
2. Жеміс неден пайда болады? (гүлден)
3. Абай қай қалада дүниеге келген? (Семей)
4. Тоқтар Әубәкіров кім? (қазақ ғарышкері)
5. Сәрсенбіден кейін қандай күн? (Бейсенбі)
6. Қазақстан Республикасының президенті кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
7. Шығыстың қос шынары кімдер? (Әлия,Мәншүк)
8. Ләззат Асанова кім? (Желтоқсан батыры)
9. « Көксерек» әңгімесінің авторы кім? (Мұхтар Әуезов)
10. -нан,-нен,-дан,-ден,-тан,-тен қай септіктің жалғаулары? (шығыс)

В-варианты.
1. Абай атамыздың әкесінің аты кім? (Құанбай)
2. Қазақстан Республикасының ел ордасы. (Астана)
3. Мұхтар Әуезовтың қандай әңгімесін білесің? (Көксерек)
4. Желтоқсан батырларының ата. (Ләззат Асанова,Қайрат)
5. Адамдар құстарға қарап нені ойлап тапты?
6. Бауыржан Момышұлы кім?
7. Сан есімнің сұрақтары? (қанаша? Неше? т.б.)
8. Бибігүл Төлегенова кім?
9. Қазақтың аспаптарын ата? (домбыра,қабыз т.б. )
10. Сын есімнің сұрақтары. (не істеді? не қылды?)

Қорытынды. Бүгінгі «Тапқыр болсаң,тауып көр» атты сайысымыз аяқталды.Ендігі сөз қазылар алқасына береміз.

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Мөңке би ауылы,
М.Тәжин атындағы орта мектеп 
бастауыш сынып мұғалімі  Мақашева Альмира Тюлегеновна

 


Пікірлер (2)

Мадина

Сын есімнің сұрақтары *қандай? Қай?*

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз