Өлең, жыр, ақындар

My village

ОҚО Кентау қаласы Қарнақ ауылы
«Айша-Биби» бөбекжай балабақшасының
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Шахиста Ташметова Абдрахмановна

Тақырыбы: «My village. Менің ауылым.»
Мақсаты:  Балалар  ауылдың мәдени ортасы, тарихы және табиғаты, шаруашылығы, экономикасы туралы білім алады.
Ойлау қабілеттерін, өз ой, пікір тұжырымдарын байланыстырып сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту.
Шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана - сезімі жоғары, білімге құштар, азаматтық ұстанымы берік және патриоттық  сезімі жоғары ұрпақ тәрбиелеу.
Сабаққа керек техникалық құралдар: проектор, колонкалар.
Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, бейнетаспа, аудиотаспа.
Сабақтың барысы:

Педагог: Hello, children!

Балалар: Hello!

Педагог: Келген тәрбиешілер мен амандасып алайық.

Балалар: Қайырлы таң ұстазым,
Қайырлы таң достарым.
Шеңберге біз тұрайық,
Жылулықты сыйлайық.
Доброе утро учитель,
Доброе утро друзья.
Посмотрите друг- друга,
Пожелайте добра.
Good morning, good morning.
Good morning to you.
Good morning, good morning,
We are glad to see you!

Негізгі кезең:

Педагог:  - Sit down, children. Lets repeat last lessons. How many seasons in a year?

Балалар:- Four seasons in a year.

- Do you know names of seasons?

Балалар:- Winter, Spring, Summer, Autumn.

Педагог:  - Жарайсыңдар. Табиғаттың төрт мезгілінде түрт түрлі түске кіреді. Осы түстерді ағылшынша айтып беріңдер ші.

Winter is white,
Spring is green.
Summer is bright,
Autumn is yellow.

Үнтаспадан ауыл туралы ән тыңдау. (Жұбаныш Жексенұлы. «Ауылым ») Әннің мәтініне  назар  аудару.  — Ән не туралы баяндалған?

- Әннің әуеніне құлақ түріңдерші?

- Сендерге қандай әсер  берді?

- Әрине, ауыл туралы сыр шертеді.

- Ендеше ауыл туралы өз ойларыңды айтыңдаршы. Ауыл дегенде көз алдарыңа не елестейді? Ауыл деген сұраққа не деп жауап берер  едіңдер?

Бабахан: Ауыл – қазақтың алтын бесігі, түп төркіні.

Мафтуна: - Ауыл десе кең  жайлау, ағынды өзен, асқар тау елестейді.

Мухлиса: - Ауыл десе сиыр сауған апаларымыз, қымыз сапырған әжелеріміз елестейді.

Табриз: Ауыл десе асыр салып ойнаған ауылдың қара домалақ баласы елестейді.

Cлайдпен жұмыс жүргізу.

1) Сабақтың тақырыбы: «Ауылым – алтын бесігім» Мен өзімді және жазиралы кең жерімді сүйемін. Адам асқақ арманына, туған ауылын,  жерін, Отанын сүйсе ғана қол жеткізе алады. Қарнақ ауылы туралы видео көрсетіледі.

Педагог: 

Қарнақ – Оңтүстік Қазақстан облысында, Кентау қаласынан 14 шақырым батыста, Түркістан қаласынан 25 шақырым солтүстікте орналасқан тарихи ауыл. Қарнақ ауылы солтүстіктен Қаратаумен, оңтүстікпен Шекербұлақ ауылымен, шығыстан Кентау қаласымен және батыстан Бабайқорған елді мекенімен көршілес орналасқан. Барлық жер көлемі 52766 гектар. Ауыл тұрғындарының саны -15600. «Қарнақ» атауының  этимологиясына байланысты әлі де нақты пікір қалыптаспаған. Халық аузында «Қарнақ»  атауының келіп шығуы туралы әр түрлі аңыздар , деректер кездеседі.  Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қасиетті тайқазан біздің ауылымызда құйылған. Тайқазанды жеті түрлі асыл металлдан құйған. Қасиетті тайқазанды құйуда Әбділ Әзиз Шарафутдин Тебризи ұстаның зор еңбегі сіңген. Өткен тарихымызға көз жүгіртер болсақ, Қарнақта 4 медресе болған екен. Сондықтан, «Ілім Қарнақтан тараған » деген сөздер кездеседі. Сондай- ақ, ауылымыздан көптеген зиялы қауымдар, атақты ғалымдар шыққан. Ауылда 4 мектеп, емхана, дәріханалар, сауда орталықтары халыққа қызмет көрсетуде.  

Ауыл туралы мәлімет алдыңдар. Енді осы тақырыптың жаңа сөздіктерімен танысайық...

Блингвалды компонет:

Ауыл- село- village.
Тарихи- исторический- historical.
Мектеп- школа- school.
Емхана- поликлиника-  polyclinic
Дәріхана- аптека- pharmacy.
Ауыл туралы тақпақ үйренейік...

Village.
My village is like my mother.
My village is my life.
My village is full of freshness and happiness.        
My village is full of life,
Full of trees and flowers. (педагогтың соңынан балалар қайталайды).

Осы тақпақтың мағынасын қазақ тілінде айтып берейін:
«Менің ауылым менің анам сияқты
Менің ауылым менің өмірім.
Менің ауылым бақытпен қуанышқа толы
Менің ауылым өмір бойы
Ағаш пен гүлдерге толы.» Тақпақтың мағынасы өте жақсы екен. Тақпақ сендерге ұнады ма?

Балалар:- -Ия.

Муслима: 

«Ауыл десем, мал елестер көзіме
Ауыл десем, дән елестер көзіме.
Ауыл десем ер саламын құр атқа
Ауыл десем, ән естілер құлаққа» деп халқымыз бекерге өлеңдетпеген. Ең таза ауа, пайдалы тағам, ыстық жер бұл ауыл екен, балалар. Ауылдың қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

-    Ауылда мал бағады.
-    Ауылдың әр бір үйінде сүт, айран, құрт бар.

Жарайсыңдар, балалар!

Ертеде ауылда өскен ата, ағаларың, әкелеріңмалдың тұяғынан алынған асық ойнаған. Асық қазақ халқының ұлттық ойыны.

Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған икемделген. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ептілікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді.

Алшы — асықтың иірілгенде тегіс табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған бірінші дәрежелі мән беріледі. Тәйке (тәуекел сөзінен шыққан) — асықтың иірілгенде шұңқырлау табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ол екінші дәрежелі мәнге ие. Бүге (бүк түсіп жатуы) — асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие. Шіге (шік) — асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі. Ол төртінші дәрежелі мәнге ие.

Қимылды ойын: «Асық ату». Төрт бала ортаға шақырылып,ойын жүргізіледі.
Педагог:  Бәріміз орнымыздан тұрып, денемізді сергітіп алайық.

Сергіту сәті.

Ауылымыздың символы қасиетті тайқазанды ермексаздан жасап көрейік.

Балалар ермексаздан қасиетті тайқазан пішінін жасайды. Жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздігі ескертіріледі. Сабаққа қорытынды жасалынады.

C:\Users\Dilobar\AppData\Local\Temp\IMG-20180410-WA0033.jpg

C:\Users\Dilobar\Desktop\IMG-20180410-WA0036.jpg


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз