Өлең, жыр, ақындар

Елін сүйген - Дінмұхаммед Қонаев

 Алматы қаласы, алмалы ауданы

М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.Сынып жетекшісі:  Нареге Гүлназ

Ашық тәрбие сағаты  6 А» сынып

Тақырыбы:   Елін сүйген – Дінмұхаммед Қонаев

Мақсаты:  Қонаевтың   өмірінен  оқушыларға    мағлұмат  беру.  Қонаев  атамыз туралы  ой-пікірлерін     арттыру.  Д. А. Қонаев туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру. Ұлы тұлғаның халқына сіңірген еңбегін, ерлігін насихаттай отырып, оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.                           
Түрі: Танымдық  сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың  көрнекілігі:     Интербелсенді тақта,   нақыл  сөздер, суреттер,    слайдтар.

Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі 1). ҚР Гимні орындалады. 2). Мектеп әнұраны орындалады.

II. Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің 6 «а» сыныбы дайындаған «Елін сүйген – Дінмұхаммед Қонаев» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

       Дінмұхаммед атамызға келер болса, ол кісі тек қана елін, халқын ойлаған дара тұлға деп айтуымызға болады. Димаш атамыздың адамдарға жасаған жақсылығы, адамгершілігі өмір бойы ұмытылмайды. Ол кісі өте қарапайым, кез-келген адам алдына кіріп барса қарсы алып қабылдай беретін болған. Ол кісінің қарапайымдылығын оның елмен қарым-қатынасынан, жасаған жақсылығынан көруге болады. Көмек сұрап барған кісіні бос қайтармай, қол ұшын созған адам. Биыл Дінмұхаммед атамыз 105 жасқа толып отыр. Осы ашық сабағымызды өтпес бұрын атамыздың мұражайына оқушыларымызбен бірге барып қайттық.

   1-жүргізуші:  Аймен

      Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев  1912 жылы 12 қаңтарда бұрынғы Верный, қазіргі Алматы қаласында дүниеге келген. Д. А. Қонаев бастауыш білімді бүгінде Абдуллиндер көшесінде орналасқан Н.Г. Чернышевский атындағы №19 мектептте білім алған. Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы - Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы - Зәуре Баирқызы үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан. 1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітірген.

     1931-1936 жылдары - Қазақстан Өлкелік комсомол  комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.

Енді назарларыңызды Дінмұхаммед Қонаев жайлы бейне баянға аударыңыздар.

     2-жүргізуші: Зейнеп

Сенің орның биіктерде, тереңде,
Сыймайсың сен сырлы әнге, өлеңге.
Өмір бақи әлпештеген қазақты
Сендей бекзат қайта айналып келер ме.

1-жүргізуші:  Аймен

Алатаудай қабырғалы ұлығым,
Пайғамбардай ғұмыр кештің, тұнығым.
Тіршіліктің жүрегінде қалыпты,
Қаратаудай мұқалмайтын сынығың.

2-жүргізуші:  Зейнеп

Димаш атамыздың құрметіне орындалатын күй: «Балбырауын»

орындайтын Жакуп Ернат.

1-жүргізуші:  Аймен

Өшпейді ғой, өлмейді ғой ұлы еңбек,
Елің барда мәңгі бақи еленбек.
Ел үшін атырам деп жарық таңды,
Сіңірді жан аямай ол көп еңбек - деп Дінмұхаммед Қонаевтың атқарған игі істері мен еңбек жолдарын айту үшін оқушыларға сөз кезегін берейік.

1-оқушы:  Ернат

1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Дінмұхаммед Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасады. Ол бұрғылау станогында машинист, мастер, ауысымдық инженер, цех бастығы, бас инженер, рудник директоры болып жұмыс істеді.

2-оқушы:  Арсен

1939 жылы – Екінші дүниежүзілік соғысының  қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды. Осы жылы Дінмұхаммед Қонаев КОКП мүшелігіне қабылданды.  Осы жылы Дінмұхаммед Қонаевтың Зухра Шәріпқызымен үйлену тойы болып өтті.

3-оқушы:  Адия

1942 жылдың сәуір айында отыз жасында- Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім артты.

1952 жылдың сәуір айында Д. А. Қонаев Қазақстан Ғылым академиясының президенті болып сайланды. Оның басшылығымен институттардың ғылыми қызметін жақсарту, оларды кадрлармен нығайту, Қазақстанның өндірістік күш  қуатын дамытудың кешенді проблемаларын  шешуге арналған кесек кесек қызметтер атқарылды.

4-оқушы:  Мөнхсугар

1955-1965 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.

1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.

1986 жылы 16 желтоқсанда Д. А. Қонаевтың зейнетке шығуына байланысты Бірінші хатшы қызметінен босату туралы шешім қабылданды.

5-оқушы: Аружан

Дінмұхаммед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала  пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск,Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.

6-оқушы: Санжар

Д.А.Қонаев металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып,  Өскемен, Орал, Қарағанды,Петропавл, Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. Қазақ жерінің аумағында көмір мен мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды. Жамбыл мен Шымкент қалаларында орналасқан комбинаттар сары фосфор өндіру бойынша әлемде бірінші орында болды.
7-оқушы:  Дана

Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектер мен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді.
8-оқушы:   Диана

Дінмұхаммед  Қонаевтың  марапаттары

  • 1938 жылдың қарашасында Балқаштың алғашқы мысы балқытылып, Қонаев өзінің тұңғыш медалін алды.
  • 8 Ленин ордені
  • Еңбек Қызыл Ту ордені
  • Медальдар
  • Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері (1972, 1976, 1982) атанған.

9-оқушы:  Бекарыс

МАҚАЛАЛАРЫ МЕН КІТАПТАРЫ
1978 жылы – «Кеңестік Қазақстан», «Таңдамалы сөздері мен мақалалары» «Менің уақытым туралы», «Сталиннен Горбаечевқа дейін»

  • 1992 жылы – «О моём времени»
  • 1994 жылы - «От Сталина до Горбачёва»
  • 1994 жылы - «Ақиқаттан аттауға болмайды»

10-оқушы:   Альбина

ҚОНАЕВ ЕСІМІ БЕРІЛГЕН ЖЕРЛЕР
Алматы қаласында ескерткіш – бюст.
Астана және Алматы қалаларында - көшелер.
Үлкен Алматы каналы.
Орал қаласында - шағын аудан.
Тараз қаласында - орталық көше және бюст.
Талдықорғанда - көше, сәулетті кешен және бір жоғарғы оқу орны.
Алматы қаласында - жекеменшік университет.
Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында - орталық көше.
1992 жылы Алматыда Халықаралық Қонаев қоры құрылды.
1994 жылы – Алматы қаласында Д.А.Қонаевтың мұражайы ашылды.
Шымкент қаласында - орталық гүлзәр және сол гүлзәр бойында мұражай.

11-оқушы:  Н.Санжар

1993 жылы 22 шілдеде 82 жасқа қараған шағында жүрек қан жүру жетімсіздігінен Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев қайтыс болды. Димаш атамыздың құрметіне орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

12-оқушы: Еңлік

Димаш атамыздың 81 қару-жарағы болған екен. Олардың 12-сі – мылтық, 1 «Браунинг» тапаншасы, қалғандары – пышақ, қанжар, семсер, қылыштар. Бұл жәдігерлердің басым көпшілігін шетел мемлекеттерінің басшылары мен еліміздің белгілі қоғам қайраткерлері сыйға тартқан.

13-оқушы:  Ұлдана

Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев бала кезінде сыныптас досы, кейінірек белгілі жазушы болған Дмитрий Снегинмен бірге жиі-жиі аңға шыққан көрінеді. Ал Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарған жылдары сол кездегі Министрлер Кеңесінің төрағасы Бәйкен Әшімов және оның орынбасары Сұлтан Жиенбаев, қазақтың көрнекті ақыны Олжас Сүлейменов, жеке дәрігері Ахат Мүліковтермен аңға шығып тұрған. Олардың айтуына қарағанда, Дінмұхаммед Ахметұлы құралайды көзге атқан мерген болған деседі.

14-оқушы:   Нұргүл

Жазушы Ілияс Есенберлин былай деген екен:

"Көрнекті адамдар өз елінің не бағына, не сорына туады" деген ескі мақал бар. Димаш Ахметұлы болса туған елінің бағына туған адам және біздің әрқайсымыз үшін айрықша ыстық. Әсіресе ол өмірі қауіп пен қатерде жүрген адамдарға тіптен алабөтен жакын сияқты. Оның басты қасиеттері адамсүйгіштігінде, әділеттілігінде, биік адамгершілігінде, нактылығында, істі терең білуінде. Оны өзгелерден ерекшелендіріп түратын қасиет ғажайып даналығы болса керек. Ол өз ісі арқылы халқының шынайы сүйіспеншілігіне ие болды, оның аты өзін шексіз құрметтейтін ұрпақтарының жадында мәңгі қалды".

15-оқушы:  Айым

 Ескендір Тынышбаев, кинооператор

"Сонша мәрт адамның сен бір жақтан жолаушылап келгенде балаша қолыңа қарайтынына қайран қаламын. Сондағы күтетіні Тас шақпақ (зажигалка). Әкелсең — ат мінгізгендей қуанады, әкелмесең — "мен сенің сараң екендігінді енді білдім" деп, қасқайып қарап отырады. Ұлы адамның біз білмейтін құпия жаратылысы бар шығар".

16-оқушы:  Алуа

Нұрсұлтан  Назарбаев

«Дінмұхаммед  Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам».

 2-жүргізуші: Зейнеп        
Тiрiсiнде биiкке түлеп өрлеген,

Тәнi өлсе де, ұлының жүрегi өлмеген.

Таң нұрына шомылып, күнде азанда,

Таулар бар ма, Димаш боп түрегелмеген.

1-жүргізуші:    Аймен

Димаш аға! Дидарыңыз жарық күн,
Ұранысыз қазақ деген халықтың.
Саясаттың дауылына сынбаған,
Өзіңізсіз бәйтерегі тарихтың,-дей отырып тарих пәнінің мұғалімі Исаева Анар апайға сөз береміз.

2-жүргізуші:

-Енді балалар, Қонаев атамыз жайлы кім не біледі екен соған тоқталып өтейік.

  1. Дінмұхаммед Қонаев биыл қанша жасқа толды? (105)
  2. Дінмұхаммед қай жылы қай жерде дүниеге келген?
  3. Дінмұхаммедтің ата-анасы кім?
  4. Дінмұхаммед қай қалада және қандай Институтта оқыды? (Мәскеу қаласы, Түсті металл Институты).
  5. Дінмұхаммед 1942-1952 жылдары қандай қызмет атқарды? (Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары әрі  Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті) 
  6. 1960-1986 жылдары  қандай қызмет атқарды? (Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы)
  7. Неше рет Социалистік еңбек ері атанды? (3)
  8. Дінмұхаммедтің айналысатын сүйікті ісі қандай? (қару-жарақ коллекциялаған, аңшылықты ұнатқан).
  9. Дінмұхаммед өз пәтерінде қанша жыл өмір сүрген?( 24 жыл)
  10. Дінмұхаммедтің бойы қанша? (198 см).
  11. Дінмұхаммедтің аяғының размері қанша болған? (46)
  12. Қонаевтың әйелінің аты кім болған? (Зухра Шариповна)

Хор: «Атамекен»

1-жүргізуші: Осымен  6 «а» сыныбы дайындаған  қазақтың дара, біртуар тұлғасы Дінмұхаммед Қонаев атамызға арналған ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.

     


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз