Жол тәртібін білейік аман есен жүрейік

ЖОЛ ТӘРТІБІН БІЛЕЙІК  АМАН ЕСЕН ЖҮРЕЙІК

 

Шманова Әйгерім Маратқызы,

«Ақерке» бөбек  - жай балабақшасының тәрбиешісі,

Қазалы қаласы.

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту әрекеті:

Тақырыбы: Жол тәртібін білейік аман есен жүрейік

Мақсаты: Жол ережесін белгілерінесте ұстай білуге үйрету. Жолда жүргенде жол ережесін сақтап, оң  жақпен жүруге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам макеті,түрлі түсті жол ережесіне байланысты суреттер,жол белгілері, МАИ қызметкері, велосипедтер, машиналар, атрибуттар.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:Түсіндіру,жаттықтыру,ой қозғау,әңгімелесу,сұрақ-жауап.

 

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

 

 

Мативациялық қорғаушы

 

 

 

 

 

Іс-шараны тәрбиеші өлеңдетіп ашады.

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз,

Жалғайтын достастырып бар елменен.

Жолдардан тұрады ғой әлем деген,

Бүгінгі бізге келген қонақтарға.

Ұйымдастырылған ашық іс-шара

Басталсын сәлемменен.

Балалар бір-бірімен құшақтасып жылы лебіздерін білдіріп амандасады.

Іздену ұйымдастырушы

 

Бала-біздің болашағымыз. Ал сол болашағымызды алуан түрлі апаттардан сақтап, аман-есен азамат етіп тәрбиелеу, ең алдымен, ата-ананың, тәрбиешілер қауымының төл міндеті десек те, осынау маңызды істен біздің жол полицейлері де шет қалмауда.

Өйткені соңгы уақытта қала көшелерінде көлік санының шеттен тыс көбеюіне байланысты алуан түрлі жол көлік апаттарының орын алып жатқандығын, сондай апат салдарынан жасөспірімдердің  әртүрлі оқиғаларға душар болатындығын жасыруға болмайды.

Жол полицияларына сөз береміз. Кездесу кезінде инспектор жол ережелерін және  жолдағы қауіпті факторларын ескертті.

  1. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды. Жаяу жүргіншілерге арналған жолдан  өт.
  2. Егер долдан өтуге үлгермесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да, бағдаршамның жасыл жанғануын күт.
  3. Жолдан өтерде солға қара, ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара.
  4. Жолдан бағдаршамнығ тек жасыл түсі жанғанда ғана өт.
  5. Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті.
  6. Келе жатқан машинаның алдынан кесе жүгірме.

Ал кәнекей, үйренейік бізде жэүру тәртібін. Ережені жақсы білер бар кімің?  Жүргізуші жұмбақ жасырады.

 

  1. Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді ізетпен,

Ысқырығы күзеткен.

            /милиционер/

  1. Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялдайды.

  •  
  1. Көз жоқ өзінде ауызда, құлақта,

Бақырайған үш көзі бар бірақта.

  •  

   

Бағдаршам – өмірімізді сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, ұғып алу керек.

      Қызыл жарық жанғанда ,

      Қалт тоқтай қал табанда.

 

     Сары шамы жағылса,

     Сақ, абай бол барынша.

 

     Жасыл жарық – жол ашық!

     Зымырай бер, бел асып.

 

Жолың болсын! Жол ережесін жадыңда ұста!

 

 

 

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)