http://a-brands.kz/

Ертегілер елінде

Тәрбиеші: Токаева Айдана Сагинаевна
№7 «Алпамыс» бөбекжай балабақшасының  КМҚК
Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

«Ертегілер елінде»

 

Білім беру саласы: «Қатынас», «Денсаулық», «Таным», «Әлеуметтік орта»

Ұйымдастыру оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту, Дене тәрбисі, Өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Ертегілер елінде»

Мақсаты: Ертегі мазмұнымен танысу. Рольдік ойынды сомдай білу

Білімділік: Ертегі мазмұнын толық меңгеру

Дамытушылық: сөздік қорын дамыту

Тәрбиелік: жануарға деген сүйіспеншілігін арттыру,өзі ойнаған рольден қуанышты көңіл күй шаттық сезімін алу

Қолданылатын персонаждың көрнекіліктер: қатық,мейіз,сыпырғыш,ертеңгілік алаң,доптар

Сабақ барысы: Шаттық шеңбері

Балаларжеңіл әуен аясында залға доппен жеңіл жүгіріп кіреді.

Әртүрлі дене қимылдарын жасайды.

Тәрбиеші: Балалар көңіл-күйлерін қалай? (Балалар жауабы)

-Ендеше барлығымыз терең дем алып,артық демді шығарамыз.

-Енді келген қонақтармен амандасамыз!

-Ал,енді барлығымыз қыдырып келейік.

-Ой,мына жерде не болып жатыр? Қане,қане көрейік!

-Балалар,бұл жер ертегі елі сияқты (балалар көңілін аудару)

-Балалар біз де бұл жерге құр алақан келген жоқпыз.Біздің өзіміздің де ертегіміз бар.

-Ол қалай аталушы еді?

-Балалар жауабы «Мақта қыз»

-Ал,сендер әркім өз рольдерінді естеріңе алыңдар да,бас киімдеріңді киіп,орыңдарыңа тұра қалыңдар.

Нұрай- Мақта қыз

Бейбарыс- мысық

Сұңғат- сиыр

Асыланбек- ағаш (тал)

Мируана- су тасушы

Еркеназ –қыздар

Әмина-дүкенші

Ерғазы- тауық

Жансерік- тышқан

-Мақта қыз ортаға шығып үй сыпырып жүреді.

(Нұрай өлең айтып,жаймен үй сыпырады.)

Әрі қарай ертегі бойынша қойылым.

Ойын барысында тәрбиеші әр балаға көмек көрсетіп,әр баланы сұрақ-жауапқа тартады.

Балалардың көңіл-күйлерінің көтеріңкі болуын қадағалайды.

-Үй жануарлары сиырдан қандай өнім алуға болады?

-сүт,май,ірімшік,қаймақ,ет

-тауықтан қандай өнім аламыз? (жұмыртқа)

-ағаштан,дүкеншіден,судың пайдалары туралы есіне түсіреді.

-Ал,балалар сендер ертегі елінен қандай көңіл-күй алдыңдар?

-Енді осы мақта қыздың қатығын келген қонақтарға құйып берейік,өзімізде ішіп алайық.

-Қарындарын тойса,ойын ойнаймыз.

«Құрастыру» екі ертегі кейіпкерін құрастыру.

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)