Қош бол, бастауыш мектеп!

Астана қаласы
№ 35 мектеп-лицейі
Бадекова Ережеп Кокушовна

Мақсаты: білім негізі бастауыштан қаланатын оқушылық өмірдің бастапқы баспалдағын аяқтаған бүлдіршіндердің алғашқы ұстаздарымен, бастауыш пен қоштасу рәсімін жасау. Бастауышта алған білімдерін, өнерлерін байқату. Ұстаз еңбегін бағалай білуге, жан-жақты білім алуға, саналы азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: ұстаз, мектеп, білім, Отан туралы мақал-мәтелдер, даналық сөздер, буклеттер, шарлар, гүлдер, оқушылардың қолөнер көрмесі, интерактивті тақта.

Мұғалім:  Құрметті ұстаздар, қадірлі ата-аналар, оқушылар! Кеше ғана білім ордаснатарыдай болып еніп, жан-жақтарына таңырқап, жүрексіне табалдырық аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз міне бүгін бой түзеп, ойларына ой қосып, еліміздің саналы азаматтары болып  отыр.

Бүгінгі «Қош бол, бастауыш мектеп!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Әр жанұяға береке-бірлік табыс тілей отырып ортаға 4 «А» сынып оқушыларын шақырамыз.

Музыка ойнайды: Оқушылар кіреді.

Айдана: Армысыздар, мұғалімдер әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
Өмір деген үлкен жолда тарландар.
Бүгін міне қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әнменен жырына тарландарым сал құлақ.
Кеше сәби,бүгін міне жас ұлан,
Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

Демежан: Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар!
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Қош келіпсіз, ер тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер.
Бүгін, мінебастауышпен қоштасады,
Азамат боп кешегі сәби еркелер.

Екеуі бірге: Қош келіпсіздер құрметті қонақтар!

Бәрі бірге қосылып: Мектеп-кеме, білім- теңіз
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда.

Айдана: Осыдан 4 жыл бұрын біз біреуіміз анамызбен, біреуіміз әкемізбен, енді біреуіміз ата-әжемізбен қол ұстасып мектеп табалдырығын аттаған едік.

Демежан: Біз алғашұы күннен бастап ұстазымызбен таныстық, партаға қалай отыру керектігін, басқа да мектеп ережелерін үйрендік.

Айдана: Қолдарымызға қалам ұстап, А әрпінен бастап 42 әріпті танып, 1-ден 100-ге дейін, 1000-ға,1000000-ға дейін сандарды санай алатын дәрежеге жеттік.

Демежан: Содан бергі 4-жыл ішінде талай білімді боймызға сіңіріп үйрендік. Бүгін, міне соның айғағы ретінде бастауыш мектеппен және бізді білім нәрімен сусындатқан ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.

1-оқушы:

Бізді үйреткен білімге жалықпастан
Рахмет ұстазыма көзімді ашқан.
Біз - шәкірт, біз - Отанның болашағы
Білімнің басқышына қадам басқан.

2-оқушы:     

Өзгеріп жатыр бүгін қала қырым
Құп алып бара жатыр болашаққа,
Аяулы 11 жасар балалығым

3-оқушы:

Мен бүгін бұрынғыдан саналымын,
Қоңырау болып күмбірлейді жаңа үнім,
Дәптердің жазылмаған  ақ парағы-
Ақ көйлек 11 жасар балалығым.

4-оқушы:

Өмірімнің көктемін сенде өткізем деп келдім,
Алтын – ұя мектебім!

5-оқушы:

Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім,
Асыл - анам мектебім!

6-оқушы:

Өнерпазың көп сенің
Өнер табам деп келдім
Өз бесігім - мектебім!

7-оқушы:

Сен менің әкемдейсің, анамдайсың.
Мен үшін армандайсың, алаңдайсың.
Ұстазым, сенен артық ақылшым жоқ,
Адалдық пен парасаттан жаралғансың.

Ән: «Мұғалім - ол біздің»

8-оқушы:

Кеуделерге намыс отын жаға алатын
Өзіңдей болса шіркін барлық ұстаз
Жез таңдай, күміс көмей, сөзі алтын.

9-оқушы:

Білім алған өзіңнен,
Дәрігер ұшқыш не ғалым
Саған ыстық сезіммен
Қарайды жұрт мұғалім.
Мен де өзіңді әрдайым,
Қамқоры деп ұғамын.
Күліп атқан таңдайын,
Жарқын жанды мұғалім.

10-оқушы:

Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде ұаншама мән-мағына, құдіретті күш, қасиетті   

Ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ.

«Мұғалім - мектеп жүрегі» - деген Ыбырай Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі-бәрі бір адамға қарыздар. Ол - ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да ұстаздың еңбегі - ұлы еңбек.

Барлығы бірге:  Алғыстарым көп менің , Ұстаз - анам мектебім

Ән: «Ұстазым менің»

11-оқушы:

Ұстаздардың бар айтқан,
Ұлағатын ұғыңдар.
Сөйтіп әрбір сабақтан,
Сәл есейіп шығыңдар.

Көрініс:

12-оқушы:

Жастың өсті санасы.
Елжірейді жүрегі.
Бастауышқа бар бала,
Алғыс айтып жүреді.

Би: Шығыс биі: Бурленова Элеонора.

13-оқушы:

Көлге айналған бұлақтың,
Том-том болған кітаптың,
Басы болған Бастауыш

14-оқушы:

Қоңырау сыңғырла асыға,
Үн қосқан қиядан асуға.
Білім ал, еңбек ет жас ұлан,
Өрле сен, биік шың басына.

15-оқушы:     

Жадыраған жаздай жылы жаны бар.
Жақсылықтың шырағы боп жағылар.
Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған,
Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.                   

16-оқушы:

Биікке өрлеген, тайсалып көрмеген.
Ұрпақпыз  кеудесін, қуаныш кернеген.
Ұстаз деп ән шырқап,күй төккен пернеден.
Елімнің даласы, ауылы, қаласы,
Кәрісі,жасы да, кемеңгер данасы,
Қарыздар ұстазға, адамзат баласы.

Хор: «Ұстазым»

17-оқушы:

Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,
Шәкірттерін сүйген таза көңәлден.
Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда,
Өз соқпағын тапқан мынау өмірден- дей келе  құттықтау сөзді мектеп директоры  Талғат Найманбайұлына береміз.

18-оқушы:

Ана жанын ана болсаң ұғарсың.
Алдыңда ол бір биік құз бен шың.
Балаң үшін кеуде керіп қуанып,
Балаң үшін биіктен де құларсың.

Ән «Алтын ана»

Сөз кезегін ата-аналарға береміз:

Мұғалімнің сөзі:

Құрметті оқушылар!

Міне алғашқы басқыш бастауыш мектепті тамамдап, ортаңғы буынға көшкелі отырсыңдар. Қаумалаған көпшілік, ата-аналар, ұстаздар қауымы сендер не білді, не үйренді, білім мен тәрбиені қалай меңгерді деп сынай қарап отыр. Міне балалар, сендер осы сыннан сүрінбей өттіңдер.

Бастауыш сыныппен қоштасу салтанатын аяқтай келе 4-сыныпты сапалы білімдерімен аяқтаған оқушыларыма орта буынға барғанда да үнемі жақсы оқуларымен қатар, болашақта Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар азамат болып өсіңдер демекпін.

Ал ата-аналарға айтарым қырандарыңыздың білім қанаттары талмасын. Тек биікке самғасын.- дегім келеді.

Алдарыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай,

Аман-есен болыңдар-деп бастауышпен қоштасу ертеңгілігін аяқтаймыз.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет

Жарнама