Өлең, жыр, ақындар

Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегім

Алматы қаласы

№76 жалпы білім беретін метептің

қазақ тілі пәні мұғалімі: Көрегенқызы Ардақ

«Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегім»                                                                     
Мақсаты: 1. Оқушыларды мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді ұлттық мереке- Тілдер күнімен шын жүректен құтықтаймыз! 

Көрнекілігі: итерактивті тақтада Президент портретін, Қазыбек, Әйтеке, Төле билердің портреттерімен нақыл сөздері,«Қазақстан халықтарының достығы», Қазақстанның көркем жерлері туралы слайдтар көрсету.

Әнұран орындау.

I - жүргізуші:
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

II - жүргізуші:
Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз!


1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар!
 22- қыркүйек тілдер мерекесіне арналған онкүндікті қорытындылай отырып , біз  бүгін тілдер мерекесіне арнап « Тіл тірегім – соғып тұрған жүрегім» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер.


2- жүргізуші: Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Өз ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ.
Сондықтан, әр адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей де білуге міндетті.

  • Музыкалық номер:  Би: 6 «А» сынып оқушысы Милена және 6 «Б» сынып оқушысы Сапунова Ангелина.  Қазақ биі

І – жүргізуші:
Қайта туды қазағымның ай – күні,
Күннен – күнге асар ма екен айбыны?
Жетпіс жылда өтті талай кешуден,
Қатар көріп шаттық , табыс, қайғыны.

ІІ – жүргізуші:
Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.                                                                                        
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім.

-  4 «Ә» сынып оқушысы :  Мерей  М. Мақатаев «Үш бақытым»

І – жүргізуші:
Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!
ІІ – жүргізуші:
Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!
І – жүргізуші:
Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!

ІІ – жүргізуші:
Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!
І – жүргізуші:
Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!
(Пауза жасалады.)

 2– жүргізуші. Музыкалық номер: 3 «А» сынып оқушысы: Өміржанов Диас күй тартады.

І – жүргізуші:
Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.
ІІ – жүргізуші:
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл!

1 - жүргізуші: ортаға 2 «Ә» сынып оқушысы Камзакова Жібекті шақырамыз.  «Туған тілім»

  • Би: 3 «А» сынып оқушысы: Әлжан Әсемді ортаға шақырамыз.
  • Көрініс: 5 «Б» сынып оқушылары: Бақша ағаштары

1 - жүргізуші :

О, туған жер! Қасиетіңнен айналайын
Тамсанамын, қарап тұрып артыңнан                                                                           
Шыққан балаң, қазақ деген халықтан
Нәр аламын, жер - анадан алыптан.

2 - жүргізуші :
Халқым теңіз толқыған,тілім терең
Мен мақтанам баршаға тілімменен
Ең асылың не?- десе құрметтейтін
Ойланбастан асылым тілім дер ем. 

   -    7 сынып оқушылары өлең оқиды:

1 - жүргізуші :

Тілім менің ғасырлардан аманат
Аманатқа адам болсын қолғанат.
Ар намысқа келтірмейік жаман ат.
Қазақ болып туылдың ба,
Ендеше,
Өз тіліңді өзгелерге бағалат.

  • Музыкалық номер: 2 «Ә» сынып оқушысы  Жанбекова Аделья «Мектебім» әнін орындайды.
  • Ортаға 5 сынып оқушыларын шақырамыз.
  •  3 «А» сынып оқушысы Әлмағамбет Талшын орындауында қазақ биі.

2 - жүргізуші :

Туған жер – алтын бесік,асыл анам,
Ауаңмен ақ сүтіңмен асыраған.
Мен – дағы ұлың едім өзің тектес.                 

  Алысқа несібесі шашыраған,- деп әркімнің өзінің туған жері, кіндік қаны тамған жері ән-жырларда өлеңмен жырланған.

  • Музыкалық номер:  6 «А» сынып оқушысы:                                         «Атамекен» әнін орындайды.

2 - жүргізуші :

 Қазақстанда тұратын барлық ұлттар еліміздің ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Біздің жүрегіміз бейбітшілікті қалайды. Бәріміз бейбітшілік туын жоғары көтеріп,болашаққа нық қадам басайық.
«Ынтымақ елдікке жеткізеді,
Береке бірлікке жеткізеді» деген халық қағидасын үнемі іс пен әрекеттің құралы ретінде пайдалануды естен шығармауымыз керек. 

 - 7 «А» сынып оқушысы: Олег би

  • 1 - жүргізуші : 

Ана тілім – анам,
Аппақ қардай арым
Мұра еткен бабам
Жарқыраған жаным.

  -     2 «А» сынып оқушысы Мұхамедәли Нұрай «Анашым» әнін орындайды.
1 - жүргізуші : 

Тілмен ғана қызық менің тірлігім

Тату еткен ел мен елдің бірлігін.

Туған тілмен асқақ шығып ізгі үнім,

Туған тілде алып жүрміз біз білім.


 - Ортаға 2 «Ә» сынып оқушылары шақырамыз.    қазақ биі
   2 - жүргізуші :

Ел тарихы, жер тарихы – өзіміз,

Болашақтың қасиетті көзіміз.                                                                             

Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,

Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз.

 
 -   2 «Ә» сынып оқушысы Тұрсын Қарақат «Ана тілі» әнін орындайды.

1 - жүргізуші: Қадірменді ұстаздар, жас достар!

2 - жүргізуші: Елдігіміз бен ерлігіміздің айнасы - Ана тіліміздің мемлекеттік мәртебесін жыр еткен салтанатты лездеме өз мәресіне жетті.

1 - жүргізуші: Тілі шұрайлы да оралымды қазағымның ана тілінің мерейі үстем болсын.

2 – жүргізуші: Қаймағы бұзылмаған қаймана қазағымыздың арда тілі жасасын!

1 - жүргізуші: Осымен тілдер күніне арналған мерекелік іс-шарамыз аяқталды.  Келесі көріскенше сау болыңыздар!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз