Галогендер. Хлор және йод

Атырау облысы, Атырау қаласы, Томарлы селосы
Қ.Смағұлов атындағы орта мектептің
Химия және биология пәндерінің мұғалімі
Ислямова Лязат Темиржановна

Пәні

  Химия

Сыныбы

  10 «Б»

Тақырыбы

  Галогендер. Хлор және йод

Мақсаты

1. Периодтық жүйедегі галогендердің орнына байланысты, хлор мен йодты VІІА топша элементтері ретінде сипаттау;

2. Оқушыларды хлор мен йодтың физикалық, химиялық қасиеттерімен, маңызды қосылыстарымен, олардың қолданылуымен таныстыру;

3. Оқушыларды өз ойларын еркін айта білуге дағдыландыру;

4. Оқу үрдісінде топтық тапсырмалар беру арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру.

Күтілетін нәтижелер

1. Жаңа тақырыпты өз бетінше меңгереді;

2. Тақырып бойынша есептер шығара алады;

3. Алған білімдерін  іс жүзінде қолдана алады.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, топтық жұмыс, сұрақ-жауап

Ресурстар 

Интербелсенді тақта, слайдтар, ватман, оқулық, периодтық жүйе, түрлі-түсті маркерлер, керекті реактивтер

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

 

 1. Сәлемдесу

 2. Қолайлы психологиялық көңіл-күй қалыптастыру

 3. Сыныпты топтарға бөлу

Бір-бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады, ұжымдасады, топтасады

Сұрақ-жауап

Қызығушылығын ояту

Қайталау-оқу анасы

(Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру

Өткен тақырып  бойынша сын тұрғысынан ойланып, сұрақтарға жауап береді

Жаңа сабақ

Мағынаны тану (Постер қорғау)

«Айналмалы бекеттер» әдісі арқылы оқушылар тақырыпты өздері дәлелдеп түсіндіреді

1-топ. VІІА топ элементтеріне жалпы сипаттама

2-топ. Хлор

3-топ. Йод

Әр топ өздеріне берілген тақырыпшаларға дайындалады. Әр топтан бір оқушы қалады. Қалған топ мүшелері айналып, келесі топқа барады. Әр топтан қалған оқушы берілген тапсырманы келген топқа түсіндіреді

Ойлан, тап

(Сұрақтарға жауап беру)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кім жылдам?

(Есептер шығару)

 1-топ

 №1-сұраққа жауап беру

 Галогендер атауы нені білдіреді?

 2-топ

 №2-сұраққа жауап беру

 Топ бойынша фтордан йодқа ауысқанда галогендердің агрегаттық күйлері мен түстері қалай өзгереді? Оның себебін қалай түсіндіруге болады?

 3-топ

 №3-сұраққа жауап беру

 Галогендердің салыстырмалы ЭТ-і топ бойынша қалай өзгереді?

 1-топ

 №5-есепті шығару

Бөлме температурасында судың бір көлемінде 500 көлемге жуық хлорсутек ериді. Ерітіндідегі хлорсутектің массалық үлесін есептеңдер.

 2-топ

 №6-есепті шығару

 Көкөністерді тұздау үшін тығыздығы 1,06 г/мл натрий хлоридінің 8%-дық ерітіндісін пайдаланады. Көкөністерді тұздау үшін 20 л тұздық дайындауға натрий хлоридінің қанша массасы және судың қандай көлемі қажет?

 3-топ

 №7-есепті шығару

 Көлемі 1 л теңіз суының құрамында 27,6 г натрий хлориді, 0,8 г калий хлориді, 3,2 г магний хлориді, 2,1 г магний сульфаты, 1,3 г кальций сульфаты бар. Егер 1 л теңіз суын буландырғаннан кейін түзілген қалдықты күкірт қышқылымен өңдесе, хлорсутектің қанша массасын алуға болады?

Топтарға бір сұрақ, бір есептен беріледі. Оқушылар өз беттерімен есептер шығарады, білімдерін шыңдайды, қасындағы оқушыларға түсіндіреді

Сабақты бекіту

     Оқу-түбі тоқу

       №5 (§7.14)

Елімізде йод жетіспеушілігіне қарсы қандай шаралар іске асырылуда?

Оқушылар жаңа тақырып бойынша өз ойларын айтады

Үйге тапсырма беру

1) §7.13-7.14

2) №10-есепті  шығару

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу   

Рефлексия

      Еркін микрофон

Бүгінгі өткен жаңа тақырып сіз үшін пайдалы ма, өмірде маңызы бар деп ойлайсыз ба?

 «Қосу, алу, қызықты»

 Қосу 

Сабақ барысында қандай тапсырма ұнады, қызықты болды?

 Алу 

Сабақ барысында қандай тапсырма ұнамады, қызықсыз болды?

Қызықты

Сабақ барысында бұрын естімеген жаңа ақпарат, қызықты фактілер

Оқушылар өтілген тақырып бойынша ой қорытындыларын айтады. Өмірдегі маңызын сипаттайды.

 

 

Парақшаға сабақтан алған әсерлерін бағалайтын сөздер жазады

Бағалау

Смайликтер арқылы бағалау

Смайликтер саны арқылы бағаланады


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)