Гг дыбысы мен әрпі

«Қ.Игенбайұлы атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ-нің  
Мектепалды даярлық тобының мұғалім-тәрбиешісі:
Байгазинова Акмарал Абылкасимовна   
   

Мерзімі

21.01.2018жыл

Сыныбы

0 «Б»

Пәні

Сауат ашу негіздері

Тақырыбы

«Гг дыбысы мен әрпі»

Мақсаты

   • Балаларды Гг дыбысы мен әрпімен таныстыру:
   • Жұмбақты шешеді;
   • Түсті қағаздан Г әрпін жасайды;
   • Ертегілер еліне саяхат жасап г дыбысын жан-жақты талдап табады.
   • Сөз ойлау арқылы тіл байлықтары дамиды.
   • Сурет арқылы тақпақ жаттайды;
   • Қол жаттықтыру, дәптерлеріне Г әрпінің баспа түрін жазып  үйренеді.

Оқыту нәтижелері

Балалардың байланыстыра сөйлеуін, сөздік қорын, жұмбақ шешуін, өз ойларын ашық айтуға, дұрыс сөйлем құрастыруға үйренеді.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Түйінді идея

Таңбаны үйренеді, табиғатқа қамқорлық жасайды, жапсырма жұмыс жасауды үйренеді.

Ресурстар

Стикерлер тарату, гүлдердің суреттері салынған слайдтар, жапсырма қағаздар, «Әліппе кестесі»,

Қамтылған модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл.

Жас ерекшеліктеріне сай оқыту.

АКТ пайдалану. СТО

Сабақтың әдісі

Түсіндіру, сөздік-ойын, сұрақ-жауап.

 

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

І. Қызығушылықты ояту. 

 

 

1. Ұйымдастыру.

Ынталандыру, сезімді ояту

 

Балалар, шаттық шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталайық!

 

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді болып жүрейік!

ІІ. Өткен сабақты қайталау

 

 

 

 

 

 

 

Балалар бізге қай жыл кірді?

Ия, дұрыс айтасыңдар. Бүгін біздің сабағымызға қонақ келді – ол Ақтөс.

Ақтөстің сендерге алып келген тапсырмасы бар екен.

Балалар, алдыңғы сабақтағы сурет арқылы жаттаған «Ғ» әріпіне  байланысты «Ғарыш кемесі»  деген тақпағымызды Ақтөспен

бірге қайталайықшы бәріміз.

«Ғ»әріпі нене ұқсайды?

«Ғ» әрпіне байланысты сөздер айтайық.

Балалардың пікірін тыңдау

C:\Users\Менин комютерим\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\Изображение0011.bmp

      Ғарыш кемесі

  Сапар үшін келесі
  Дайын ғарыш кемесі
  Бұған ертең, мініп ап,
  Айға барам зымырап.

ІІІ Жаңа сабақ.

 Ой қозғау.

 

Жұмбақ.

Жұпар иісі еседі,

Жайнап бақта өседі.

Қай әріптен басталған,

Аты не, кім шешеді?

      (Гүл)

 Балалар гүл дегенде қандай дыбыс естіліп тұр?

Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

«Гг дыбысы мен әрпі»

Г – ұяң, дауыссыз дыбыс

Г әрпіне байланысты сөздер

Балалардың пікірін тыңдау

C:\Users\Менин комютерим\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\Изображение.bmp

Оқулықпен жұмыс

Қауіп төнсе қалт етпей,

Тың тыңдайды құлақ сап.

Тұмсығымен мойыны

Қалыпты ғой Г-ге ұқсап.

 

Сұрақ. Балалар, мынау қандай құс?

Ия, балалар Г дыбысы қандай құсқа ұқсайды екен.

Тағы неге ұқсайды екен?

Ия, қоңырау гүлге ұқсайды екен.

Сурет арқылы әріптін неге ұқсайтынын табады.

C:\Users\Менин комютерим\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\Изображение0006.bmp

Шығармашылық жұмыс

Балалар біз енді түсті қағаздан Г әрпін жапсырамыз.

Қиындылардан Г әрпін жасайды.

 

 Мағынаны ажырату

 

1.Дыбыстар                     

 

Ертегілер еліне саяхат.

Балалар оқулықтағы кейіпкерлерді атайықшы.

Сендерге қай мультфильм ұнайды?

Суреттен Г дыбысы естілетін сөздерді ата?

Ертегі сөзінде Г дыбысы нешінші буында тұр.

Буынды табады.


2.Тапсырма

*  Құртақандар туралы ертегідегі ергежейлер нешеу?

* Сан атауларындағы Г дыбысының орнын тап?

Суретке қарап сандарды атайды, г дыбысын табады.

Сергіту сәті

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап дем алам.

Қолымызды қозғалтып,

Гүлдей болып жайқалам.

Би билейді

 

Дәптермен жұмыс

Балалар, қай гүл түсінің аталуында Г әрпі бар?

Дәптердегі берілген Г әрпін бастырып жазайық.

Балалар дәптердегі гүлдің түсін тауып, айтады, жазады.

Суретпен жұмыс

Балалар, сурет арқылы ГҮЛ деген тақпақты жаттайық

Сурет арқылы тақпақ жаттайды

         Г ү л д е р і м              

     Гүлдер, гүлдер, гүлдерім,

     Қандай әсем түрлерің?

     Ойы-қырым тұр тұнып,

     Өсіңдерші құлпырып.                  

Рефлексия

Кері байланыс «Бағдаршам» әдісі

Балалар сабақтан алған әсерлерін стикерлер арқылы бағдаршамның көзіне жапсыру.

Балалар сабақтан алған әсерлерін бағдаршамның көздеріне стикер арқылы апарып жапсырады.

 

Бағалау

Белсенді қатысқан балаларға смайлинктаржабыстырып беру.

Балалар күнделігіне

Қорытынды

Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма?

Тілек: Бүгінгі сабақты үйде қайталап, естеріңе түсіріп, жақсы бала  болуларыңа тілектеспін!

Рахмет!

 



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)