Ұйқыдан кейінгі жаттығу

№176 бөбекжай-балабақшасы
Тәрбиеші: Сыздыкова Лаула Советбековна

Күн сайын күндізгі ұйқыдан кейін. (ұзақтығы 5-10 минут)
Таңертең ояна салып, бірден тұрып, жуынып, сабаққа не жұмысқа жинала бастайсыз. Толыққанды ояну үшін мына жаттығуларды жасап, ағзаңызды жаңа күнге дайындаңыз.
Оянған бойда төсектен тұрмаңыз. 5 минут шамасында демалып, жай жатыңыз. Ал осы уақытта мына жаттығуларды орындаңыз.
Көзіңізді жұмып, бірнеше рет тартылыңыз. Денеңіздің әр бұлшық еті созылып-тартылғанын сезініңіз.
Бірнеше рет терең дем алыңыз. Мұрынмен дем алғанда, ішті жоғары көтеріп, дем шығарғанда ішті барынша тартыңыз.
Алақандарыңыз бен аяқтарыңызды айналдырыңыз.
Көзіңізді қатты жұмып, бірден ашыңыз.
Жаттығулардан кейін жаныңызға жақын адамдар, жылы жерлер, жалпы жақсы заттар туралы ойлаңыз. Осылайша денеңіз бен ойларыңыз жаңа күнге дайын болады.
Шапалақ.
Балалар шеңберге тұрып қолдарын созады. Тәрбиеші 3 деген кезде, барлықтары бір уақытта қолдарымен шапалақ соғуға тиісті.
Балалар сендердің көңіл - күйлерің қандай?
Сендер көңіл - күйлеріміз жақсы дедіңдер. Енді осы жақсы көңіл - күйлеріңді көрсетіңіздерші.
Көңілді болғанда не істейміз?
Ренжігенде...
Қорыққанда...
Қуанғанда...
Таң қалғанда...
Шапалақты тыңда
Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші алақанын соққанда балалар бір аяқпен, екі рет шапалақтағанда қолдарын екі жаққа созып, үш рет шапалақтағанда жүруін жалғастырады.
Қанша дыбыс естідіңдер?
Жүргізуші бірнеше рет қарындашпен үстелді соғады, Ал, балалар естіген дыбыстарын саусақпен көрсетеді.
Гүл
Балалар әр жерде отырады. Жүргізуші: балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастады, гүлдер желмен жан - жаққа шайқалады (қолдарын жан - жаққа шайқайды). Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады (қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастады, сол уақытта гүлдер де, құлпырып, жайнап ашыла бастайды (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады).
Кім әлі ұйқыда?
Тұру керек.
Асығыңдар жаттығуға.
1. Балалар төсекте, арқаға жатып, қолын жанына созу, демдерін бірнеше секунд іште ұстап, еркін шығару.
2. Балалар төсекте, арқаға жатып қолды екі жаққа созу, жұдырықтарын жұму, қолдарын алға созып айқастыру, демалу.
3. Балалар төсекте, арқаға жатып қолдарын бастарына қойып кезекпен сол аяқтарын, он аяқтарын көтеру, екеуін бірге ұстап, жайлап түсіру.
4. Балалар төсекте, арқаға жатып шынтақтарын тіреп иілу, кеуделерін жоғары көтеру, басты тік ұстау 3-5 секунд
5. Балалар төсекте, ішке жатып, қолдарын иыққа қою, аяқтары еденде.
6. Балалар төсекте, ішке жатып қолдарын иыққа қою, иілу, шынтақтарын тіреп, мойындарын созу.
Созылу.
Балалар төсекте, бір қалыпта, арқасымен жату, аяқтары бірге, қолдары аяғының бойымен тіке тұрады. Жауырынды тік ұстап созылу.
Қоңырау, қоңырау сылдырла,
Ұл мен қызды оятып.
Оянсаңдар егер де,
Бір - біріңе күліңдер.
Кемпірқосақ сал.
Бір қалыпта, арқасымен жату, аяқтары бірге, қолдары аяғының бойымен тіке тұрады. Жауырынды тік ұстап созылу.
Оң аяқты көтеріп ауада жарты шеңбер жасау, дәл солай сол аяқты көтеріп жарты шеңбер жасау.
Қандай ғажап керемет,
Әсем есік ашылды.
Түрлі - түсті бояулар,
Аспанда жайылып шашылды.
Найзағай.
Бір қалыпта, арқасымен жату, аяқтары бірге, қолдары аяғының бойымен тіке тұрады. Аяқтарын кеудеге жеткізу, қолдарымен құшақтау. Түзелу.
Аспанда найзағай жарқырады,
Балалар қорқып қашады.
Қайық.
Ішпен жату, қолдар иектің астында. Жартылай тұрып, еңкею, тербелу.
Жерде бұлақ жүреді,
Қағаздан қайық жасайық.
Суға оны жіберіп,
Қайықпен бірге жүзейік.
Басты бұру.
Төсекте отыру, қол белде, басты оңға бұру,
Қалыпқа келу.
Қайталау, сол жаққа
Қалыпқа келу.
Алақаныңды көрсет.
Қолдары иықта,
Қолдарды алға созу, алақан көрсету.
Қалыпқа келу.
Қайталау, сол жаққа, алақан төменде.
Аяқ ұшымен тұру.
Кереуеттің қасында тұру.
Өкшелер екі жақта, аяқ ұшымен тұру.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)