Өлең, жыр, ақындар

Мұғалімдер күніне арналған ашық тәрбие сағаты

Шығыс Қазақстан облысы

Катонқарағай ауданы

«Юбилейное орта мектебі» КММ

Мың алғыс саған, ұстазым!

(Мұғалімдер күніне арналған мереке сценариі)

Жауаптылар: «Береке» тобы (1,4,10-сыныптар)

 

 

 

 

Көкбастау ауылы

2017-2018 оқу жылы

Мұғалімдер күніне арналған мереке сценарий

(Сахна әдемі безендірілген. Ұстаздарға арналған көңілді әуен ойнап тұрады.)

1-жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар қауымы! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бала жанының бағбанына айналған сіздердің оқушылар өмірінде алатын орындарыңыз ерекше. Өйткені сіздер оқушыларға саналы тәрбие мен сапалы білім беріп, ізгілік нұрын құюдасыздар. Сол үшін де сіздерге мың алғыс! Ендеше өздеріңізге арналған мерекелік концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

1. «Жас ұлан» ұйымының атынан 8-сынып оқушысы Жарқынбек Самғардың құттықтауы.

2. 4-сынып оқушыларының орындауында «Ұстазым» әні орындалады.

2-жүргізуші: Ал енді ұстаздардың қатысумен өтетін «Қызық екен» ойынын бастауға рұқсат етіңіздер.

(Ұстаздар екі топқа бөлінеді. Әр топтан үш-үштен ойынға қатысатын мұғалімдер іріктеледі, қалғандары өз топтарының ойыншыларына демеуші ретінде қатысады.)

Ойын шарты таныстырылады. Екі топқа барлығы 13 сұрақ қойылады.

1 сұрақ. Жапон мектептерінде оқушылар сабаққа неге кешігіп келмейді?

  1. Мектепті ішінен жауып алады +
  2. Кешіккен оқушыларды жазалайды
  3. Оқушылар мектепте қонады

2-сұрақ. Піскен жұмыртқаны бөтелкенің ішіне қалай кіргізуге болады?

  1. Суық су арқылы
  2. Ыстық су арқылы+
  3. Жылы су арқылы

3-сұрақ. АҚШ-тың мемлекеттік туындағы жұлдызшаларды кім ойлап тапқан?

  1. Мұғалімдер
  2. Қаңғыбастар (БОМЖ-дар)
  3. Оқушылар +

4-сұрақ Жалақыны ең көп алатын мұғалімдер қай елде?

  1. Швейцарияда+
  2. Қытайда
  3. Қазақстанда

5-сұрақ Мұғалімдер күні алғаш қай елде атап өтілді?

  1. Жапония
  2. АҚШ
  3. КСРО+

6-сұрақ Кентавр туралы аңыздардың кейіпкері, прототипі кімдер?

  1. Сақтар+
  2. Қазақтар
  3. Ғұндар

7-сұрақ  Ең ұзын әліпби қай елде?

  1. Америкада
  2. Италияда
  3. Камбоджияда +

8-сұрақ Бамбук” деген не?

  1. Ағаш+
  2. Шөп
  3. Гүл

 9-сұрақ Ең жылдам ұшатын жәндіктер?

  1. Ара
  2. Маса
  3. Инелік +

10-сұрақ Оңтүстік Америкалық бақалардың бақашабақтарының ерекшелігі?

  1. Есейген сайын денесі өседі
  2. Есейген сайын денесі кішірейеді+
  3. Денесі туғандағы қалпын сақтайды

11-сұрақ Қай қолдың тырнақтары тез өседі?

  1. Оң қолдікі
  2. Сол қолдікі
  3. Көбірек қимылдайтын қолдың +

12-сұрақ Есінеу кезінде қандай процесс іске асады?

  1. Миға оттегі барады+
  2. Ұйқы келеді
  3. Ұйқысы ашылады

13-сұрақ  Мидың салмағы кімдерде көбірек?

  1. Еркектерде+
  2. Әйелдерде
  3. Екеуінде де бірдей

 

 

 

 

ӘН. 4-сынып оқушыларының орындауында

Көрініс. 10-сынып оқушылары

Мереке соңында барлық оқушылар «Ұстазым» әнін хормен айтып, мұғалімдерге естелік сыйлықтар таратады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз