Ойнайық та, ойлайық

«№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығының»  
тәрбиешісі Тастанбекова Гульжахан Рахметтулаевна

Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйінде өтілген сабақ.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар мен интернат ұжымы және балалар. Бүгін сіздерді соңғы қоңырау мерекесіне арналған «Ойнайық та, ойлайық!» -атты мерекелік бағдарламамызды кріп тамашалауды ұсынамыз.

Балалар бұл мерекемізді тойлауға сиқырлы ханшайым көмектеседі. Ханшайым неге келмей кешігіп жатыр екен?

Осы кезде жайлап әуен ойнайды, ханшайым келеді.

Жүргізуші: Сәлеметсіңбе, ханшайым, біз сізді күтіп ертеңгілігімізді бастай алмай отыр едік, жақсы болды ғой!

Ханшайым: Сәлметсіңдер ме, балалар, қандай әдемі болып кеткенсіңдер! Мен басқа да балалар үйіне барамын деп кешігіп қалдым, ал ендеше ертеңгілігімізді бастасақ бастайық. Менің бір шартым бар. Ол сендердің  біржылғы білімдеріңді тексеріп алайын. Ол үшін маған қолымдағы сиқырлы гүл көмектеседі. Бұл гүлдің әр жапырағында сендерге арналған тапсырма бар.

- Сендер тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма?

Жүргізуші: Әрине, ханшайым, біздің балалар сыныпта оқыды ғой. Олар өлеңдерді, тақпақтарды да біледі және би де билей алады.

Ханшайым: Ал, балалар, дайынсыңдарма, мен бірінші жапырақты алып оқиын.

1-тапсырма: Тақпақ айту.

Жүргізуші: Ал, балалар, білетін тақпақтарды айтайық «Алфавит сыры»:

Курган Евгений: Алфавиттің А тұрады басында,

Молдабаева Ұлбала: Әрқашан да Ә тұрады қасында.

Волоскова Кристина: Байқадың ба? Б тұрады үшінші,

Рахимов Александр: Ал, осының сыры неде? Түсінші.

Курган Евгений: А деген ол аналар ғой ардақты,

Молдабаева Ұлбала: Ә деген ол – әкелер ғой салмақты,

Волоскова Кристина: Б деген ол балалар ғой әдемі.

Балалар: Біздіңелде үшеуі де кәделі.

Деминенко Ольга:

Алшақ кетпей...

Сондықтан да, расында,

Тұрады олар алфавиттің басында.

Ханшайым: Жарайсыңдар, балалар! Келесі тапсырманы көрейік.

2-тапсырма ұстаздар туралы өлең.

Хор:  «Алғашқы ұстазым».

Ханшайым: Жарайсыңдар, балалар! Ұстаздар туралы өлеңді де жақсы айтып шықтыңдар, келесі тапсырмам жұмбақ жасыру.

Жұмбақ: 1. Алғашқысы суытады өлкені,

Екіншісі жылытады жер көңін

Үшіншісі көк теңіге бар дейді.

Төртіншісі ұсынады бар дәмді.

(қыс, көктем, жаз, күз)

Ханшайым: Жарайсыңдар, балалар! Жұмбақтың жауабын тез,әрі дұрыс таптыңдар. Келесі  жұмбағым өте қызық әрі ойланып жауап беретін жұмбақ.

2. Кір қожалақ, әрі жалқау,

Кітап, дәптер ұстамайтын

Ештеңеге қызықпайтын,

Ешнәрсені білгісі келмейтін

Ол кім деп ойлайсыңдар, балалар?

Балалар: Дымбілмес.

Дымбілмес: Сендер кім туралы айтып жатырсыңдар?

Мен туралы айттыңдар ғой, ия , жоқ мен бәрін білемін.

Мен өлең айта аламын, би де билей аламын.

Мықты болсаңдар, менімен бірге билеп көріңерші.

Жүргізуші: Ал, балалар Дымбілместен қалмай біз де билейік.

Ханшайым: Жарайсың Дымбілмес, сен жақсы билейді екенсің балалар да сенімен жақсы билеп шықты. Келесі тпапсырмам әліппе сабағынан

«Сөз құрастыу».

Жүргізуші: Жарайды ханшайым, балалар, магнитті әріптерден сөз құрап жазып береді.

Ханшайым: Жарайсыңдар, балалар! Келесі тапсырмам көрініс көрсету.

Мұғалім (Хузиахметова Н.): «Үйретеді» - көрініс.

Орындайтындар: Малышева Анна, Нисанова Әдемі.

Ханшайым: Жарайсыңдар, балалар! Сендер менің барлық тапсырмаларымдыорындап жатырсыңдар. Келесі тапсырмам құрастыру.

«Гүлдерді құастыру»-ойын түрінде.

Жүргізуші: Балалар сендерге ойын ұнады ма? Ал, Ханшайым сізге ше?

Ханшайым: Ия маған ойын қатты ұнады. Соңғы тапсырмам ойыншықтармен Дос бола аласыңдар ма? Сендер ойыншықтармен қалай билей аласыңдар?

«Ойынықтар биі»

Ханшайым: Балалар, сендер менің барлық тапсырмамды дұрыс орындап шықтыңдар. Менің сендерге сыйвығым бар. Бұлсыйлықтарды мұғалімге беремін, топтарыңда үлестіріп береді. Рұқсат етсеңдер басқа да баратын жерім бар еді.

Жүргізуші: Сәл аялдаңыз, сізге арнап кішкентай бүлдіршініміз Богданова Александраның орындауында «Қуыршақ» әнін абыл алыңыз.

Жүргізуші: Ал, Ханшайым уақытыңызды бөліп келгеніңізге рахмет! Балалардың көңілі бір көтеріліп қалды. Сау болыңыз!

Жүргізуші: Ал, балалар, мерекеміздің соңында саз жетекшіміз Жақсыгүл апайларыңмен Ұлбаланың орындауында «Ұстазым» әнін ұсынамыз.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар мен балалар! Біздің мерекелік бағдарламамыз аяқталды. Енді құттықтау сөзі интернат үйінің директоры Индира  Ермекбайқызына береміз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)