Менің отаным Қазақстан

ОҚО «Түлкібас» ауданы Састөбе поселкасы
МКҚК «Қарлығаш» балабақшасы
Тәрбиеші: Тулебаева Кулпанай Амирхановна
                                                    

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Менің отаным Қазақстан».

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы туралы білім беру. Балалардың тіл байлығын, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту, туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Мемлекеттік Рәміздер, Қазақстан картасы, суреттер, отан туралы мақал-мәтелдер.

Сөздік жұмыс: Отан, туған жер.

Билингвальды компонент: Отан – родина, туған жер- родная земля, астана – столица.

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

               Шаттық шаңбері:

-Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз,

Біз бақытты баламыз.- дей отырып, «Менің Отаным -Қазақстан» атты  оқу қызметімізді ашық деп жариялаймыз.

Қазақстан  Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады.

 

Шеңбер бойына тұрып, тәрбиешімен бірге қайталайды.

Ұйымдастыру

шылық –ізденушілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар, сендер қандай ән орындадыңдар?

-Қазақстан Республикасының ән орындадық.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Әрбір республиканың өз  ерекшелігін білдіретін әнұраны, туы, елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп аталады.  Осы рәміздер туралы  жеке-жеке түсінік беріп өтейік.

Слайдпен  жұмыс:

-Мынау –біздің  туымыз. Тудың  түсі аспанның түсіне  ұқсас көк аспандай көгілдір., ортасында күн, астында бүркіт ұшып келе жатыр.

-Мынау – елтаңбамыз. Елтаңбада шаңырақ, күн сәулесі, бес бұрышты жұлдыз. «Қазақстан» деген жазуы бар.

-Балалар, Қазақстан Республикасының ел басшысы кім?

-Балалар, біздің отанымыздың   астанасы қай қала?

                        Ел бөбегі  бүлдіршін жас баламыз.

                        Астанамыз Астана – бас қаламыз.

-Балалар ,үлкен мерекелерде  туымыз көтеріліп, әнұранымыз орындалады. Рәміздерді үлкен де , кіші де құрметпен жоғары ұстауы тиіс. Ал әнұранды біз білеміз. Сендер  елтаңба мен  туды әрқашан қастерлеуге  тиістісіңдер. Қазақстан  Республикасының  рәміздері туралы кім тақпақ біледі?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Жарайсыңдар,балалар. Біз Қазақстанда тұрамыз демек. Отанымыз-Қазақстан. Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген мақал бар. Сендер үлкен болып өскенде Отанымызды қорғайтын азамат боласыңдар.

-Отан деген не, қалай түсінесіңдер?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар, өте жақсы .Егеменді елдің басты белгісі- тіл, қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналады. Қазақ тілі біздің –ана тіліміз.

                         Сергіту  сәті:

Гүлдей жайнап,

 күндей жайнап,

Мен ер жетіп толамын.

Әжем айтқан дәу жігіт боп,

Ағалардай боламын.

Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш.

Шынығамыз таңертең

Солдат болам мен ертең.

 

 -Балалар қанекей, көк туымыз мәңгілікке асқақтап, желбірей берсін деген  ниетпен , мына күн  сәулелерін сендерге  таратып беремін.Ал, сендер, өз тілектеріңді, отанға деген сүйіспеншіліктеріңді айтып, күн сәулесін құрап жасаймыз

Балалар қолдарын жүрек тұсына қойып әнұранды орындайды.

-Қазақстан Республикасының әнұранын орындадық.

 

 

 

 

 

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-Астана қаласы.

 

 

 

 

Көк  туымыз бетінде, Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай еркіндеп,

Біз өсеміз талапты.

 

 

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

 

Елтаңбасы елімнің

Қандай әйбәт әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

 

Құт береке шаңырақ

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақпен көмкерген

 

-Отан деген менің үйім, туған жерім.

-Менің жүрегім Отан деп соғады.

 

Азаматқа лайық

Отанымның ұлымын.

Отанымд қорғайтын,

Азаматтың бірімін

 

Отан деген Атамекен

Отан деген-туған жер.

Отан –ана, Отан-үлкен

Қазақстан туған ел.

 

 

Отанды жас ,кәріміз де

Туған жер деп сүйеміз

Өйткені онда бәріміз де

Туып өмір сүреміз.

 

Отанды біз «атамекен»

Деп аялап айтамыз.

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз

 

.

 

 

Балалар қолдарын созып, сермеп қайталап айтады.

 

 

Балалар өз сөздерімен тілектерін айтып, күнге сәулелерін әкеліп жапсырады.

-Аспанымыз ашық болсын!

-Еліміз тыныш болсын!

-Елбасымыз аман болсын!

-Ауылымыз көркейе берсін!

-Ата-аналарымыз аман болсын!

-Достарымыз көп болсын!.

Рефлексиялық

Түзетушілік.

                        Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»

-Міне, балалар өміріміздің  жалғасы, еліміздің қорғаны, тірегі болыңдар.

«Сенде бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тапта , бар қалан» деп, бүгінгі бүлдіршін балаларымыз қорғанымызға кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен оқу қызметімізді аяқтаймыз.

Балалар  әнді бірге хормен  айтты.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Отан, Атамекен, Қазақстан туралы.

Түсінеді: Отанға деген махабаттың өзіндік ерекшелігін;

Меңгереді: Туған жерінің табиғатын, елін, жерін, отбасын сүюдің қарапайым дағдыларын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)