Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз!

І жүргізуші: - Тұғыры биік, қасиетті Алаш есімі Қазақ елінде тағы бір жаңғыратын болады. Тарихтың талауына түсіп, ата-бабаларым берген батаның ішінде негізі болып, анам көлдеткен көз жасының əрбір тамшысындай болған, қастерлі - Тəуелсіздік ұғымы біздер үшін, яғни жас буын өкілдері үшін ҰЛЫ ұғым болуы тиіс. Қан мен терге малынған ағаларыммен, мұз үстінде болашағынан айырылып, жаураған апаларымның, көзі ашық, көкірегі ояу зиялы қауымның, түйсігі мен білімі қатар ұштасып, келешекке көзқарасы бөлек болған ұлтжанды азаматтардың арқасында жетті емес пе бұл - Тәуелсіздік.

ІІ жүргізуші:  Cолай ғой, қыл үстінде жүрседе қолынан келгенін істеп баққан Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабайларды əдебиет, тарих пəндерінде бір-екі парақтық тақырып ретінде өткізе салу қиянат секілді.

І жүргізуші:  Жастайынан Алашты оқып, Алаштықтардың тағдырын жеті атасындай біліп өскен баланың ой өрісі бөлек, танымы кең, мінезі ұстамды, ерік-жігері мықты, сауатты болары хақ. Неге? Себебі бір Əлихан атамыздың ғұмыры, еңбектері өмірлік үлгі болуға тұрарлық. Сондықтан да, жастарымызда ҰЛТТЫҚ РУХ болуы үшін Алашқа етене жақын болуы керек. Сонда ғана оң нəтижесі болады. Болашақ ұрпақ үшін, жастар үшін Əлихан Нұрмұхамедұлының "Жастар! Жұртшылдар! Өз бетіңмен іске кіріс!" - дейтін сөзі ұранға айналуы қажет.

ІІ жүргізуші: Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавиясының қоластында болған жылдарда, қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көктүрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық, түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені, біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы,көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты.

І жүргізуші: «Алаш идея­сы» – қа­зақ мемлекетінің  ұлт­тық идеясы. Өйткені, Алаш — халқымыздың бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде, бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея.
Алаш — ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті. Зия­лы­лар­дың Алаш атауын таңдауы да жай­дан-жай емес еді. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы айма­ғы­мыз­дың рәмізі еді. ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады.

ІІ жүргізуші: Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеяда жатыр. Алаш идеясы үшін күрескен кезең  30 жылдай уақытты ғана қамтыған. Аз болса да ғасырға тең уақыт.

1-жүргізуші.

Ал халайық! Ата мекеніміз арсыздықпен отарлау объектіне айналдырылған қазақ елінің бір туар азаматтары, зиялы қауымы бірлесіп, Алаш партиясын, Алашорда өкіметін орнатты. Төрағасы Ә.Бөкейханов болып сыйланған, үкіметінің 15 мүшесі түгелдей өз заманының білімдарлары және өз елінің мүддесін өзінен жоғары бағалаған, қазақтың дүниесі мен мүлкін жатқа қимайтын жайсандар еді.

2- жүргізуші.

Алаштықтардың қай-қайсысын алсаң да бастарын қауіпке тіккен,елім деп,жерім деп-халқының жарқын болашағын ойлаған,ыстығына күйіп,суығына тоңған асыл ерлер еді.

Соның бірі де бірегейлі Ә.Бөкейханов. Біздің бүгінгі алға қойған мақсатымыз-Қазақтың көсемі, ұлтжанашыры Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қызметі арқылы бүкіл алаштықтардың еңбектері мен ерліктерін, 100 жылдық мерейтойға байланысты еску алу, құрмет көрсетіп,қадыр тұтып, Қазақ иісті халқына қаншалықты маңызды екенін білдіргіміз келеді. Қабыл алыңыздар құрметті халайық.

2- жүргізуші.

Ия дұрыс айтасың,уақыт озған сайын, жас ұрпақты өткен тарихына жақындастыру,елін сүйіп,Ұлыларын ұмытпай болашаққа нық басу үшін Рухани жаңғыру қажеттілігі туындайды.

1- жүргізуші

Олай болса,көпшілікті көп күттірмей, Аталарымызға арналған мерекемізді бастайық.

2- жүргізуші.

1866ж. Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын облысының жетінші ауылында Ә.Бөкейханов дүниеге келді. Ол Шыңғысханнан тарайтын атақты көкжал Барақтың ұрпағы. Ауылдағы татар молдадан тіл сындырып,тоғыз жасында орыс тілін үйрену үшін мектеп-интернатқа оқуға түседі.

1 жүргізуші.

Осы интернат-мектепте оқып жүргенде, келешек тағдырына  әсер еткен күтпеген оқиға болды. Мектепке ойда жоқта, жолай генерал-губернатор Колпаковский соғады.

(көрініс. Сахнада 3парта қойылады. Оқушылар сабақ оқып отырады. Осы тұста қызметші колпаковскийді ертіп, рұқсат сұрап кіріп келеді. Бір оқушы колпаковскийге орындық ұсынады. Олшіреніп тұрып орындыққа жайғасады)

Қызметші: Сәлеметсіндер ме, балалар! Алдарыңызда Жетісу генерал-губернаторы Колпаковский Герасим Алексеевич. Колпаковский мырза сендердің жағдайларынды білуге келді.

Колпаковский: Балалар қалайсыңдар? Оқу сендерге қиынға соғып жатқан жоқ па?

Оқушылар хормен: Жоқ, үлгеріп жатырмыз.

Колпаковский: Ондай болса, маған мына есептің шешімін табыңдаршы:

 - Омбы мен Қарқаралының арасы 750 шақырым дейік. Осы екі араны өткенше арбаның доңғалағы неше рет айналауы мүмкін. Кәне балалар кім есепке жүиірік?

Бөкейханов:

Сұрасам болады ма?
Дөңгелектің диаметрін қанша деп алуымыз керек?
Колпаковский: Сен кімсің ? Аты –жөнің кім?
Мен Бөкейханов Әлиханмын
Колпаковский:  Ә – ә  слай ма? Айталық 150см
Ондай болса 1млн 500 рет айналады екен.
Колпаковский: Жарайсың бала! Талабың бар екен. Омбының техникалық училищесіне оқуға қалай қарайсың, оқығың келе ме?
Б.Ә: Оқығым келеді.
Колпаковский: Онда дайындал Әлихан. Осы баланы техникалық училищеге түсуге дайындаңдар,- деп қызыметкеріне қарады
Қызметші: - Құп болады, жоғары мәртебелім – деп қызметкері шығып кетеді.
Жүргізуші: - Техникалық училищені бітіргеннен кейін 1890ж СанктПетербургтегі Орман шаруашылығы иниституның экономика факультетіне түседі.
2 Жүргізуші: Санкт-Петербуркте Орман шаруашылық иниститутында оқып жүрген жылдары үлкен саясатқа араласады, Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы көптеген пікірлер  қақтығысына куә болады, өз ойын да шыңдай түсті .

Ол Омбыдағы Орман шаруашылық училищесінде математика пәнінен оқытушы бола жүріп, «Степной край» газетінің қызметіне белсене араласады. Осында жүріп Ольга Яковленаға үйленеді.

1- Жүргізуші:

Ә.Бөкейханов дала облыстарын зерттейтін Щербинаның ғылыми - зерттеу экспедициясына қатысып,  туған елінің экономикасын, шаруашылық санағын жүргізді. Халықтың тұрмыс тіршілігімен танысты, мәдениетін, салтын, тарихын жан-жақты зерттеді. Экспедиция барысында Ә.Бөкейхановтың көзқарасы үлкен өзгерістерге ұшырады.

2- Жүргізуші:

Иә, 1905жыл тұңғыш орыс – революциясы қазақ зиялаларына үлкен серпін берді,  ұлттық қозғалысқа ұйытқы болды. Газет шығару, күреске шақыратын кітаптар бастырып тарату, петициялар ұйымдастыру сияқты қазақ тарихында болмаған саяси күрес құралдарын игере бастады.

Жүргізуші:1 Алаш қозғалысы- бір жылдың немесе 2-3 жылдың жемісі емес, өзінің бастау көзін әлдеқайда бұрын,1905 жылғы Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарқаралы құзырлы хатында айтылады. Алаш қозғалысының өріс алуы осы тұстан басталады. Олай болса  көрініс көрейік.

Қарқаралы петиция

(Сахнада жәрменке көрінісі, қазақша музыка, базарда адамдардың әңгімесі. Сауда қызып жатыр. Ауыл-ауылдан келген қазақтар  қымбат дүниеге таң қалысып, келісіп керектерін алып жатыр )

Жүргізуші1:  1905 жылы шілде айы, Қарқаралы уезінің Қоянды жәрмеңкесі император II Николайға арналған петиция дайындық үстінде...

- Ал, келіңдер  келіңдер , не істейтін болдық?

- Жақындаңдар, жақындаңдар.

(Бір топ адам отыра қалды , ортадан Әлихан шығады.)

Бөкейханов: Құрметті ағайындар, ұлт тағдыры алдыңғы орында тұр. Патша саясатына қарсы  әр түрлі наразылықтар шығып жатыр. Сондықтан Патша атына өз талап  - тілектерімізді білдіретін жеделхат жөнелтейік деген ниетіміз бар. Біздің пікірімізге қосылушылар болса жақындаңыздар.

Ақбаев Жақып: Ия, ағайындар үндемей қалуға болмайды. Енді сол құзыр хаттың мазмұнын талқылайық.

Бөкейханов:  Менің ойымша біріншіден, оқу ағарту жұмыстарын іске асыруды қолға алсын,  медреселер салуға, кітап, газет шығару үшін баспахана тұрғызуға  рұқсат етілсін дегеніміз дұрыс болар.

Екіншіден, Қазақтарды басқаратындар қазақ тілін білу керек. Жоғары лауазымды орындарға жеткілікті білімі бар қазақтар тағайындалуы тиіс.

Үшіншіден, Мектептерде христиандық діни сабақтар жүргізілмесін.

Төртіншіден, Жаппай қоныстандыру қарқынын тоқтатып, қазақтар орналасқан жерлерді олардың заңды меншігі екендігін мойындалсын.

  Оқушы  -1. Ауылдарда сабақ орыс тілімен бірге қазақ тілінде жүргізілетін мектептер ашылсын.

 Цензурасыз газет және баспахана ашуға рұқсат беру

Оқушы:  - 2. Құнарлы жерлерді қазақтардың заңды меншігі

екенін мойындау;

Оқушы: - 3.  Мемлекеттік апаратта,сот орындарында іс қағаздарын қазақ тілінде  жүргізу,олардың жұмысында қос тілділікті жолға қою қаралдсын.

Оқушы 4: - Діни сенімдерді атқаруда, оқу – ағарту жүйесін ұйымдастыруда жергілікті халықтың еркіне қайшы келетін шектеулілер жойылсын.

Байтұрсынов:  Сонымен талаптардың саны  47 ге жетті,ал ағайын тағы да алып қосатындарыңыз бар ма? - Болса ұсыныңыздар.

- Мақұл, жарайды. Алла жар болсын. Әзірге осы ұсыныстарды іске асырып алайық.

-  Олай болса Жамағат, қол қойыңыздар

- Кәне, кәне... Міне мына жерге, мына жерге.

- Әзірше ағайын, осы талап тілектеріңізді  Қарқаралы құзыр хаты деп атап  Патша атына аттандырайық.

Жүргізуші(за сценой): Осылайша дүниеге Қарқаралы петициясы келді, оған Қарқаралы уезінен халық арасында кеңінен танымал беделді 14500 қазақ қол қойды. Кейінірек оған Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездеріндегі қазақтар қосылды. Петиция Қарқаралы қаласынан жіберілген еді. Ол жерден 1905 жылғы 22 шілде күні жергілікті пошта-телеграф арқылы патшаның өз атына жолданды. Петицияны жазуға белгілі саяси қайраткерлер Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, Т. Нүрекенов, т.б. белсене ат салысты.

Жүргізуші:  Әлихан осы жылғы оқиғаға қатысқаны үшін, мән – жайына түсініктеме беріп, Ішкі істерге жедел хат жолдағаны үшін 1906 жылы 9 қаңтарда тұтқынға алынды.  Міне осыдан бастап жалпы қазақ съезін ашу мәселесі 1917 жылға дейін жалғасты.Отаршылдықтың қатал саясаты қазақ зиялыларының мақсатын іске асырмай келді.Оны жүзеге асырудың сәті Ақпан төңкерісінен кейін ғана мүмкін болды.

Бірінші жалпықазақ съезі көрінісі

Жүргізуші: (сахна сыртында)1917 жылы 21-26 шілде аралығында Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен сиез. Ол Х.Досмұхамедұлының төрағалығымен, А.Байтұрсынұлының,  М.Дулатовтың, А.Сейітовтың хатшылығымен өтті. Бірінші жалпықазақ сиезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегі елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне Қатысты төмендегідей 14 мәселе қойылды:

Бөкейханов: Бүгін бірінші Бүкіл қазақ съезінде «Алаш» партиясы программасының жобасын әзірлейік, күнтәртібінде программа жобасының негізгі мәселелері қарастырылсын

Бірінші мүше:  - Ең бастысы ол мемлекет құрылысы мәселесі болуы тиіс; Үкімет басында учередительное собрание мен Гос.Дума қалауынша келісімді жылға сайланатын президент болу және Президент учередительное собрание мен Гос.Дума алдында жауаптар болсын;

Бөкейханов: Өте орынды, бұл бірінші мәселе болсын.

Екінші мүше: - Келесі мәселе автономия болсын; Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия Республикасының федерациялық бір ағзасы болу.

Байтурсынов: Тәуелсіз автономиялық мемлекет құру керек, Қазақ автономиялық мемлекет болсын.

                      (барлығы хормен «Ия, дұрыс тәуелсіз автономия болсын», «болсын, болсын»)

Үшінші мүше: - жер мәселесі; негізгі закон жасалғанда жер сыбағасы алдымен жергілікті жұртқа берілсін деуі; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орналасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеуі.

Төртінші мүше: - негізгі құқық мәселесі; Россия Республикасында  дінге, қанға қарамай, еркек – әйел демей адам баласы тең болуы, сот сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық;

Бесінші мүше : - Дін ісі мәселесін енгізі керек; Дін ісі мемлекет ісінен айырылу керек, муфтилік қазақта өз алдына болуы...

Алтыншы мүше: - Ғылым және білім беру мәселесін қарастырайық,  оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық және ақысыз болуы; бастауыш мектептерде ана тілінде оқуы; ел ішінде кітапханалар ашылуы керек.

Жетінші мүше: - салық мәселесін қосайық, салық мал – ауқат табысқа қарай байға – байша, кедейге – кедейше әділ жолмен таратылуы тиіс.                                                         

Жүргізуші: Осылайша, 1917 ж 21-26 шілдесінде өткен бұл съезде мемілекеттік құрылыс, саяси партия, құрылтай жиналсына, Мұсылмандар кеңесіне депуттаптар сайлау, партия бағдарламсын дайындау мәселелері көтерілді.

Жүргізуші:  Ия, 1917 ж ІІ Жалпықазақ  съезінде бүкіл қазақ жерін , оның халықының бір тұтас мемлекет туы астында жинауға бағытталған батыл қадам жасалды. Бұл қазақ мемлекетінің іргесін қалаудың бастамасы еді.

Жүргізуші: Ал сонымен, алаштықтардың қазақ мемлекеттігін құру қадамы қалай аяқталды?

Жүргізуші:  1918 ж көктемінде Алашорда мен Кеңес өкіметі арасында өз ара түсінушілікке ұмтылыстың нышандары байқалды.

Мәскеуге Алашорда өкіметінің тапсыруымен Халел және Жаһанша Досмұхамедовтар Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.И.Ленинмен және ұлт істері бойынша Халық комиссары И.В.Сталинмен кездесті. Оларға екінші жалпықазақ-қырғыз съезінің қаулысын табыстады. Соның нәтижесінде Сталин сонау Семейде жүрген Бөкейхановты өзара қатынас пен байланысты қандай негізде құрамыз деген тұрғыда келіссөзге шақырады.

Көрініс:
(Сахнада Сталин мен Әлихан Бөкейханов)

Сталин И.В.  –   Сіздер біздің кеңестік өкіметтің, Ресей халықтарының деклорациясын мойындасаңыздар, біз сіздерді мойындаймыз.

Әлихан:   Жарайды, біз сіздердің деклорацияны мойындаймыз, онда сіздер де Алаш өкіметін, оның жергілікті органдары қазақ комитеттерін мойындаңыздар, Алаш партиясында...

 Сталин:   -  Мұның орынды ултиматум, дегенмен ойланатын жағдай, шешімін ойланып айтайын... Боссыз.

(Ә.Бөкейханов кетеді, есіктің қағу дыбысы естіледі, подхалим кіреді)

Подхалим:  – Сталин мырза рұқст етіңіз

Сталин:  – Төрлет. Алаш орда үкіметін мойындауға қалай қарайсың?

Подхалим  – Сталин мырза, жергілікті жерлерде бір - ақ  билік болуы тиіс еме па? ол – Кеңес өкіметі. Ал қазақ комиттері болса екінші мемлекеттер еді. Оны мойындау – ұлттық мемлекетті мойындау деген сөз...

Сталин: - Ия, Оның рас.

Подхалим: - Кеңес өкіметінің саяси теориясының негізін салушы сіз – Сталин мырза, кеңес өкіметінің құрамындағы әр ұлтқа өзін басқаруға мүмкіндік берсек, кеңес өкіметінің біртұтас болып сақталуының қаупі төнеді. Дегенмен, бұл ұлтшыл партияның тағдырын тез арада шешу қажет...

Сталин: Жетер, оны өзім шешермін...Әрине, бізге біртұтас мемлекет керек...

Жүргізуші 1: Осы келіссөзден соң көп ұзамай  1918 ж сәуірде Сталин Әліби Жангельдинге хабарласып, «Алаш» орда үкіметі ұлтшылдық ұстанымдағы  партия, ал бізге  біртұтас мемлекет керектігін және оны Қазақстанда осы советтік негізде мемлекет құру ісін тапсырады.

Жүргізуші 2: Осыдан бастап Алаш өкіметінен қазақ комитеттерінің іргесі алыстай бастайды. Кеңес өкіметі де тікелей текетіреске бармай, Алашордамен екіжақты саясат ұстанды.

Жүргізуші 1: Әлекеңді 1922ж ұлтшыл деген себеппен елден аластап, Мәскеуге жер аударды. Ол – жаңа өкіметке қызмет етуден бас тартқан тұңғыш қазақ. Алдау тәсілімен кеңес өкіметі оны Мәскеуден шығармады, еліне жақындатпаудың амалын жасады. Бұл екі ортада ол сан рет абақтының бетін көрді.

(Көрініс тұтқындағы  Бөкейханов)

Жүргізуші 2: Қазақстан картасында КарЛАГ (ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері) пайда болды. Оның бірі Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь» деп аталды. Ол «Алжир» деген атаумен кеңінен мәлім. Бұл азап лагерінде әр түрлі ұлт өкілдерінен шыққан атақты ғалымдар, ақындар, өнер адамдары ұзақ жылдар бойы қамауда болып азап шекті. Тергеушілер Әлихан Бөкейхановтан жауап алып отыр.

Қазақ тергеушісі: Қалай Бөкейханов мырза, Қазақстанды Ресейден бөліп алмақ болған әрекетініңізді мойындайсыз ба?
Бөкейханов: Әрине мойындаймын. Әр ұлт өз егемендігін аңсайды, Тәуелсіз мемлекетін құруға әрекеттену қылмыс емес шығар....
Орыс тергеушісі: Қылмыс емес?! (Столды періп періп қалды). Қалай қылмыс емес?! Егер Ресейге бағынып келген әрбір халық өз алдына мемлекет болып бөлініп шыға берсе, Ресейде не қалады?! Жо оқ. Бұл тек жаудың әрекеті.
Қазақ тергеушісі: Мә, мойындаңыз да қолыңызды қойыңыз. (қағаз қалам ұсынады)
Бөкейханов: (қағазға үңіліп) Мына қағазда халыққа қарсы әрекет етті делінген ғой. Бұған қол қоя алмаймын.
Орыс тергеушісі: «Жә, жетеді! Мен қазір басшыларға барып баяндаймын. Жендетке тапсыр керек. Мықты болса шыдап көрсін. Мен қазір келемін.
Қазақ тергеушісі: (Есікті барып қарап келеді) Ағатай ай, мен сізге не жақсылық жасай алам? Сізді қашыруға да шамам жетпейді. Бар билік осылардың қолында. Бізге де сенбейтінін сеземіз.
Бөкейханов: Сен қуыршақсың ғой, шырағым. Менде бәрін түсінем.
Қазақ тергеушісі: Ағатай ай бәрібірде мойындатпай қоймайды ғой. Азап шегіп қайтесіз. Одан да қол қоя салмайсыз ба?
Бөкейханов: Ей шырағым ай, артымда маған қарап қара орманым – халқым тұрған жоқ па? Мен өзімді алдасам да оларды алдай алмаймын.
Қазақ тергеушісі: Сізді Ленин мен Мұстафа Шоқаймен кездескен дейді, сол рас па?
Бөкейханов: Ол түрменің әңгімесі емес шырағым, қайтесің.
Қазақ тергеушісі: «Ағатай, мен де еліме, халқыма пайдамды тигізсем деймін. Бірақ қалай? Білмеймін....
Бөкейханов: (күбірлеп) Бәрі алдамшы, бәрі жалған .
Орыс тергеушісі: (мырс мырс күліп) Әлі отырсыз ба?! Онда өз обалың өзіңе. Әкетіңдер!!! (Қасындағы жендетке алып кет деп белгі берді. Жендет сүйрей бастаған кезде Бөкейханов жендетті итеріп жібереді де былай дейді)
Ей, халқым
Еліміз үшін
Етегімізді түрген екенбіз,
Бар Алашқа ұран сап,
Елдікке шақырып жүрген екенбіз.
Шешінген судан тайынбас,
Ойымыз бір, мақсат бір,
Сорлы елімнің шіркін ай
Жыртылған жағасын бүтіндеп.
Жығылған туын көтерсек.
Бар Алаштың ұрпағы болып қайтадан,
Ұрандап атқа қонсаң бір,
Дүние дүр сілкінер еді, деп айта алам
Сонда менің болмас еді ау арманым
Арнар едім, сол елімнің жолына
Мына қысқа ғұмырымның қалғанын.

Жүргізуші 1: 1937жылы  27 қыркүйекте КСРО жоғары сотының әскери коллегиясы «возглавлял контрреволюционную войну против советской власти, устоновил связи с руководителями террористического центра в Казахстане и Москве» деген жалған айыппен қазақтың ұлт – азаттық жолындағы күрескен аса көрнекті қайраткері, ұлт көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановқа елден тыс жерде – Мәскеуде өлім жазасына кесілсін деген үкім шығарады. Үкім сол күні орындалады...

Жүргізуші2: Қазақ тарихында Алаш арыс­тарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибе­сін, салт-дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өр­кениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, көппен терезе теңестіруін көздеді. Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақ­сат етті. Сол жолда күресті. Сонымен қатар елге демократия, білім-білік алып келу үде­рісі­нің бастауында тұрғандар да – солар болды.

Алаш зиялылары – елшілдік пен Отанға адал қызмет етудің рәмізі. Олар – барды көбейтуші, үзілгенді жалғастырушы, жоқты жасаушы.
Алаш қозғалысының тарихи негізі Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі аса асқынған кезеңінен басталды десек те, Алаш идеясы одан әлдеқайда бұрын өмірге келіп, күні бүгінге дейін елім, жерім деп ұлт болашағын ойлаған әрбір қазақ жүрегінің терең түкпірінен орын тепкен. Өйткені Алаш қозғалысы қазақ қауымындағы отаршылдыққа қарсы бағытталған, прогреске ұмтылған жал­пыхалықтық демократиялық қозғалыс еді. Қазақ халқының үздік білім алған, кең ойлы патриот саңлақтарының пай­да болуымен тұңғыш ұлт­тық Алаш үкіметі құрылып, қазақтың саяси идеясының негізі қаланды.

Жүргізуші:  «Мәңгілік ел» идеясының негіздері: тарихи сабақтастық; қазақ мәдениеті; еркіндік; бірлік; күшті мемлекет; жоғарғы мақсаттар;  ұлы болашақ.  «Мәңгілік  елдің негізгі кезеңдері: ұлттық мемлекетті құру және халықты біріктіру идеясының пайда болуы;  ұлттық мемлекетті қолдау үшін күрестер;  халықты қорғаушылардың  қасіреті.     Елбасының  мемелкеттіліктің  жаңғыруы  және  халықтың  бірігуіндегі орны  өте зор.  Осы идеяның бастамасы санғасырлар жылдар бұрын басталған, ал нағыз ұйтқысы ол – алаштықтар болды.

Ей, жас ұрпақ! Сондықтан да, «Алаш» идеясы – ұрпақтың бойына отаншылдық пен мемлекетшілдік идеясын сіңірудің басты құралы, ұраны болуы керек!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)