Өлең, жыр, ақындар

Ғабит Мүсірепов "Жаңа достар" ("Қазақ солдаты" романынан)

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

№51 М.Қаратаев атындағы ора мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:   Жолдасбекова Бағлан

Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі: ----------------- Б. Мұратбайқызы

Пәні: Әдебиет

Күні: 18.02.2017ж                                Сыныбы: 5 «А»

  І. Сабақтың тақырыбы:  Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар» әңгімесі

ІІ. Мақсаттары: 1. Оқушылардың шығарма авторы туралы жинаған мәліметтерін білген білімдерін бекіту, шығарманы жан-жақты талдауға үйрете отырып, меңгерту;

2. Оқушылардың пәнге  деген  қызығушылығын арттыру. Ынтасын ізденушілік белсенділігін, танымын дамыту.

3. Оқушыларды  адамгершілік пен бауырмалдыққа, достық пен  мейірімді болуға тәрбиелеу.

Күтілетін  нәтиже: Шығарма мазмұын терең түсіну, шығарманы жан-жақты талдай білу, шығарма авторы туралы мәлімет білу,  шығарма кейіпкерінен  үлгі алу, әдеби-теориялық ұғымдарды меңгеру,  оқушыны еркін сөйлеуге төселдіружәне   өз бетімен ізденуі.

Сабақтың типі: бекіту сабағы

Сабақтың түрі: : аралас  сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Ой қозғау, топтастыру,адасқан әріптер, екітұжырым кестесі ,семантикалық карта,сәйкестендіру, сиқырлы қалам

Сабақтың формасы: Топтық жұмыс,жұптық жұмыс, жеке жұмыс

Керекті жабдықтар ,ресурстар: интерактивті тақта,жазушы потреті, оқулық, шығармалар жинағы, плакат, үлестірмелі қағаздар, стикерлер,маркерлер

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды үш топқа бөлу. Шегеннің үш түрлі өсиеті секілді бір-біріне уәде , серт беру сыныптастары арасында.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Ғ.Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы, роман туралы қысқаша түсінік беріп, оқушылар «Жаңа достар» мәтін мазмұнын еске түсіріп, әр топтың оқушылары бөлімдер бойынша мазмұнын бөліп айтады.

І топ: 1-бөлім: Қайроштың қалаға қашып келуі.

ІІ топ:2-бөлім: Базар алаңы

ІІІ топ:3-бөлім: Ана сағынышы немесе ана құшағында

  І. Қызығушылықты ояту.  «Адасқан әріптер» ойыны

    Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.

    Ойын шарты: Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау.

Берілген сөз: Әңгіменің құрылысына талдау

Ң, м,е,і,н,ә,г,ң-......................

Ұ,р,ы,қ,с,н,л,с,а,ы,ы-..............................

А,л,т,у,а,д,-...............

ІІ. Мағынаны тану. Әңгіме құрылысына  талдау жасау.

 1) Топтық жұмыс тапсырмалары:

І топ: Шығарманың компазициялық құрылымына талдау

ІІ топ: «Салыстыру» кестесі (сол кездегі балалардың өмірі мен қазіргі балалрдың өмірі жайлы салыстыру)

ІІІ топ:  Әңгіменің кейіпкерлеріне кешенді сатылай талдау «Әдеби теориялық ұғымдар» бойынша талдау жасау

( портрет, мінездеме, пейзаж, теңеу, эпитет, мақал-мәтелдер)

2) Жұптық жұмыс тапсырмалары:    І топ:«Тұжырым кестесі»

р/с

Әңгімеден үзінді

Кейіпкері

Адами қасиеттері

1

-Алдау үшін өтірік айтсаң, кешіреді екен деме, алданбау үшін өтірік айтсаң іркілме...

 

 

2

-Зытып келем,зытып келем. Артыма қарай, қарай зытам.

 

 

3

-Оқимын десең, оқи ғой, күнім! Әкеңнің де арманы оқу боп өтіп еді.

 

 

4

-Ойбай... Шегендей емес шығарсың...Шеген қайда, ол! Ол ағып бара жатқан машинаны қуып жетіп, асылып кете береді! Ол әншейін желаяқ!

 

 

5

-Сіз анасыз ғой. Мен де анамын. Сізде, көп болса,он бала шығар... Менің елу балам бар... Балаңызды алып қайтамын десеңіз,қазір қайтарамын, өз балаларымда жетеді.

 

 

ІІ топ: «Семантикалық карта» толтыру

1

Кейіпкерсөзі

Қайрош

Мария

Бораш

Шеген

 

О , қасқаның жатысын – ай!

  

 

 

 

2

Кейіпкер сөзі

Қайрош

Мария

Шеген

Милиционер

 

Адам болады екнсің,

айналайын!

 

 

 

 

 3

Кейіпкер сөзі

Әйелдер

Бораш

Мария

Шеген

 

 

Мынау бүгін аяқтан   

айырылыпты ғой. Байғұс – ай...

 

 

 

 

4

Кейіпкер сөзі

Әйелдер

Бораш

Милиционер

Шеген

 

 

Екі мың сегіз жүз сексен

жеті! Өлтірдің , Костя,

өлтірдің мені.

 

 

 

 

5

Кейіпкер сөзі

Анасы

Бораш

Мария

Шеген

 

 

Көресіз бе, балаңыз қандай   

 ақылды. Оқу оқығысы

келеді.

 

 

 

 

ІІІтоп:  «Сәйкестендіру»

Екі ақсақ, бір желаяқ- үш боздақтың «салқын сарайға» келуі--------------------------------1

Балалардың бір-бірімен танысып, жөн бөлісуі-------------------------------------------------4

Баланың ауылды тастап, қалаға қарай  қашып келуі-----------------------------------------3

Шегеннің айтқан үш түрлі өсиеті----------------------------------------------------------------2

Қайроштың алдынан екі баланың жолығуы-----------------------------------------------------5

ІІІ. Ойтолғаныс кезеңі.  3. Жеке жұмыс.

Сонымен, оқушылар, бүгінгі сабағымызды қорытындылау үшін бір-бір ауыз сөзбен «Сиқырлы қалам»  әдісі бойынша  әңгімеден түйген ойларың,алған әсерлеріңді  қорытындылайық.

Бағалау. Әр топ оқушылары бір-бірін бармақпен бағалау бойынша бағалайды

Үйге тапсырма.1. Сахналық қойылым әзірлеу / 3- бөлімнен

2.Эссе-ойтолғау жазып келу.

І топ: «Жақсымен жолдас болсаң»

ІІ топ: «Жетімдерге қолдау көрсету»

ІІІ топ: «Біз-бейбіт өмірде бақыттымыз!»

3.С.Бегалин туралы деректер жинау

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз