Техника қауіпсіздігі. Санитария және гигиена

"Қаракемер кәсіптік колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Аспаз мамандығының өндірістік оқу шебері және арнайы пән оқытушысы: Сейтбекова Садықан Каримовна

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: КТК-дағы техника қауіпсіздігі. КТК цехтарымен таныстыру.
Еңбек және өрт қауіпсіздігін түсіндіру және қайталау.
Дамытушылық: Студенттердің білік дағдысын тәжірибе көрсете отырып дамыту.
Тәрбиелік: Студенттерді ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақты материалдық-техникамен қамтамасыз ету: Плакаттар.

Сабақ түрі: тәжірибелік оқыту.

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі  (2 мин)
1. Студенттермен сәлемдесу
2. Кіріспе нұсқау (43 мин)
1. Техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Санитария және гигиена.         
Тапсырма:
Еңбекті қорғау жәнетехника қауіпсіздігі.
1. Қауіпсіздік ережесіне қойылатын жалпы талаптар
1.1. Лабороториялық жұмысқа медициналық қараудан өткен және қауіпсіздік ережесін оқып білген адамды жібереді.
1.2. Қауіпті өндірістік факторлар:  
Байқаусызда қолын кесіп және жаралап алған жағдайда:
Ет тартқышпен, үккішпен жұмыс жасаған кезде саусағын жаралап алған жағдайда;
Буға және ыстық–сұыққа күйдіргенде; электр плиталарымен жұмыс жасағанда, электр тоғына түскен жағдайда;
1.3. Лабароториялық жұмыс кезінде арнайы жұмыс киімі болуы керек. Халат, орамал, қалпақ, алжапқыш.
1.4. Оқушылар қатты жарақат алған кезінде мүмкіндігінше жедел-жәрдем шақырып, жақын маңдағы емханаға жеткізу қажет.
1.5. Лабароториялық жұмыстан кейін жақсылап қолды сабындап жуу қажет.

2. Өндірістегі жарақаттану кезіндегі қауіпсіздік ережесі
2. Жұмыс басталар алдындағы қауіпсіздік ережелері
2.1. Арнайы жұмыс киімін киіп, шашты жинап, қалпақтың астына жинау қажет.
2.2. Құрал-жабдықтың дұрыстығын және таңбасын тексеру қажет
2.3. Ыдыстардың сынбағандығын, бүтін екендігін тексеру қажет.
2.4. Сору жеделткішін және рубильникті қосу.

3. Техника қауіпсіздігінің негізгі жиыны
3. Жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесі
3.1. Электр плитасын қосар алдында оның дұрыс қосылып тұрғандығын анықтау қажет.
3.2. Көкөністі тазалағанда абай болуй керек.
3.3. Нанды, гастрономды өнімдерді, көкөністі және басқа өнімдерді жақсы өтетін өткір пышақпен арнайы тақтайларда кесу керек. Сол қолдың саусақтары бүгіліп және пышақ жүзінен аулақ болуы тиіс. Көкөніс, ет және балық, нан өнімдері әртүрлі маркалы тақтайшаларда кесу керек.
3.4. Ет тартқышпен жұмыс жасаған кезде ет және басқа өнімдерді қолымен итеруге болмайды.
3.5. Үккішпен жұмыс жасаған кезде абай болу керек. Өткізетін өнімді жақсылап ұстап, оныңұсақтарын өткізбеген қажет.
3.6. Пышақ және шанышқыларды бір-біріне жүзі жағымен беруге болмайды.
3.7. Өнім қалдықтарын уақытша сақтау үшін қақпағы бар ыдысқа салу қажет.
3.8. Ыдыста қайнатқан кезде оның тасымауын қадағалау қажет, ыстық қақпақты арнайы орамалмен ұстап ашу және өзінен алшақтап ашу қажет.
3.9. Табаны плитадан таба ұстағышпен алу қажет.

4. Жұмыс біткен соң қойылатын қауіпсіздік ережесі
4.1. Электр плитасын өшіру
4.2. Үстелді, ыдыстарды, жұмыс құралдарын жуу керек.
4.3. Қалдық және қоқыстарды шығару қажет.
4.4. Жұмыс киімін шешіп, сору жеделткішін рубильникті өшіру керек. Қолды жақсылап жуу қажет.

Санитария және гигиена
1.1. Жұмыс барысы алдында қолды жақсылап жуу, сабын немесе щеткамен жуып, таза жұмыс киімін кию қажет .
1.2. Өкшесі биік аяқ киім киюге болмайды.
1.3. Тырнақты қысқа етіп алу керек,онда түрлі микробтар болмау үшін.
1.4. Сырға мен сақиналарды және сағатты шешіп қою қажет.
1.5. Жұмыс киімімен лаболоториядан шығуға болмайды.
1.6. Өзімен бірге таза орамал болуы қажет
1.7. Медициналық қобдиша болуы қажет,

2. Жұмыс уақыты кезінде
2.2. Шикізаттарды ұстап, піскен өнімнің жұмыс жасау алдында қолды жуу керек.
2.3. Әжетханаға барған соң, қолды тазалап жуу керек.
2.4. Қолды жұмыс киіміне сүртуге болмайды.

3. Жұмыс біткен соң
3.1. Жұмыс орнын жинап үстелді сода қосылған сумен жуу керек.
3.2. Жұмыс киімін шешіп, іліп қою керек.

3. Сабақ барысындағы нұсқау (180 мин)
Кіріспе нұсқау және жұмыс орындағы техника қауіпсіздігін студенттерге түсіндіру және студенттердің түсінгендігін қадағалау.

4. Соңғы нұсқау (43 мин)
1. Студенттерден техника қауіпсіздігін толық түсінгендігін сұрақтар қойып тексеру.
2. Студенттерге мақтаулар мен ескертулер айту.

5.  Үйге тапсырма (2 мин)
Техника қауіпсіздік ережесін қайталау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)