Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздіктің 25 жылдық таңын көруге асыққан хайуанаттар

Искакова Райгүл

Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы

Үштөбе ауылы

«Өкпеті» орта мектебі КММ

 

Оқу мен тәрбиеде  бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту

Баланың  қабілеттерін  дамыту  мәселесі  қазіргі кезде ең өзекті тақырыптардың бірі десем де болады. Ежелгі  грек  ғалымы  және  философы  Сократ  өз  оқушыларының  дамуына  үнемі  қамқорлық  жасап  отырған.  Адамның  ақыл-ойын,  қабілеттерін дамыту арқылы  оны  бақыт жолына жеткізу  мәселесіне бірнеше күрделі  еңбектерін тікелей арнаған шығыстың әйгілі ойшылы  Әл-Фараби  болды. Бүкіл бір халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің қара сөздерінде /43  сөзі /  бала  өмірге  келгендегі  қабілеттері  әрі  қарай  дамытуды,  шыңдауды  қажет  ететін,  сонда  ғана  олар  пайдаға  асатынын  жазған.  Ал  назардан  тыс  қалған  қабілеттілер  бара-бара  жойылып,  жоқ  болатынын  айтқан.

Баланың  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  мәселесін  таңдау  ең  алдымен  «қабілет»  ұғымының  мәнін  терең    түсініп  алуды  талап  етеді.

«Қабілеттер» - білім  алуға  қажетті  адамның  психологиялық  ерекшеліктері - дейді  А.В.Петровский. «Қабілет іс-әрекеттің  белгілі  бір  түрін  ойдағыдай,  нәтижелі  орындауға  тырысатын  адамның  жеке  қасиеті»,- деп  жазады  Т.Тәжібаев. «Қабілеттер» - адамның  іс-әрекетінің  белгілі  бір  түрін  орындай  алу  мүмкіндіктері» - деген  де  анықтама  бар.  Мүмкіндік  білім  де,  дағды  да  емес.  Ол  адамның  белгілі  бір  істі  орындауға  даярлығы»,- деп  қарастырады  Ә.Алдамұратов.

Ал  «шығармашылық»  сөзінің  мәні  неде?

«Шығармашылық»  сөзінің  төркіні  /этимологиясы/ «шығару»,  «іздену»,  «ойлап  табу»  дегенге  келіп  саяды.  Демек  бұрын  тәжірибеде  болмаған  жаңа  нәрсе  ойлап,  жетістікке  қол  жеткізу  деген  сөз.  Ал «шығармашылық»  мәселесін  терең  зерттеген  Я.Н.Пономарев  оны  «даму»  ұғымымен  қатар  қояды.  Өйткені  әрбір  жаңалық,  әсіресе  интелектуалдық  тұрғыдағы  баланы  жаңа  психикалық  сапаға  көтереді.

Бұдан  біз  «шығармашылық»  ұғымының  негізгі  белгісі  «жаңалық»  болғанымен,  ондағы  тұлғаның,  адамзаттың,  қоғамның  дамуына  әсер  ететін  ерекше  күштің  бар  екенін  байқаймыз. Шығармашылық  қабілет  деген  не?  Қабілеттердің  шығармашылық  деңгейге  көтерілуі  неге  байланысты  деген  сұрақтар  әрбір  ұстазды  мазалайды  деп  ойлаймыз.  Шығармашылық  әрекет  өте  күрделі  процесс  және  ол  адамға  ғана  тән.

Шығармашылық  қабілет  әр  баланың  табиғатында  әуел  баста  салынған.  Мұғалімнің  міндеті - оқушыға  оның  бойында  жасырынып  жатқан  мүмкіндікті  ашып  көрсету. Шығармашылық - бүкіл  тіршіліктің  көзі.  Адам  баласының  сөйлей  бастаған  кезінен  бастап,  бүгінгі  күнге  дейін  жеткен  жетістіктері  шығармашылықтың  нәтижесі.  Бұған  бүкіл  халық  және  жеке  адамның  шығармашылығы  арқылы  келдік. Әр  жаңа  ұрпақ  өзіне  дейінгі  ұрпақтың  қол  жеткен  жетістіктерін  меңгеріп  қана  қоймай,  өз  іс-әрекетіне  сол  жетістіктерді  жаңа  жағдайға  бейімдей,  жетілдіре  отырып,  барлық  салада  таңғажайып  табыстарға  қол  жеткізеді.      Ал  бүгінгі  күрделі  әлеуметтік-экономикалық  жаңарулар  тұсында  шығармашылық  қабілеттер  басты  нысана  болып,  керісінше  оқушыда  шығармашылық  қабілеттің  болмауы  үлкен  проблема  саналып, ойландыруы  тиіс  деп  ойлаймыз.  Себебі  өмірдегі  сан  алуан  қиыншылықтарды  шешу  тек  шығармашыл  адамдардың  қолынан  келеді.  Тек  шығармашылық  қана  қандай  түрде, қандай  деңгейде  болмасын  адамға  өмірдің  мәнін  түсінуге,  бақытын  сезінуге  мүмкіндік  береді.

  Оқушының  қабілеттері  екі  түрлі  әрекетте  дамиды.  Біріншіден,  кез-келген  бала  оқу  әрекетінде  адамзат баласының  осы  кезге  дейінгі  жинақталған  тәжірибесін  меңгерсе,  екіншіден,  кез-келген  оқушы  шығармашылық  әрекеттер  орындау  арқылы  өзінің  ішкі  мүмкіндіктерін  дамытады.  Оқу  әрекетінен  шығармашылық  әрекеттің  айырмашылығы - ол  баланың  өзін-өзі  қалыптастыруына,  өз  идеясын  жүзеге  асыруына  бағытталған  жаңа  әдіс-тәсілдерді  іздейді.  Проблеманы  өзінше,  жаңаша  шешуге  талпыныс  жасайды.

Екі әрекетте  оқушылар  екі  түрлі  мүдделер  көзделген  әртүрлі  мақсаттар  шешеді.  Мысалы,  оқу  әрекетінде  белгілі  бір  ережені  меңгертетін,  дағдыны  қалыптастыратын  жаттығулар  орындалса,  шығармашылық  әрекетте  баланың  іздену  жұмысы  басты  нысанада  болады.  Сондықтан  оқу  әрекеті  баланың  жалпы  қабілетін  дамытса,  шығарма- шылық   әрекет  нақты  жағдай  шешу  барысында  нәтижеге  жеткізетін  қабілеттерін  дамытады. Балалар  уақыты  келгенде  кез-келген  шығармашылық  ойды  қағаз  бетінде  түсіруге  болатынын  түсінеді  және  оны  өзіндік  пікірмен  қоса,  әсерлі  жеткізуді  мақсат  етеді. Балалардың  ішінде  әлдекімге  өзінің  сезімдерін  суреттер  арқылы  емес,  сөзбен  жеткізу  жеңіл  болады.  Бұл  қабілет  егер  оқушылар  ән  айту  немесе  музыка  тыңдау  кезінде  өздерінің  әсерленушілігі  туралы  жазуға  талаптану  кезінде  байқалады.  Кейбір  балалар  сезімдерін  өзі  шығарған  өлеңдерінде  айқын  көрсетуге  қабілетті  келеді.  Соны -мен  қатар  өзінің  ішкі  ойын  толықтыру  мақсатында  ақындардың  өлеңдерін  пайдаланады.

Бұған  дейін  айтылғандай,  тыныштықта  отыру  шығармашылыққа  кеңістік  береді.  Егер  балалардан  өз  бойына  шолу  кезінде  олардың  нені  көргенін  қағаз  бетіне  түсіруді  сұраса,  баланың  ішкі  дүниесінің  қаншалықты  бай  екеніне  көз  жеткізуге  болар  еді.  Балалар  ойы  ғажайып  бейнелерді  қамтуға  қабілеті  жететінін  тәжірибе  көрсетті.  Солардың  бірі  жарыққа  малынған  бүкіл  әләмді  бейнелейді,  басқалары  өз  жүрегіндегі  әдемі  гүл  түрінде  өзінің  сезімдерін  жеткізуге  тырысады.

Біздің  ойымызша  бүгінгі  бастауыш  сынып  оқушыларының  кез  келгені  шығармашылық  тапсырмалар  шешуді  табыспен  меңгере  алады. Ол  үшін  мына  төмендегі  шарттар  орындалуы  тиіс:

        Біріншіден, баланың  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  ісін  ерте  бастан  қолға  алу.  Ертегі желістерін өз сөздерімен аяқтау, «Автор орындығы» әдісі, т.б. Осындай тапсырмаларды оңайдан күрделендіре отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беру. 

         Екіншіден, баланың  жүйелі,  тұрақты  ұйымдастырылған  шығармашылық  әрекеттер  жағдайында  болуы.  Ерекше  ойды  талап  ететін  әлеуметтік  қарым-қатынастар  шығармашылық  қабілеттер  дамытуға  тиімді  әсер  етеді  деп  ойлаймыз.

         Үшіншіден, шығармашылық  жұмыстар  баланың  ойлау  мүмкіндігінің  ең  жоғарғы  деңгейіне  жетуі  керек.  Күн  асқан  сайын  ол  деңгей  биіктей  беретіндей  болуы  қажет.  Осындай  тынымсыз  ой  қызметі  ғана  бала  дамуына  үлкен  нәтиже  береді.

         Төртіншіден, ең  негізгі  шарт -  бала  әрекеттің  әр  түрімен  айналысуға,  тыңдауына  деген  еркіндігінің  болуы.  Баланың  жұмыспен  айналысуға  деген  қызығушылығы,  қанша  уақыт  айналысамын  десе  де  өз  еркі  болуы  керек.  Мұндай  қызығушылық,  қажеттілік,  табысқа  жетудің  бірден-бір  кепілі  болып  табылады.  Бірақ  балаға  берілетін  еркіндік  үлкеннің  қамқорлығын,  көмегін  талап  етеді. Сондықтан мен өз тәжірибемде тәрбие саласында арнайы қойылымдарда осы мүмкіндікті пайдаланамын.  Міне, бұдан  шығармашылық  қабілеттер  дамытудың  бесінші  шарты шығады. Еркіндік - ойға не келсе соны  істеуге, ал қамқорлық, көмек  бала  үшін  жұмыс  істеуге  айналмауы  керек.  Балаға  елеусіз  болса  да  өз  күшімен,  өз  ойымен,  қиындықты  жеңе  отырып  «жаңалық»  ашуға  жағдай  жасауымыз  керек. Ойдан ой тудыру үшін мұғалім өзі шығармашыл тұлға болуы керек. Мен  төменде келтіріліп отырған ертегі желісі бойынша құрылған ертегі осының айғағы.

         Осы  жағдайларды  ескере  отырып,  өз  сыныбымның  оқушыларына  1- сыныптан  бастап  бақылау  жасап отырамын. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту үшін мұғалім өзі шығармашылықпен жұмыс істей алатын маман болуы тиіс деп ойлаймын. Мектептегі әртүрлі дәстүлі шараларға оқушыларды жауыр болған көріністерді, қойылымдарды жаттанды көрсетуден гөрі, шығармашылықпен қатыстыра білу де- өнер. Сонда балада да ой туындайды. Тек ғана пәндік сабақтарда ғана тапсырманы түрлендірумен шектелмей, тәрбие сағаттарында, мектептегі іс-шараларда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштауға болады деп ойлаймын.

         Жалпы, 2- сыныптан  бастап  шығармашылық  тапсырмалар  күрделене  түседі.  Мысалы,  әртүрлі  сызба  бойынша  сөздер  ойлау, және  осы  жылы  оқушылардың  ой  шапшаңдығын  дамытып,  шығармашылығын  арттыратын  жұмыстардың  бірі  өлең  құрастыру.  Ең  алғаш  «ұйқас»  деген  сөздің  мағынасын  түсіндіріп,  оқыған  өлеңдегі  ұйқастарды  тауып,  қалай  жазылып  тұрғанын  талдаудың  мәні  зор.  Осыдан  келе  шығармашылық  тұлға  негізі бастауыш  сыныпта  қаланатыны  анық.  Осы  жастағы  балалар  бойында  шығармашылық  қабілеттің  бастаулары  жатыр.  «Бұлақ  көрсең,  көзін  аш»  деген  халқымыз. Жалпы шығармашылық  буынды  өмірге  келгенге  дейін  ұстаз  шәкірттің  өнеге  тұтар  ақылшысы, пікірлес  досы,  бапкері  болуға  тиіс.  Оқушы  шығармашылығы  үнемі  ұстаз,  сынып  ұжымы,  ата-аналар  тарапынан  қолдау  тауып  отыруы  керек. 

Мен  өз  тәжірибемде  бастауыш  сынып  оқушыларымен  шығармашылық  жұмыстың  төмендегідей  түрлерін  жүргізуге  болатынын  байқадым.

         1. Оқушыларға белгілі  бір  тақырыпта   әңгіме  оқып,  оқушыларға  басқаша  аяқтауға  тапсырма  ұсыну.

         2. Әңгіменің,  ертегінің  сюжетін  бастап  беру,  аяқтауды  оқушыға  тапсыру.

         3.Ұйқас  ұсыну  арқылы  өлең  шығару.

         4. Белгілі  мақал  негізінде  әңгіме  жазу.

         5. Мәтін  бойынша  мақал  құрастыру.

         6. Табиғат  құбылысына  байланысты  жұмбақтар  шығару.

         7. Берілген  тірек  сөздер  арқылы  қызықты  мәтін  құрастыру  т.с.с.

Шығармашылық  тапсырма  түрлерін  сынып  оқушыларының  жас  ерекшелігіне,  шығармашылық  қабілеттің  даралығына  қарап  әрі  қарай  жалғастыра  беруге  болады.

         Сонымен,  менің  байқауымша  бастауыш  сыныптарда  шығармашылық  жұмыс  істеуге  үйренген  оқушы  жоғары  сыныптарда  шығармашылық  жұмыстың  қай  түріне  болсын  бейім  болады.  Олар  жаңа  идеяға  проблемаларды  өздігінен  шешуге  тырысады  деп  білемін. Мысалы: мен өзім сыныбымдағы «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі желісіне құрастырылған «Тәуелсіздіктің 25 жылдық таңын көруге асыққан хайуанаттар» ертегісін ұсына отырып, оқушылардың қабілеттерінің ұшталуына көмегін тигізді деп айта аламын. Мұндағы  мақсатым:  оқушылардың  сахналық қойылым желісін түсіне отырып, Тәуелсіздіктің шежіресімен танысу, сахналық мәдениетті түсіну, шығармашылық қабілеттерін ұштау.

 

«Жыл басына таласқан хайуанаттар»  ертегісі желісіне құрастырылған «Тәуелсіздіктің 25 жылдық таңын көруге асыққан хайуанаттар ертегісі

/Бастауыш сынып оқушыларына арналған қойылым/

Ерте, ерте, ертеде барлық аңдар жиналып, жиналыс ашып, өзара кеңесіпті. Олар «Тәуелсіздіктің 25 жылдық таңын кім бірінші көреді екен?» деп сөз таластырыпты. Тәуелсіздіктің 25 жылдық таңы елге ерекше жақсылық алып келеді,  ол таңның алғашқы шапағын көрген хайуанаттар жыл басы болады деген сенім болса керек-ті. Содан хайуанаттар жиналып өзара талас тудырып, пікірлерін ортаға салыпты.

Қой: Достар, тыңдаңдар! Мә-мә-мә.  Жыл басы мен болатын уақыт жеткен болар, себебі Тәуелсіздік алған 1991 жыл  –қой жылы екен. Яғни менің жылым тарихта алтын әріппен жазылды. Өзімнің де адамға тигізер пайдам көп. Қазақ халқының сабырлы мінезін де маған теңейді. Тіпті өз шаруасын білетін момын шаруаны да «Қой аузынан шөп алмас» деп жататыны бар. Мә-мә-мә.

Қараңдаршы қандаймын

Аппақ болған таңдаймын

Жыл басына лайық

Жарқырап тұп таңдайым

Мешін: Қой, сен қателесесің. Бұл Тәуелсіздіктің 25 жылдық таңын мен көруге тиіспін. 1992 жылы менің жылымда да елеулі оқиғалар көп болды. Тәй-тәй басқан еліміздің рәміздері қабылданды, тұңғыш ғарышкеріміз аспанға ұшты. Сондықтан Тәуелсіздікке менің үлесім көп тиді. Ендеше Тәуелсіздіктің 25 жылдық таңын мен көруге тиіспін.

Тауық: Ку-ка-ре куууу! Мына мен адамдарға уақытпен қалай санасу керек екенін үнемі  естеріне салып отырамын. 1993 жылы менің жылымда Қазақстан Республикасының төл теңгесі дүниеге келді. Мектебімізде де айтулы істер көп болды. Сондықтан бұл таңды мен көріп, жыл басы мен болармын.

Құрт –құмырсқа жемтігім

Ешбір жерде кемдігім

Бәріңде бос мақтанып

Шаршамаңдар ентігіп

Ит: ав-ав-ав-ав

Абалап үремін,

Үй қорып жүремін

Қазынаның бірімін

Тыныштық –тілегім

Достар, достар, таласпаңдар. Бұл таңды көруге мен лайықтымын. Өйткені менің жылым 1994 жылы Әнұран қабылданып, екінші ғарышкер  аспанға ұшты. Менің де елеулі үлесім бар. Сондықтан жыл басы мен болуға лайықпын.

Доңыз: менің де адам үшін алатын орным ерекше. 1995 жылы- Ата Заңымыз қабылданғанына куә болып, елдің бір мерейін асырдым емес пе?  2007 жылы ауылымызда жаңа мектеп есігі ашылып, сан періште қуанды. Жыл басы мен болам деп сенімді айта аламын.

Тышқан: шиқ-шиқ-шиқ. Достар сендер менің сөзіме де құлақ салыңдар. Доңыз досым да мақтанып жатыр. Менің жылымда Тәуелсіздік монументі ашылып, ел іргесінің бекемдене түскенін дәлелдеді. Менің жылымда еліміздің экономикасының даму қарқына алға басты. Сондықтан ешкімдерің сөз таластыруды қойңдар Бұл таңды мен көріп, жыл басы мен болуға лайықпын.

Сиыр: Мө-мө деп мөңіредім,

Молшылық төңірегім.

Таңды мен көремін деп

Ертерек келіп едім

Мө-мө-мө. Менің эжылмда да бос жатқан жоқпыз. Ата –баба рухына бас идік. Құрбандарды еске алу жылы болып, тарихта өшпестей із қалдырған жыл-осы менің жылым болды. Ендеше Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерей таңын мен көріп, жыл басы мен болуға лайықпын.

Барыс:  Хай френдс!

Ай лайк Енглиш

Күшіме сенемін, сенемін

Бәрін де жеңемін, жеңемін.

Қарсы алуға бұл таңды

Шіреніп келемін, келемін.

Мен Азия еліне танымал Барыспын.  Сондықтан мен мықтылықтың символымын. 2030 даму стратегиясында қысқы Азия ойындарының символы ретінде әлемге танымалмын. Мен өз жылымда үштілділікті қолға аламын. Бұл таңды мен көремін деп сенімді айта аламын.

Қоян: Менің жылым- бірлік жылы. Бірлік бар жерде- тірлік бар.Менің жылымда үлкен той Тәуелсіздіктің 20 жылдық тойы тойланды. Үлкен игі шаралардың куәсі болып, мерейім бір тасыды емес пе?  /секіріп, әндетеді/ 

Тәуелсіздік таңы

Қоян жыл бағы

Таң шапағын көріп

Қуанайын тағы ля-ля-ля

Ұлу: Менің жылым 2000 жылы –Мәдениетті қорғау жылы болды. Ауыл-ауылдағы мәдениет үйлері ашылып, халық өнерге ерекше ден қойды. Тәуелсіздік жылдарына бұл да менің ерекше үлесім. Ендеше ,достар сөз таласқанша мен болайын- жыл басы.

Жылан: Жылан деген мықтымын,

Жарқын, жарқын шықты үнім

25 жылдық таңды мен

Қарсы алуға кеп тұрмын.  Ыс-ыс-ысДостар, көп созбайық, менің де үлесі еш кем емес. Білім беру саласында оң өзгерістер болып, білім беру гранттары көбейген жыл- менің жылым. Сондықтан Тәуелсіздіктің 25 жылдық таңын мен көруге тиіспін.

Жылқы: Алысқа шауып барамын.

Адамның бабын табамын

Пайдас мол жылқының

Жыл басы мен боламын

Әсем десең әсеммін

Сылаң қағып өсемін

Кең далада көсіліп

Самал желдей есемін!  Адамдарға менің пайдам ұшан теңіз. Жауға шапқанда сенімді серігі болғанмын. Елтаңбадан ойып орын алғанмын. Бұл іске менің тигізер прайдам көп болғандықтан, бұл таңды мен көрермін.

Түйе:  Түйе, түйе түйемін,

Жануармын киелі

Кім таласар бойыма

Жыл басына иемін.

 Осылайша Тәуелсіздіктің 25 жылдың мерейлі таңын бәрі бірге көруге келіскен екен. Тек түйе ғана ұйқысы келіп маужырап, ұйқыға кеткен екен. Ал тышқан болса түйенің үстіне шығып алып, таңды тағы да бірінші көрген екен.

Тышқан: Алақай! Алақай! Алақай!

Таңды көрдім, алақай! Бізге жақсылық шапағатын сыйлайтын таң келді.

Сөйтіп  Тәуелсіздіктің 25 жылдық  аппақ шұғылалы таңы жыл қайырудағы аңдарға сый-сияпатымен келген екен. / Жыл басына таласқан хайуандар ортаға шығып өздері айтады./

Қой жылы- құтты жыл

Мешін жылы- мейірімді жыл

Тауық жылы- табысты жыл

Ит жылы- игілік жылы

Доңыз жылы- дүниелі жыл

Тышқан жылы- тыныштық жылы

Сиыр жылы- сыйлық жылы

Барыс жылы –барлық жылы

Қоян жылы- қамбалы жыл.

Ұлу жылы-ұқыптылық жылы

Жылан жылы –жайлы жыл.

Жылқы жылы- байлық жылы.

Міне, осылайша барлық жыл басына таласқан хайуанаттарға Тәуелсіздіктің 25 жылдық таңы шаттық пен шапағат, береке мен бірлік, бақыт пен байлық, ымырашылдық пен ынтымақ сыйлаған екен.

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз