Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік ел тірегі

Хромтау ауданы, Дөң ауылы
"Бәйтерек" балабақшасының
тәрбиешісі: Ермеккарина Айзат Құлтасбайқызы

ІІ-ші кіші «Ақбота» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің қызметі

Тәрбиеші: Ермеккарина Айзат Құлтасбайқызы

Білім саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Мақсаты: Егеменді еліміздің болашағы жас ұрпақтар. Осы болашағымызды жалғастырушы ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін, туған жері мен елін сүюге, оларды қорғай білуге тәрбиелеу. Сөздік қорларын, ойларын дамыту.

Әдісі: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, тапсырмалар.

Көрнекіліктер: Буклеттер, Ту, Елтаңба.

Мотивациялық-қозғаушылық:

Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, қонақтар!

- Балалар, бір-бірімізге бұрылып жылы лебіздерімізді білдірейікші.

- Елімізге тыныштық тілейік.

*Күніміз жарық болсын.
*Аспанымыз ашық болсын.
*Деніміз сау болсын
*Ата-анамыз аман болсын
*Көк туымыз биік болсын.
*Жеріміз гүлдене берсін.

Ұйымдастыру-іздену

- Балалар, көңіл-күйлерін қалай?
- Жақсы.
- Алда қандай мейрамдар келе жатыр?
- Дұрыс.
- Мейрамда балалар нестейміз?
- Ән айтамыз, би-билейміз, тойлаймыз т.б
- Мейрамды қандай көңіл-күймен қарсаласындар?
- Жақсы.
- Дұрыс, жарайсыңдар, балалар.

Тәрбиеші түсіндірмесі.

16 желтоқсан Тәуелсіздік күні. Биыл Тәуелсіздікке 25 жыл. Қазақ халқы өз тәуелсіздігін алу үшін көптеген қиындықтарды бастарынан өткізді. Сөйтіп 1991 жылдың 16 желтоқсаныңда тәуелсіздікке қол жетізді. Әр бір елдің тарихына байланысты Мемлекеттік рәміздері болады. Мемлекеттік рәміздер: Ту, Елтаңба, Әнұран.

- Тудың түсі қандай?

- Көгілдір

- Дұрыс. Көгілдер түс ашық аспанның белгісін көрсетеді. Ту –белгі, нышан деген мағынаны білдіреді. ҚР-ның Мемлекеттік Туы 1992 жылы маусымда бекітілді. Қазақстан Туының авторы суретші Шәкен Нязбеков. Тудың ортасында белгіленген күн-өмір мен күш қуттың, қозғалыс пен уақыттың белгісін көрсетеді.

Күннің астында-қанатын жайған қыран құс-ерліктің белгісі.

Ту қазақтың ұлттық оюларымен кестеленген. Ою өрнектер адамдарды зұлым күштерден қорғайды.

Елтаңба 1992 жылдың 4 маусымда дүниеге келген күні. Ол шеңбер түрінде бейнеленген. Оның ортасында шаңырақ бейнеленген. Ол Елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ - күн шеңбері. Шаңырақты алтын қанатты, ай мүйізді тұлпарлар қорғап тұр. Тұлпарлардың шаңырақты екі жағынан қоршап тұруы өз мемлекетіне адалдық пен оны қорғауға әзірлікті білдіреді. Сәйгүлік аттар-қазақта кең тараған бейне. Жылқы - қазақ үшін қашанда сенімді дос, айнымас көмекші. Елтаңба - мемлекеттік құжаттарда белгіленеді.

- Балаларды қандай ертегілерді білеміз?

- Қай ертегіні ұнатамыз?

Бауырсақ.

Ендеше бауырсақ ертегісін еске түсірейікші.

Ертеде әже мен ата болыпты. Ата әжейге бауырсақ пісіріп берші дейді. Әжей бауырсақ пісіріп, сусын деп терезенің алдына қояды. Бауырсақ қашып кетеді. (есік түртіп бауырсақ ішке келеді).

- Сәлем балалар!
- Сәлем!
- Балалар, бауырсақ домалап-домалап бізгеде жетіп қалыпты. Әжеймен атадан қашып келе жатқан бауырсақ, қандай аңға жолығады.
- Қоянға.

Қоян: Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: Жемеші. Қандай тапсырма берсеңде орындаймын.

- Балалар маған қояннан құтылуыма көмектесесіңдерме?

- Ия.

Қоян: Ендеше менің тапсымамды тыңда. Егер орындай алсаң мен сені жеймін. Менің қолымдағы қағаздың ішінде тапсырмалар бар. Соны орындап көріндер.

Сұрақ-жауап

1. Біздің ел басымыз кім?
2. Біздің Отанымыз, туған жеріміз қай ел?
3. Біздің Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл?

Қоян: Жақсы. Сен балалардың білімдерінің арқасында аман қалдың. Енді көзіме көрінсең жеп қоямын. Жақсы. Сау бол.

Тәрбиеші: Балалар қояннан құтылған бауырсақ енді қандай аңға кездеседі?

Балалар: Қасқырға.

Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: Жемеші.Қандай тапсырма берсеңде орындаймын.

Қасқыр: Ендеше менің тапсырмамды тыңда. Егер орындай алмасаң мен сені жеймін.

Тапсырма.

Мен Қазақстан, Отан, Туған жер туралы тақпақтар тыңдағым келіп тұр.

(Еркеназ, Айару, Еламан)

Қасқыр: Жақсы. Сен балалардың білімдерінің арқасында аман қалдың. Енді көзіме көрінсең жеп қоямын. Жақсы. Сау бол.

Тәрбиеші: Балалар, қасқырдан құтылған бауырсақ енді қандай аңға жолығады?

- Аюға.

Аю: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: Жемеші. Қандай тапсырма берсеңде орындаймын.

Балалар маған аюдан құтылуыма көмектесесіңдерме?

- Ия.

Аю: Жарайды. Бірақ орындай алмасаң мен сені жеп қоямын.

Тапсырма. Менің сергіту сәтін тыңдағым келіп тұр.

Сергіту сәті орындалады.

Аю: Жақсы. Сен балалардың білімдерінің арқасында аман қалдың. Енді көзіме көрінсең жеп қоямын. Сау бол.

Тәрбиеші: Балалар аюдан құтылған бауырсақтың алдынан не шығады.

- Түлкі.

Түлкі: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: Жемеші. Қандай тапсырма берсеңде орындаймын.

- Балалар мені қу түлкіден құтқарасыңдарма?

- Ия.

Түлкінің тапсырмасы:

1. Маған мемлекеттік рәміздерді атандаршы?
2. Рәміздердің біреуін құрастырып беріндерші?

Түлкі: Сен балалардың білімдерінің арқасында аман қалдың. Енді көзіме көрінсең жеп қоямын. Сау бол.

Бауырсақ: Рахмет, балалар мен сендердің арқаларында аман қалдым. Енді әжеммен атама оралайын. Сау болыңдар балалар!

- Сау бол бауырсақ.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар сендер бауырсақты құтқардыңдар.

(Есік қағылып, бауырсақтың әжесі қонаққа келеді).

Әже: Сәлеметсіңдер ме балалар? Мен бауырсақтың әжесімін. Сендердің білімдерінің арқасында менің бауырсағым үйге аман оралды. Сендерге көп-көп рахмет. Мен сендерге тәтті бауырсақ ала келдім. Бәріне таратайын.

Өлең оқылады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз