Жақсы сөз - жанға қуат

ОҚО, Сарыағаш ауданы
№ 21Яссауи жалпы орта мектебі
Умарова Гульмира Амангелдиевна

Пәні: Өзін-өзі тану

 №21 Яссауи  атындағы  жалпы орта мектебі.

 Күні: 07.11.2017 ж  

 Мұғалімнің есімі: Умарова Г

 Сынып: 4 «А»

 Қатысқандар сан:  

  Қатыспағандар саны:

 Тақырыбы:

 Жақсы сөз - жанға қуат

Сабаққа негізделген оқу мақсаты «мақсаттары»

  Оқушыларға «жақсы сөздің» құндылығы туралы түсінік беру, жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын білдіру және жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктері дамыту.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Тақырыпты оқи алады алады.

 

Оқушылардың басым бөлігі: Өлең жолдарын талдай біледі.

 

Кейбір оқушылар: Тақырыпқа байланысты эссе жаза алады.

 Тілдік мақсат:

 Ж.О.Т.А.

Алдыңғы оқу

 Білімге құштарлық

Жоспар

Жоспарланған уақыт 40-мин

 Жоспарланған жаттығула«төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз»

Ресурстар 

   Басталу 10-мин

 1.Ұйымдастыру

І Қызығушылықты ояту.
Шаттық шеңбері
- Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгін мен сендерді Өзін - өзі тану пәні арқылы көргеніме қуаныштымын. Сендер қандай көңіл - күйдесіңдер?
Бір - біріміздің қолымыздан ұстаған кезде нені сезініп тұрмыз? Жақсы көңіл - күйді сезініп тұрмыз ба?
Оқушылардың жауаптары.
Ендеше бәріміз бірге мына өлең шумақтарын айтып шығайық:
Ой - жүйрік, тіл - шебер,
Танытса шындықты.
Мәнді ойды тілмен бер,
Сөзді тауып ұқыпты.
«Сіз», «біз»деген жылы сөз,
Жақсылықтың мейірі.
Бір - біріне болып көз,

  1. Үй тапсырмасын«Сұрақ-жауап» әдісін пайдаланамын.
  2. Ойын - жаттығу.
    Төменде ұсынылған тапсырмалар бойынша төрт топ шағын диалог - көрініс құрастырып, көрсетуі тиіс.
    1 - топ. Сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден үзінді.
    2 - топ. Тұтынушы мен сатушының дүкендегі сыпайы қарым - қатынасы.
    3 - топ. Емханаға келген науқас пен дәрігер арасындағы диалог.
    4 - топ. Әжесі мен немересінің бір - біріне айтқан жылы сөздері..
    Дәптермен жұмыс.
    Дәптерде берілген кестені (жақсы сөздердің адамға әсері және жағымсыз сөздердің адамға әсері) өз ойларыңмен толықтырыңдарын оқытып шығу.

Аялдама суреті автобус.

Ортасы.

Мағынаны тану

30 минут 

 

1.Жаңа сабақты  «Аялдама» әдіс арқылы түсіндіремін.

Оқулықпен жұмыс.  

       Мәтінмен жұмыс.
«Сыпайы қоян» Мексика ертегісі.
• Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі болды?
• Жылы сөздер арқылы қандай жағдайда көмектесуге болады деп ойлайсыңдар?
Жаңа ақпарат.
«Жақсы сөз адамды қуанышқа бөлейді. Олардың қарым - қатынасын жақсартуға ықпал етеді. Адамдар бір - бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа, достыққа қол жеткізеді».

Дәйексөз.
Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады. Науаи
Әлішер Низамаддин Науаи – (1441 – 1501) өзбек жазушысы, ғалым. Өзбекстанның Герат қаласында дүниеге келген. «Фархад пен Шырын», «Ләйлі Мәжнүн» атты еңбектері бар. 60 жасында қайтыс болған. Қазақстан Республикасында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Азаттық ауылында Ә. Науаи атында жалпы орта мектеп бар.
- Жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге, ашуын қайтаруға септігін тигізеді. Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан қолдан келгенше бір - біріңе жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс.
Топтық жұмыс

1-топ «Екі бөлімді күнделік» 

Жақсы сөздің адамға әсері... 

Жағымсыз сөздің адамға әсері... 

2-топ 

Әже, айналайын сөздерін қолданып өлең құрастыру

3-топ 

Түстер сөйлейді (Сары,көк, жасыл, қызыл түстерді пайдаланып ,адамның көңіл күйіне әсер ететін сурет салу)

4-топ    «Эссе»

Өткен сабақты сұрақ-жауап арқылы бекіту. Қорытындылау
- Жақсы сөз, жылы тілек әр адамның көңілін көтеріп, олардың жүрегіне жылу береді, көңіліне қуаныш сыйлайды. Жылы сөз адамдарды татуластырады, достастырады. Жақсы сөздерді бір - біріне жиі айту нәтижесінде өзара сыйластық артады.
Жүректен - жүрекке. (Оқушылар шеңберге тұрады,
қолдарына шарлар, жалаулар беріледі)
Күлімде, күн, күлімде,
Жер жасарсын көгерсін!
Кешегідей бүгінде,
Қанат қақсын көгершін
Күлімде күн күлімде
Бүлдіршіндер қуансын.
Қырдың көкшіл түгіндей,
Қолдарына ту алсын.

Аялдама, автобус.

 Аяқталуы 5-мин

Бағалау. Оқушының сабақтан алған әсерін смайлик арқылы бағалаймын.

Үйге тапсырма оқулықтағы сұрақтарға жауап жазу

 Смайликтер


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)