Етістіктің шақтары. Осы шақ.

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары. Осы шақ

Сабақтың  мақсаты:  етістік туралы білімдерін кеңейту, сөйлем ішінен етістікті таба отырып, қай шақта тұрғанын анықтау және соны дәлелдеу, осы шақ туралы толық мағлұмат беру, жаттығулар арқылы білімдерін нығайту, топпен жұмыс жасай білуге баулу.   

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс,  

Көрнекілігі:интерактивті тақта, үлестірмелі парақшалар,

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй жұмысын тексеру.

  23 жаттығу  126 бет.

  Сөйлемдердегі етістіктерді тауып, қай шақта тұрғанын дәлелде.

Интерактивті тақтадан сөйлемдер көрсетіледі.оқушылар сөйлемді оқып, талдады.

1.Ажар сабақ оқып отыр. Асхат малға жем беріп жүр.(осы шақ)

2.Балалар көлге барды. Олар коньки тепті. (өткен шақ)

3.Ғани мектепке барады. Ол түстен кейін оқиды. (келер шақ)

     Сонымен іс әрекеттің болған уақытын  етістіктің шақтары дейді. Етістіктің шақтары: осы шақ, өткен шақ, келер шақ.

Жаңа сабақ.

    Оқушыларға жіктік жалғаулары жазылған үлестірмелі парақшалар ұсынылды. Осыған сәйкес жіктік жалғаулардың жекеше және көпше түрі болып оқушылар екі топқа бөлінді.

   -Жаңылтпашты жатқа айтып көрейік.

Қайрат қайрақ қайрап отыр,

   Қайрақпен балта қайрап отыр.

     Осы кезде оқушыларға жеке –жұппен - топпен жұмыс істеу ұсынылды. Жаңылтпашты жаттап, жеке айтқан соң жұппен жұмыс істеді. Жаңылтпаштың ішінен етістіктерді тауып, қай шақта тұрғанын дәлелдеу.

Топпен жұмыс. Етістіктерді жекеше және көпше түрде жіктеу.

       1 топ жекеше                             2 топ  көпше

I    қайрап отырмын                   қайрап  отырмыз     

II   қайрап отырсың                    қайрап отырсыңдар

     қайрап отырсыз                     қайрап отырсыздар

III  қайрап отыр                          қайрап отыр

    Топтарға бағалау ретінде жұлдызша берілді.

  -  Жаңылтпаштағы  Қайрат не істеп отыр? Қайрат қайрақ қайрап отыр. Демек іс әрекет қазір болып жатыр. Іс әрекеттің қазір болып жатуы осы шақты білдіреді.

Екі топқа интерактивті тақтадан тапсырмалары көрсетілді. Берілген сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырып жазу.

1 топ.

______   _____    _______    ойнап жүр.

______    _____    _______   _____   жинап жатырмын.

2 топ.

_____   _____    ______  жаттап отыр.

______   ____     _____  жауып тұр.

   Топтағы оқушылар құраған сөйлемдерін оқыды. Бағалау жұлдызшасы берілді.

«Отбасы мүшелері» ойыны. Әкесі- баяндауыш, анасы-бастауыш, баласы-тұрлаусыз мүше. Сөйлем мүшелеріне талдау.

          1 топ.                                                   2 топ.

Қатты жел   соғып тұр.                           Асқар әкеме көмектесіп жүр.

Әкем малды ыққа байлап жатыр.          Әжем сиыр сауып отыр.

     Сөйлем мүшелеріне талдау барысында  дара, күрделі етістіктер, зат есімнің септелуі еске түсірілді.  

Соғып тұр баяндауышы қай сөз табынан жасалған?

Етістік. Құрамына қарай дара ма, күрделі ме?

Күрделі болса неліктен?

Себебі дара- бір сөзден, ал күрделі етістік- екі не одан да көп сөзден құралады.

Сиыр сөзі неліктен  тұрлаусыз мүше? Өйткені ол нені? сұрағына жауап береді. Зат есімнің табыс септігінде тұрған сөз, бірақ -ды жалғауы жасырынып тұр.

Топтардың тапсырмасын орындауына байланысты жұлдызша  берілді.

Сабақты қорытындылау.

Сабақ соңында оқушыларға рефлексивтік бағалау парақшасы ұсынылды.

 

 

  • Бұл сабақ қаншалықты қиын болды?

Төменгі баспалдақ-қиын емес

2 баспалдақ-қиын, бірақ ненің қиындық тудыратынын түсінуге тырыстым

3-қиын, бірақ тапсырманы орындауға байланысты әдістерді қолдана бастадым

4-қиын, бірақ сабақты игерген сияқтымын

5-қиын, соған қарамастан тапсырманы орындай алдым

  • Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдым?

Оқуышылар өз сезімдерін сәйкес суреттер арқылы көрсетті.

 

Үйге тапсырма: 30 жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау.

Бағалау.

       Сабақ соңында әр оқушының сабақ барысында жинақтаған жұлдызшасы бойынша формативтік баға қойылды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)