Ұлтымыздың асық ойыны - тәлім-тәрбиенің көзі

Түркістан облысы Келес ауданы

МКҚК №6 «Бесқұбыр» бөбекжай бақшасы

Ұлтымыздың асық ойыны - тәлім-тәрбиенің көзі

 "Қазақтың ұлттық ойындары - сан қырлы, мазмұнға бай қазыналардың бірі. Олар адам көңілін көтеріп, ойын сауықтық қана рөл атқарып қалмастан, дененің шынығуына, ептілік, күш-қайрат түрлерінің қалыптасып, ақыл-ойдың жетілуіне ғасырлар бойы игілікті әсер етіп келген.  Ұлттық ойындарымыздың тәрбиелік мәні, бірлік пен ынтымақ жолын дамытуда да маңызы зор. Бұл жолы біздің айтпағымыз, асық және асық ойындары түрлерінің маңыздылғы жайында болмақ."

                    

  Бөбекжай бақшасының меңгерушісі:

Тұрысбекова Гулнара Мақсумқызы

 

        

БАЯНДАМА

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асыру аясында оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа тәсілі

 

 

 

                                                                         Тәрбиеші: Халмуратова Э.

 

 

 

Жоспар:

 

Кіріспе:

      1.Ұлттық тәрбие бастауы-балабақшадан.

      

Негізгі бөлім:

         1.Бала дамуындағы ойынның әсері.

        2. Асық ойнаған озады.

 

 Қорытынды:

        Бүгінгі сәби – ертеңгі болашақ.

 

Асық: тәрбие және технология.

         Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асыру Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында айқындалған міндеттерді орындауды талап етеді.

         Бағдарламаның мақсаты: балалардың жас ерекшеліктері мен жеке

мүмкіндіктеріне, қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларын қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарын, «Мәңгілік ел»жалпы ұлттық идеясына негізделген сәйкес жалпы адамзаттық  құндылықтарды, патриотизм мен төзімділікті  тәрбиелеу.

         Еліміздің заманауи білім кеңіс­ті­гіне бет бұруы ұлттық педагогикада, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда уақыт та­ла­бына сай өзгерістер енгізуді қажет етеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық ба­с­уын, болашаққа сеніммен бет ал­уын қалаймын», деп жазған болатын. Яғни, мектепке дейінгі кезеңнен бастап ұлттық тәрбиені қалыптастыру, баланың физикалық және ой-өрісінің дамуын қамтама­сыз ететін жаңа технологияларды іздес­тіру өте өзекті.      

Аса көрнекті үздік педагог Н. К. Крупская қимылды ойын жөнінде былай деп толғанады: «Ойын – өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады». Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан - жақты тәрбиелейміз.

         Педагогика және психология­ ғы­лымында мектеп жасына дейінгі балалардың жетекші әрекеті ойын екендігі мойындалып, білім берудің нәтижелілігі ойынның алуан түрлі­лігіне, оқу-тәрбие мақсатында үйле­сімді қолдануға тікелей бай­ланыс­та екендігі дәлелденді. Соған сәй­кес бүлдіршіндерді дамыту­ мақсатында қолданылатын тех­­но­логиялар да жеткілікті. Асық технологиясы бүгінгі бүлдіршінді дамытуға қажетті бірегей методикалық құрал екенін айтуға болады. Әлбетте, арғы заманда асық қазақ балаларының күнделікті ойыны болатын. Қазір балалар балпаң ба­са бастағаннан-ақ ата-анасы жүйкесі тыныш болуы үшін қо­лына планшет беріп қоятынын кө­ріп жүрміз. Педагогтардың пайымына сүйенсек, бұдан ба­ланың зейіні тұйықталады, кө­зінің көру қабілеті төмендейді, жүйкесі жұқарады, төмен қарап отырғандықтан омыртқалары қи­саяды және кәдуілгі адами қа­рым-қатынасты ұмытады. Вир­туалды әлемге бой ұрған бала қор­шаған ортамен сөйлеспейді.     

  Балабақшадағы асық ойнай бастаған баланың бойындағы өзгерістерді ата-аналар күн сайын байқауға болады. Яғни, бала еңкейеді, тұрады, үздіксіз қозғалыс дене сымбатына көмектеседі. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қабілеті дамиды, ұтып алған асығы көбейген сайын қуа­нады. Жанындағы өзі қатарлы балалармен бірге ұйымшылдығы мен тіл байлығын дамытады. Асықты ұяшықтарға салу баланың саусақ буындарына өте пайдалы. Балалар боялып, тесілген  асықты бір түстен кейін екінші түсті жіпке өткізіп, тізбектейді. Тізу арқылы бала түстерді бір-бірінен ажырата алады, қолының ұсақ моторикасы дамиды. Саусақтарымен жұмыс жасау арқылы, саусақтары иіл­гіш болып жаттығады. Мұның бә­рі баланың қиялы мен ойын, ұш­қырлығын, зейінін жан-жақты дамытады. Асық терапиясы балалардың қимыл-қозғалысын реттеу­ге, кеңістікті бағдарлай білуге, сөз­дік-логикалық ойлау­ды сатылай қалып­тастыруға, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауға, сабырға, бір­лесе әрекет етуге тәр­­­­биелейді.   

    Балабақша тәрбие­шілері асық арқылы санау, құ­рас­тыру, асық үстінен жүру, мате­матикалық логикалық тапсырмаларды шешу, түрлі оқиғаларды ой­лап тауып, бала танымына қор­шаған әлем заңдылықтары мен оқиғаларын қызықты түрде жет­кізуге тырысады. Асық ату ойыны арқылы  балалардың мергендігін дамытуға, асықпен ойнайтын сан алуан ойындар арқылы бала денсаулығын шыңдауға болады. Ересек топтар үшін тапсырма қызықты әрі пайдалы. Баланың логикалық ойлауы, көзбен көру арқылы есте сақтау қабі­леті артады, эстетикалық тал­ғамы дамиды және бір-бірімен бәсекелесіп орындау барысын­да шапшаңдыққа үйренеді. Асық­тан құралған тақтайшалармен жү­ру арқылы балалардың аяқ, қол еті қатаяды, қабілеті артады.­ Табандағы жүйке нүктелері арқы­лы ойлау қабілетінің дамуына, жалпақтабанның алдын алуға болады. – Бұл – асық терапиясының бас­тапқы нұсқасы.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқы­ту стандарты мен үлгілік бағ­дарламасына сай барлық білім сала­сында асықты қолдануға болады.  

Білім саласы:              Таным.

Білім  бөлімі:             Қарапайым   математика, құрастыру .

Тақырыбы:                1 ден 10 ға дейін  тура  және  кері  санау.

Мақсаты:                    Асық ойындарын ойнату арқылы  балалардың  қабілетін    дамыту, жылдамдыққа, дәлдікке , ұлтжандылыққа, туралыққа, түстерді  ажырата білуге  тәрбиелеу.

Шаттық  шеңбері:       Күннің  көзі  ашылды,

                                     Көкке  шуақ  шашылды,

                                     Сәлеметпе  міне  мен,

                                     Доспын  енді   сенімен.

Ұйымдастыру  кезеңі:  Қоржыннан асықтарға байланған       сұрақтарды оқу арқылы тақырыпты ашу.                  

1.  Асық қандай жануарлардан алынады?

                   2. Ұлттық асық ойындарының қандай түрлерін білесіңдер?

                   3. «Сақа» деп қандай асықты айтамыз?

                   4. «Ханталапай» ойынының шарттарын атап беріңдер?

                   5. «Асық ату» ойыны қалай ойналады?

Сабақтың  барысы:     Балаларды төрт  топқа  бөлу.

  1.  Асық  терапиясы .
  2. Мозайкамен  сандарды  жазу.
  3. Асықтарды түсіне  қарай  тізу.
  4. Асықтарды  1 ден  10 ға дейін ретімен  тізу.                                                

Балалардың  жұмысына  талдау  жасау.

Ұлттық      ойын:       «Ақсүйек»                                                                                                                        

  •    Екі  топқа бөлінген  ойыншылар өз араларынан   «Қарақшы» сайлап  алады. Ойын  басшысының біреуі ақсүйекті  алады да,алыстау  жерге лақтырады.Ол  кезде  екі жақтың  ойыншылары теріс  қарап  тұрады,сүйек  жерге  түсе  салысымен  ойыншылар іздеуге  кіріседі.Ақсүйекті  тауған  ойыншы  қарақшыға  апаруға тырысады,қалған  ойыншылар ақсүйекті  алуға  тырысады.Ақсүйекті көп жинаған  топ жеңімпаз  атанады.

Бәйгеге түсіп  жарыспай,

Жүйріктің  бағы  жанар  ма-?

Білім  мен  өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім  табар  ма-?

Бұл  бәйге – ойдың  бәйгесі.

Кім  жүйрік  ойға-сол  алда-дегендей, ең  озық  ойлы  баланы  анықтаймыз.

«Ханталапай»    ұлттық  ойыны: 

Шарты:  Ойынға  барлық  балалар  қатысады.Қоржындағы  асықтарды  балалар  алдына  шашып  тастаймын,балалар  жарыса  асықтарды  «ханталапай» деп  таласып  жинап алады.Бес  асықтан көп  жинаған  бала жеңімпаз  болады,аз жинаған   бала  тәрбиеші  берген  тапсырманы  орындайды.  

Қорытынды бөлім

Қорыта айтсам, кейінгі кездері жастар мен жасөспірімдер ойын автоматтары, интернет сынды зиянды ойындарға әуес болып барады. Кез келген ойын автоматтарына бас сұқсаң көбіне көп қазақтың баласын кездестіресің.Ойын автоматтарының зиянын атап өтсем, оларды төмендегіше жіктеуге болады.                                                              1. Бұл ойындардың адам денсаулығына тигізер залалы көп.                    2. Баланың ойлау қабілеті, ойлау шеңбері белгілі бір жүйеде шектеліп қалады.                                                                                                                        Ал, ата-бабамыздан ұзақ ғасырлық көш-керуен арқылы үзілмей жалғасып келе жатқан асық ойыны күш-жігерді жетілдіріп, дәлдікке, мергендікке үйретеді. Бір байқағаным, бүгінгі балалар ата- анасынан оқу құралға емес, осындай компьютер ойнына ақша сұрап жатады. Мұның соңы неге апарып соғатынын кім білсін?.. Сосын ол балалардың тәбеті бірте- бірте құмар ойындарына да шабуы ғажап емес.Ал, асық ойыннын кез келген жерде, қалаған уақытында ақша төлемей-ақ ойнай бересің. Бірақ қазір түр –түрімен жаңарып, санамызды улап жатқан құмар ойындарының көптігінен құмарпаздар асық ойнына аса мән бермей жүр. Уақыт өте келе асық ойнының денсаулыққа пайдалы екеніне көзім жетті. Бір жағынан адам денесі қимыл- қозғалыс арқылы шынығып, шымыр болады. Екіншіден, жан тазалығы таза болады. Сондықтан тек тазалықтың ойыны дер едім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)