Ғажайып саяхат

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
No5 «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасы КМҚК, тәрбиеші
Жуманова Нургул Шаймерденовна


Білім беру саласы: Коммуникация. Таным. Денсаулық. Шығармашылық.
Мақсаты: Балаларға орманда әртүрлі жануарлар өмір сүретінін түсіндіру. Үлкен кіші, ұзын-қысқа ұғымдарын айыра білуге үйрету. Тілдерін дамыту. Ұсақ қол моторикасын дамыту. Ойынға қызығушылықтарын арттыру. Балалардың табиғатқа деген танымдық қызығушылықтарын дамыту. Ұйымшылдыққа, табиғатқа қамқорлығын тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелету, түсіндіру, көрсету, ойын және сергіту.
Қолданылатын құралдар: Күннің, бұлттың бейнесі, ағаштар, саңырауқұлақтар, қоян, аю, қуыршақ Маша, жеміс-жидектер муляждары, үнтаспа, қаңқыздың бейнесі салынған сурет, қара түсті бояу, сүлгі.
Сөздік: орман, аю, қоян, түлкі, қасқыр, қаңқыз.
Қостілділік компонент: орман-лес, аю-медведь, қоян-заяц, түлкі –лиса, қасқыр-волк, қаңқыз-божье коровка.
Тәрбиеші: Балалар тобымызға қонақтар келіп отыр, амандасайық (үш тілде амандасады).
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Нұрлы сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз
Күлімдеді жүзіміз.
Тәрбиеші: Балалар бүгін ғажайып саяхатқа баруға ұсынамын. Әнімізді айтып, серуендеп қайтайық.
1,2,3 – ай,
Аспандағы асыл ай.
Кім айға қол жеткізеді,
Сол орманға жетеді.
- Балалар, міне, орманға да жеттік. Орманда қандай тамаша, жап-жасыл жер,ағаштардың жапырақтары жасыл, әдемі саңырауқұлақтар, түрлі-түсті гүлдер өсіп тұр екен.құстардың сайраған даусыда естіледі. Тыңдандаршы бір сыбдыр естілетін сияқты. Балалар бұл қоян ғой.
Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар?!
Балалар: Сәлеметсіз бе, қоян.
Қоян: Балалар сендер қай балабақшадан келдіңдер?
Балалар: «Нұрбөбек» балабақшасы, «Жұлдыз» тобы.
Тәрбиеші: Балалар сендер қоянды сипаттап беріңдерші, оның құлағы қандай, ол нені жақсы көреді.
Балалар: Қоянның құлағы ұзын, ол сәбізді жақсы көреді.
Қоян: Балалар мен жайлы жақсы біледі екенсіңдер.
Тәрбиеші: Қоянға тақпақ айтып берейік.

Арсен: Қоян, қоян, тұршы,
Беті, қолынды жушы.
Айнаға қарашы,
Шашынды тарашы.
Ерасыл: Қасқыр батыр атанды,
Өз деміне апталды.
Қорқып тұрған қоянды,
Тап беруге шақ қалды.
Саида: Мен түлкімін, түлкімін,
Тұнып тұрған күлкімін,
Бұлаң-бұлаң құйрығым.
Текке өтпейді, бір күнім.
Бәрің маған жетпейсің,
Алдымнан кесе өтпейсің.
Менен басқа қуың жоқ,
Күніңді көріп ептейсің.
Қоян: Балалар мен өз достарымды шақырып алдым.
Тәрбиеші: Қоянға сендердің тақпақтарын ұнап, ол өз достарын шақырыпты. Мына қоян қандай қоян?
- Үлкен.
- Ал мына қоян ше?
- Кішкентай.
Қоян: Балалар жақын маңда түлкі жүр ғой деймін. Менің достарымды жасырыңдаршы.
Тәрбиеші: Кәне, қояндарды саңырауқұлақтардың түбіне жасырайық. Үлкен қоянды үлкен саңырауқұлақтың, кіші қоянды кіші саңырауқұлақтың түбіне жасырайық. Міне, біз оларды жасырып қойдық. Енді оларды түлкі таба алмайды. Ал, біз алаңсыз саяхатымызды жалғастырайық.
Қоян: Сау болыңдар! Рахмет сендерге.
Балалар: Сау бол, қоян!
1, 2, 3 – ай,
Аспандағы асыл ай.
Кім айға қол жеткізеді,
Сол алаңқайға жетеді.
Тәрбиеші: Балалар алдымызда екі жол жатыр. Мына жолдың қайсысы ұзын, қайсысы қысқа. Қысқа жолмен жүріп алаңқайға тез жетуге болады.
Аю: Сәлеметсіңдер ме, балалар?!
Балалар: Сәлеметсің бе, аю?!
Аю: Балалар сендер маған құлпынайды теріп беруге көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші: Балалар кәне аюдың сүйікті жидегі құлпынайды теріп берейік.
Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен,
Теріп-теріп алайық,
Себетке біз салайық.
Тәрбиеші: Балалар аю бізге риза, қараңдаршы оның көңіл күйі қандай?
Балалар: Көңілді.
Аю: Сау болыңдар!
Балалар: Сау бол, аю!
Тәрбиеші: Балалар қыз баланың жылаған дауысы естіледі? Бұл кім?
Балалар: Маша.
Маша: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен аюдан қашамын деп жеміс-жидектерімді төгіп алдым. Маған жеміс-жидектерімді теріп беріңдерші.
Тәрбиеші: Балалар кәне Машаға жеміс-жидектерін жинап берейік.
Ойын: Жемістер мен жидектерді жинау.
Тәрбиеші: Балалар Машаға тақпақ айтып берейік.
Медина: Мен алмамын, алмамын,
Таңдай татар бал дәмім.    
Мына тәтті бал дәмді,            
Дастарқандарыңызға арнадым.    

Томирис: Мен жүзіммін, жүзіммін,
Ағаштан биік үзілдім.
Балдай тәтті дәмім бар,
Көз тартатын сәнім бар.

Айым: Жуып жейміз үнемі,
Алмұрт деген жемісті.
Суды жақсы көреді,
Мұны бәрі біледі.

Маша: Рахмет балалар ! Тақпақты да жақсы айтады екенсіңдер. Сау болыңдар!
Балалар: Сау бол, Маша!
Тәрбиеші: Тыңдандаршы, шөптің арасынан бір дыбыс естілетін сияқты. Кәне, құлағымызды тосып тыңдайықшы. Балалар бұл қоңыз ғой. Бәріміз қоңызбен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсің бе, қоңыз!
Қаңқыз: Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Қараңдаршы мен қандай әдемімін, көзім үлкен, қанаттарымда қара дақтарым бар. Мен сендерге сыйлыққа досымның суретін әкеле жатыр едім, қатты жел әдемі дақтарын ұшырып әкетті.
Тәрбиеші: Сенің көңіл-күйін оған бола түспесің. Балалар қара нүктелер салып берейік.
Балалар қара дақтар салады.
Қаңқыз: Мына жерде әдемі гүлдер өсіп тұр екен, кәне мына гүл қандай түсті гүл? (әрқайсысына отырып, түстерін сұрайды).
Балалар мына әдемі гүлдерге өз түстеріне сәйкестендіріп менің достарым көбелектерді қондырып беріңдерші.
Ойын: «Гүлге көбелекті қондыр»
Қаңқыз: Аңдарға көмектескендерің үшін сендерге сыйлықтар беріп жіберді. Балалар сау болыңдар мен достарыма кеттім.
Балалар: Рахмет, сау бол.
Тәрбиеші: Ал балалар бізде тобымызға қайтайық
1,2,3 – ай,
Аспандағы асыл ай.
Кім айға қол жеткізеді,
Сол топқа жетеді.
Қортынды.
Қоштасу шеңбері: Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)