Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ

 

 

Тақырыбы: «Білім – біліктілікке  жеткізер  баспалдақ "

Мақсаты:

Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін сарапқа салу . Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой –өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын арттыру.Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, қиындықтарды жеңе білуіне ықпал жасау.

Түрі: Зияткерлік сайысы

Әдіс –тәсілдер: ОЖТ(оқытудын жаңа тәсілдері): Топтық жұмыс, тест,А,Ә,Б,В әдісі,  рефлексия, «Құндылықтар спектрі» , Сұрақ-жауап

СТО:Блум таксономиясы жоғары және төменгі деңгей сұрақтары

АКТ: компьютерлер, проектор, презентация

ОБжК: (оқытуды басқару  және көшбасшылық): таныстырылымды қорғау

ОҮБ: формативті бағалау

 

 

Көрнекіліктер: компьютерлер, проектор, шар, сандар, бағалау парағы,  А3, түрлі-түсті стикерлер, қаламдар, таратпа материалдар, презентация, Конус

1.Психологиялық ахуал Тренинг: «Кездесу» ойыны

Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап,жақсы тілектер айтады.

 

2.Топқа бөлу

Сайыс кезеңдері:

 

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

««Білім – біліктілікке жеткізер  баспалдақ, "  атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де – 
Ақпараттық заманың! – дей келе ойынымызға қатысушыларды қошеметтейік.

Топқа бөлу Атаулы даталар арқылы РУХАНИ жаңғыру, Астанаға- 20жыл, Қасым Қайсенов -100жыл

Ой-қозғау сұрақтары: Лото ойыны

1. Ақпараттың неше түрі бар? (5 түрі бар) Сан, Мәтін, Графика,Дыбыс, Бейне

2. Ақпараттың қасиеттері? Өзектілік, Толықтық, Бағалылық, Түсініктілілк

3. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата Жүйелік блок, монитор, пернетақта

4. Алгоритм дегеніміз -Алға қойған мақсатқа жету үшін орындалатын іс-әрекеттердің тізбектеліп орындалуы

5. Интернет? Бүкіләлемдік тұтынушыларды  бір-бірімен байланыстыратын деректер қоймасы жинақталған ең ауқымды желі

6. Операциялық жүйе дегеніміз не? Компьютердің жұмысын басқаратын басты программа

7. Бит сөзі, ---Ақпартты екілік кодпен көрсету, Екілік таңба деген сөз

8. Процессор бұл --Компьютердің ақпаратты өңдейтін бөлігі

9.F1-F12 қандай пернелер (Функционалдық пернелер

 

Білімің – тірегің кезеңі   « Құндылықтар спектрі» әдісі бойыша

Өтілген материалдар бойынша сөздер, түсініктер, суреттер және т.б.  Оқушыларға беріп оны  құндылығы жағынан орналастыруды сұраңыз. Оқушы түсінігін тыңдаңыз

 

 Алгоритм дегеніміз    алға қойған мақсатқа жету үшін

орындалатын іс-әрекеттердің тізбектеліп орындалуы

 

1.Scratch- анимациялық ертегілер, ойындар мен модельдерді құрастыруға арналған жаңа программалау ортасы.

 

Программа дегеніміз-  қандай да бір программалау тілінде жазылған алгоритм, компьютерге түсінікті командалардың жиынтығы.

 

 Интернет дегеніміз- бүкіләлемдік тұтынушыларды бір-бірімен байланыстыратын деректер қоймасы жинақталған ең ауқымды желі  түрі

 

  Блок  түрлері                          

  Қылқалам блогы                      Қозғалыс блогы

 Түр блогы оқиғалар блогы      Басқару блогы

          Мәліметтер блогы                 Сенсорлар блогы

          Операторлар блогы                Дыбыс блогы

 

 

Топ басшылар сайысы техникалық диктант

 

«Информатика ғылымдарпатшасы» ТЕСТ

1.Ақпаратты экранға шығару құрылғысы

А) жүйелік блок

В)монитор

С)пернетақта

Д)тінтуір

Е) сканер

 

2.Монитор мен көздің арақашықтығы қанша см болуы тиіс?

А) 60-70 см

В)40-50 см

С)65-75см

Д)70-80 см

Е) 35-55 см

 

3. Монитор экранының ең кіші элементі

А) нүктелер

В) графика

С) пиксель

Д) символдар

Е) суреттер

 

4.Жүйелік блоктың ішкі құрылғысы

А) прцессор

В)монитор

С)модеи

Д)тінтуір

Е) аналық тақша

 

5. Браузер:

А) ағылш.browse- құжатты қорғау

В) ағылш.browse- парақтау, қарастыру

С) ағылш.browse- ақпаратты өңдеу

Д)ағылш.browse- деректер алу

Е) ағылш.browse- құжатты сақтау

 

6.Өздігінен көбеюге қабілетті зақымдаушы программа

А) антивирус

В) файл

С)бума

Д)вирус

Е) мұрағат

 

7.Файлға құпия сөз орнату жолдары:

 

А) Файл-Мұрағат-Құжатты қорғау-Құпия сөзбен шифрлау

В) Түзету-Мағлұмат-Құжатты қорғау

С) Түр-Мағлұмат-Құжатты қорғау

Д)Негізгі-Мағлұмат-Құжатты қорғау

Е) Сілтеме-Мағлұмат-Құжатты қорғау

 

8.Компьютердің программалық жабдықтамасы неше топқа бөлінеді

А) 3

В) 7

С)4

Д)6

Е) 5

 

9. «Жазамын», «Сызамын», «суретін саламын» деген мағынаны білдіретін термин

А) ақпарат

В) сурет

С)информатика

Д)графика

Е) растр

 

10.Адам мен компьютер арасындағықарым-қатынас

А) драйвер

В) ОЖ

С)қосымша программалар

Д)интерфейс

Е) утилиттер

 

11. «Алгоритм» атауы қайдан шыққан

А) әл-Фарабидің латынша нұсқасынан

В) Мұхаммед әл-Хорезми атының латынша айтылуынан

С) әл-Фарабидің арабша нұсқасынан

Д) Мұхаммед әл-Хорезми атының арабша нұсқасынан

Е) ағылшынның algorithm  сөзінен

 

12. Scratch  қандай программа? Сәйкес емес жауапты таңдаңдар

А) ойын топтамсын мәтіндер  арқылы жасау

В) Лего конструкторына ұқсас

С) ойын программалау ортасы

Д) ойын, мульфильм, оқиға жасау

Е) программаны алгоритм арқылы құрастыру

 

13. Scratch  программалау ортасында нысанды қалай атайды?

А) спринт

В) спрайт

С) кейіпкер

Д)сахна

Е) көрініс

 

14.Көк түсті  блок  қалай аталады?

А) қозғалыс блогы

В) сенсорлар блогы

С)түр блогы

Д)дыбыс блогы

Е) қылқалам блогы

 

15.Блоктар топтамасы басқаша қалай аталады?

А) түстер блогы

В) түстер палитрасы

С) блоктар палитрасы

Д) блоктар жиыны

Е) басқару блоктары

 

 

 

Жас достарым, мұны айтпаймын несіне,
Информатиканы құрметтеу менің есімде.
Қазақша мен ағылшын тілін білсеңіз,
30 ұпай, шәкіртім саған несібе, -

дей келе “Тіл - өнер”  кезеңімізді бастайық

 

 

Рефлексия «Конус бағалау»

 

Стикерге өз ойларын  жазып қалдыру


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)