Өлең, жыр, ақындар

Орманға саяхат

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы
№33 "Хиауз" балабақшасының
Тәрбиешісі: Қайырбаева Әсел Сәттібайқызы

Білім беру саласы: Таным
Тақырыбы: Орманға саяхат
Мақсаты: Балалардың ықылас зейінін, есте сақтау, қабылдауын дамытуға, икемділікті арттыруға дағдыландыру.
Оқу іс–әрекетінің барысы:
Шаттық шеңбер
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды даламыз
Жарқырайды күніміз
Қайырлы күн балалар

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі біздің оқу іс–әрекетіміз күндегіден ерекше. Біз орманға саяхат жасаймыз. Орманға саяхат жасағыларың келе ме?

Балалар: Йә

Тәрбиеші: Олай болса орманға барайық. Алдымызда екі жол бар екен. Біріншісі қысқа, ал екіншісі ұзын. Балалар қай жолды таңдаймыз?

Балалар: Қысқа жолды таңдаймыз.

Тәрбиеші: Қысқа жолдың түсі қандай?

Балалар: Қысқа жолдың түсі қызыл.

Тәрбиеші: Ол жуан ба, жіңішке ме?

Балалар: Жуан.

Тәрбиеші: Ал, ұзын жолдың түсі қандай?

Балалар: Ұзын жолдың түсі жасыл.

Тәрбиеші: Ол жуан ба, жіңішке ме?

Балалар: Жіңішке.

Тәрбиеші: Жуан әрі қысқа жолмен орманға барайық. Қараңдаршы мында хат жатыр. Сыртында «№4 «Күнщуақ» тобына арналған»  деп тұр екен. Онда не жайлы жазылғанын оқимызба?

Балалар: Йә.

Тәрбиеші: «Құрметті №4 «Күншуақ» тобы менін сендерге арналған тапсырмам бар. Егер тапсырманы мұқият орындасаңдар сендерге арналған сыйлығым». Орманнын тапсырмасын орындаймыз ба? Сыйлық алғылырың келеме?

Балалар: Йә.

Тәрбиеші: Қараңдаршы қандай керемет ағаштар. Жапырақтары да көп екен. Мынаны қараңдаршы бір жапырағы ерекше екен. Жалт–жұлт етіп тұр. Бұл бізге берілген белгі. Тапсырманы орындауға дайынсындар ма?

1–ші тапсырма: Ағаштағы жапырақтарға назар аударайықшы. Біріншісінде неше жапырақ бар?

Балалар: Үш жапырақ бар.

Тәрбиеші: Ал, екінші ағашта ше?

Балалар: Екі жапырақ бар.

Тәрбиеші: Қай ағашта жапырақ көп? Біріншісінде ме, екіншісінде ме?

Балалар: Бірінші ағашта жапырақ көп.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, дұрыс айтасыңдар. Жапырақтардың түсі қандай?

Балалар: Жапырақтардың түсі жасыл.

Тәрбиеші: Ағаштарға  қарайықшы. Көлемдері бірдей ме?

Балалар: Жоқ. Біріншісі ұзын, ал екінщісі аласа.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Ағаштың астына қарайықшы саңырау құлақтар тығылып қалыпты. олар нешеу санайықшы.

Балалар: Барлығы үш саңырауқұлақ.

Тәрбиеші: Көлемдері бірдей ме?

Балалар: Жоқ. Екеуі кішкентай. Біреуі үлкен.

Тәрбиеші: Йә, дұрыс айтасыңдар. Ал, түсі қандай?

Балалар: Түсі қызыл.

Тәрбиеші: Бірінші тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Келесі тапсырманы орындауға дайынсыңдар ма?

Балалар: Йә.

Тәрбиеші: Олай болса алаңға барайық.

2–ші тапсырма: «Баспалдақ жасау» алдымыздағы жолақшаларды ретімен қою керек. Ұзынынан бастап қысқасына дейін. Жолақшаларды орналастырып болсаңдар санайықшы барлығы неше жолақша бар екен.

Балалар: 1,2,3,4,5

Тәрбиеші: Енді алдымызда тұрған аю мен қоянды орналастырайық. Аюды астына ал, қоянды үстіне. Қане, мен тексерейін. Үстін де не тұр?

Балалар: Қоян.

Тәрбиеші: Ал, астында ше?

Балалар: Аю.

Тәрбиеші: Біз екінші тапсырманы да өте жақсы орындадық. Келесі тапсырманы орындауға дайынсыңдар ма?

Балалар: Йә, дайынбыз.

Тәрбиеші: Олай болса орманға барайық.

3–ші тапсырма: Аюдың құлпынайын теру. Аю қандай жануар?

Балалар: Жабайы жануар.

Тәрбиеші: Ол немен қоректенеді?

Балалар: Жеміс – жидекпен, балмен.

Тәрбиеші: Барлығымыз бірге аюдың құлпынайын терейік.

Сергіту жаттығуы:

Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп – теріп алайық
Қалтамызға салайық
Құлпынай жеміске жата ма әлде, көкөніске жата ма?

Балалар: Жеміске жатады.

Тәрбиеші: Түсі қандай?

Балалар: Түсі қызыл.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар. Үшінші тапсырманы да өте жақсы орындадыңдар. Келесі соңғы тапсырманы орындайсыңдар ма?

Балалар: Йә.

Тәрбиеші: Алаңға барып орнымызға отырайық.

4–ші тапсырма: «Геометриялық пішіндер». Мынау қандай пішін?

Балалар: Төртбұрыш.

Тәрбиеші: Оның неше бұрышы бар?

Балалар: Төрт бұрышы бар.

Тәрбиеші: Түсі қандай?

Балалар: Түсі көк.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, ал мынау қандай пішін, неше бұрышы бар, түсі бар?

Балалар: Үшбұрыш, үш бұрышы бар, түсі қызыл.

Тәрбиеші: Мынау қандай пішін, түсі қандай?

Балалар: Дөңгелек, түсі сары.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар. Сендер барлық тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Олай болса орманға барып бізге дайындаған сыйлықты алайық. Қайда жасырып қойды екен? Қане іздейікші. Міне сыйлық баріңе таратып берейін. Бүгінгі саяхатымыз ұнады ма? Біз бүгін қайда саяхат жасадық? Қандай кедергілерден өттік?

Балалар: Орманға саяхат жасадық. Жапырақтарды салыстырдық және саңырауқұлақтарды салыстырдық. Жолақшадан баспалдақ жасадық. Пішіндерді айттық.

Тәрбиеші: Тағыда саяхат жасап, көп сыйлық алғыларың келе ме?

Балалар: Йә.

Тәрбиеші: Ол үшін сабақты жақсы оқуларың керек. Осымен бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз