Өлең, жыр, ақындар

Алгоритмнің түрлері

Күні:

 

9         3              сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Алгоритмнің  түрлері (сызықтық, тармақтық, циклдік алгоритмдер)

Сілтеме

9-сынып оқулығы. электрондық оқулық, презентация

Жалпы мақсаттар

Жазу пішімі, блок схема бөліктері, геометриялық фигуралар, олардың қызметі

Оқыту нәтижесі

Алгоритмді жазу формасын, алгоритмді блок-схема түрінде жазуын білуі тиіс.

Сабақтың әдісі

    Баяндау, сұрақ-жауап, диалог,  , топпен жұмыс, АКТ, қолдану, электронды оқулықпен жұмыс, «Блум таксономиясы», Сын тұрғысынан ойлау («Ой тастау»,  «Мағынаны тану»,  «Топтастыру»,  «Кесте толтыру», «Тест жұмыс» )

Жалпы

Білу

Үй тапсырмасы.

Түсіну

Мағынаны тану

Қолдану

Тапсырмаларды орындау

Талдау

Жинақтау

Корытынды

Бағалау

Топ басшысы бағалайды

Сабақ барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

 

Сыныппен сәлемдесу. Сыныпты ұйымдастыру (оқушыларды тексеру, аудиторияны қалыпқа келтіру)

Оқушыларды сызықтық, тармақталған, циклдік деп кеспе қағаздарға жазып таңдау  арқылы топқа бөлу.

Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

 «Білу»

 І. Үй тапсырмасы.

 1. Ұсынылғандардың ішінен алгоритм формаларына жатпайтынын көрсетіңдер:

А) сөздік  В) графикалық   С) алгоритмдік тілде   Д) ағылшын тілінде

2. Блок- сызба алгоритмдегі іс-әрекет дегеніміз:

А) эллипс (сопақша шеңбер)  В) тіктөртбұрыш  С) ромб  Д) алтыбұрыш

3. Блок-сызба алгоритміндегі енгізу-шығару мәліметтері қандай фигурамен беріледі?

А) эллипс (сопақша шеңбер)  В) тіктөртбұрыш  С) ромб  Д) параллелограмм

4. Блок-сызбада алгоритмнің басы мен соңы қандай фигурамен беріледі

А) эллипс (сопақша шеңбер)  В) тіктөртбұрыш  С) ромб  Д) параллелограмм

Сұрақ-жауап. 

  1. Алгоритм дегеніміз не?  ( Алгоритм дегеніміз – информатиканың іргелі түсініктерінің бірі )
  2. Алгоритм тіл дегеніміз не? (Алгоритмдік тіл дегеніміз- алгоритмдерді біріңғай, анық жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі.)
  3. Программа дегеніміз не? ( Программа дегеніміз - қандай да бір программалау тілінде жазылған алгоритм компьютерге қажетті командалардың жиынтығы.)
  4. Алгоритм орындаушысы дегеніміз не? (Алгоритм орындаушысы дегеніміз - құрастырылған алгоритммен басқарға тиісті объект немесе субъект.)

Алгоритм тілі дегеніміз не? (Алгоритм тілі – бұл алгоритмдер мен оларды орындаудың біртекті және дәл жазбаларына арналған белгілер мен ережелер жүйесі.)

ІІІ. Жаңа сабақ.

«Түсіну»

 Мағынаны тану ( электрондық оқулық) Алгоритм құрылымына қарай оны келесі типтерге бөлуге болады:

І топ: сызықтық алгоритм: 

 

        Сызықтық алгоритмдер. Сызықтық алгоритм қарапайым командалар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады.

ІІ топ: тармақталған алгоритм:  Тармақталу алгоритмі. Күнделікті өмірде алгоритмдер негізінен тармақтарға  бөлінеді. Бұл тармақтардың орындалуы шарттың орындалуына байланысты болады. Тармақталу алгоритмінде біріншіден, арифметикалық теңсіздік түрінде берілген

 логикалық шарт тексеріледі. Егер шарт орындалса, алгоритм бір тармақ бойынша

(1-ші серия) , ал егер орындалмаса, екінші тармақ бойынша (2-ші серия) орындалады.

ІІІ топ. циклдік алгоритм:  Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер бірнеше рет орындалады. Математикада, есеп шығару барысында айнымалы мәні өзгеруіне байланысты бір теңдеудің көмегімен бірнеше рет есептеледі.  Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше қайталанатын болса, ондай процессті цикл деп атайды. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады. Циклдік алгоритмдер қолдану арқылы программаны қысқа да нұсқа жазуға болады. Қайталану бөлігіне қайталану (циклдік) командалары қолданады. Қайталану саны белгілі немесе белгісіздігіне байланысты циклдар екі түрге бөлінеді. Қайталану саны белгілі болса, ондай цикл арифметикалық, ал егер белгісіз болса, итерациялық деп аталады.

«Қолдану»

  Тапсырма  №1. Орындаушы шегіртке сандық ось бойымен берілген сан бөліктеріне секіреді. Орындаушы Шегіртке бұйрықтарының жүйесі: оңға 3(3 бірлік кесіндіге оңға секіреді) және солға 2 (2 бірлік кесіндіге солға секіреді). Бастапқы орны 0.  Шегірткеге 2 санына жетуге көмектесетін сызықтық алгоритм құр.

Тапсырма №2.  Төтенше жағдай тудырмау үшін, «Судың қайнау» алгоритмін дұрыс құру.

Алгоритм «Судың қайнауы»:

  • Шәйнекке су құю.
  • Газдың кранын ашу.
  • Шәйнекті плитаға қою.
  • Судың қайнауын күту.
  • Шырпыны газға апару.
  • Шырпыны жағу.
  • Газды өшіру.

Тапсырма №3 «Ағашты өсіру» алгоритмінің реттілігін дұрыс орналастырыңдар.

Шұңқырды толтыр…

Шұңқырды қаз

Су сепкішті алып, көшетті отырғыз

Күрек пен көшетті ал

Көшетті шұңқырға сал.

Күрек пен су сепкішті орнына қой

 

 

 

 

 

 

Тапсырма№4. Анана жұмыртқа қуыруға көмектес, орындау реттілігін көрсет.

Газды жақ

Газға табаны қой

Жұмыртқа мен майды дайында

Табаға майды еріт

Жұмыртқаны жар

Жұмыртқаның қабықтарын таста

Жұмыртқаға тұз сеп

Жұмыртқаны 5 минут қуыр.

Газды өшір.

 

Сергіту сәті.  (жаңылпаш айтқызу)

Қырық құрқылтай

Бір құрдан үркіп ұшты.

Қырық құр

Бір құрқылтайдан үркіп ұшты.

Қырық құр қорқақ па?

Қырық құрқылтай қорқақ па?

 

Шығармашылық тапсырма: Тапсырма№1

“Өзеннің жағасында қасқыр, ешкі, капуста және қайықпен тасушы бар екен. Тасушы қасқыр, ешкі, капуста үшеуін, қасқырды ешкімен, ешкіні капустамен жеке қалдырмай отырып өзеннің келесі жағасына көшіруі керек. Мұны қалай жасауға болады.”

 

 

 

2- тапсырма. Ребусты шешіңдер.

 

 

 
   
 

ІV. «Талдау»            

Тармақталған алгоритмнің толық емес формасына мысал келтіріңдер.

V. «Жинақтау»

Қорытынды.

Не біліп не үйренді?

Бағалау.

Бірін –бірі  бағалау .

Үйге тапсырма. §10  (62 бет) тест тапсырмасына дайындық.

 

 

       

 


Пікірлер (3)

Pikonai123

жақсы екен

Pikonai123

осы сайт жақсы екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз