Деректерді қорғау. Құпия сөзді орнату.

"Сәкен Сейфуллин атындағы гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

информатика пәнінің мұғалімі Смайлова Маргарита Геннадьевна

Сабақ тақырыбы: Деректерді қорғау. Құпия сөзді орнату.

Сабақ түрі: Жаңа таұырыпты оқу, білім мен біліктілігін қалыптастыру.

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.4.2.2 құжатқа құпия сөз орнату.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Компьютерде ақпаратты қорғау туралы түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: Нақты құпия сөз не үшін қажет екенің түсінеді және талдайды.

Кейбір оқушылар: Файлдарға құпия сөзді орнатуды меңгереді. Компьютерді бөгде адамдардан қорғау жолдарын біледі.

Тілдік мақсаттар: 

Оқушылар жасай алады:

- нақты құпия сөзді жасау критерилерін талқылау;

- құжатқа құпия сөзді орнату алгоритмін сипаттау.

Лексикалық мысалдар мен тіркестер:

Нақты құпия сөзді жасау үшін  келесі критерилерді пайдалану керек … 

Құжатқа құпия сөзді орнату үшін …

Құндылықтарды дарыту: Топтық жұмыс. Оқу әрекеті, соның ішінде топтағы әрекет арқылы коммуникативті дағдыларын дамыту. 

Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, жаратылыстану.

Алдыңғы меңгерілген білім: Интернетте мәліметтерді іздей біледі. Интернетті пайдалану барысында қандай қауіп бар екенін түсінеді.

Сабақ барысы:

Сабақтаң басы:

Оқушылармен амандасу. Мұғалім сурет бөліктерін таратып беру арқылы оқушыларды топқа бөледі. Оқушылар топ болып отырады. Бқл суреттер "4 сурет, бір сөз" деген ойында бар. Мұғалім "4сурет, бір сөз" ойынын слайд арқылы көрсетіп сабақтың тақырыбына келеді. Мұғалім ойын шартын түсіндіреді. Слайдты интерактивті тақтаның көмегімен көрсетеді. Топ ішіндегі жұмыс. Оқушылар берілген тапсырманы талқылап, өз жауаптарын  ұсынады. 

                                                                           

Оқушылар жасырылған сөз туралы талқылайды. Бұл тапсырманы орындау үшін 2 минут беріледі. Оқушылар өз жауаптарын ұсынады. Ары қарай "Қорғау" түйінді сөзін пайдалана отырып, жасырылған сқзбен берілген жауаптарын салыстырады. Оқушылар өздері сабақтың тақырыбын табады. Мұғалім оқушылардың өз беттерімен сабақ мақсатын анықтауды ұсынады.

Сабақтың ортасы:

Мұғалім тақырып бойынша келесі тапсырманы ұсынады. Әр топқа сұрақтар таратылады.

1) Құжатты қалай қорғауға болады?

2) Компьютердегі құжаттырды жоғалтып алу қандай қиындықтарды туғызады?

3) Қауіп-қатердің алдын алу шаралары қандай?

Әр топ берілген сұрақтарды топ ішінде талұылайды. Әр топ өз жауаптарын басқа топтармен бөліседі. Оқушылар берілген сұрақтарды топ ішінде талқылап, оған жауап береді. Мұғалім оқушылардың сұрақтарға сынып алдында жауап беруіне мүмкіндік береді. Жауаптарын басқа топтар бағалайды. Сыныпта өзін өзі бағалау процессі жүргізіледі. 

Мұғалім кілт сөздердің көмегімен осы әрекеттің қорытындысын шығарады: Құпия сөз, қорғау, тежеу. және т.б..

Өткен тақырыптың өзектілігін арттыру үшін оқушыларға келесідей жеке жұмыс орындау тапсырылады.

                                                                                 

Біріншіден, тапсырманы бұрын орындаған оқушыға тақтаға шығып интерактивти тақтаны қолдану ұсынылады. Әрі қарай, оқушылар экрандағы көрсетілген дұрыс жауаптың көмегімен өз жауабын бағалайды. Өзін-өзі бағалау процессі жүргізіледі.

Дұрыс жауапты көрсету.

                                                                              

Оқушыларға құпия сөз мысалдары бар топтық жұмысты орындау тапсырылады:

                                                                        

Оқушылар нақты құпия сөздің ережесін дәлелдей отырып, әр құпия сөздің нақтылығын анықтайды. Нақты құпия сөз ережесін талқылағаннан кейін оқушылар, келесі дайындалған мәтіндік хабардың көмегімен проблемалық жағдайды көрсетеді.                  

                                                                              

Мұғалім берілген дағдыны көрсету сонымен қатар,  озық АКТ-дағдыларымен оқушыларды анықтау және қолдау  арқылы, мәтіндік құжатқа құпия сөзді қалай қою керек екенін білетін оқушыларға мүмкіндік береді. 

Егер мұндай оқушылар болмаса, мұғалім аталған дағдыны өзі көрсетеді. 

Көрсеткеннен кейін әр оқушы жеке орындайтындай практикалық тапсырма беріледі. Тапсырма алдын-ала дайындалып, шығарылып қойылған. Алдын-ала дайындалған тапсырмалардың көмегімен  қалыптастырушы бағлауды өткізу.

                                                                                 

Тапсырма 2. Мәтіндік құжат жасаңыз. Берілген құжатты архивтеңіз. Құжат пен архивке құпия сөз орнатыңыз.

Дифференциация үшін оқушылар өз бетімен шешімін таба алатындай қосымша тапсырмалар пайдаланылады.

Күрделілігі жоғары тапсырма:

• архивтелінген құжатқа құпия сөз орнатыңыз;

• жай және архивтелінген құжаттар арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз;

• құпия сөзді пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау. 

 

Берілген тапсырманы орындау барысында оқушылар өз әрекеттерін жұпта талқылайды. Дәлелдер келтіре отырып, өз құпия сөзінің нақтылығын жұпта талқылауын ұсыныңыз.  Осылайша, өзін-өзі бағалау мен бір-бірін бағалау процессі жүргізіледі. 

Бұл құпия сөзді құжат авторынан басқа ешкімнің білмеуі керектігіне  көңіл аударыңыз.

Сабақтың соңы:

Сабақты бекіту

Үй тапсырмасын беру

Үйге берілетін тапсырма. Тапсырма 1: Мәтіндік құжатқа құпия сөзді орнату үшін командалардың дұрыс ретін жазыңыз. 

                                                                              

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?Дифференциация берілген тасырмалардан байқалады. АКТ озық дағдылары бар оқушыларға назар аудару. Күрделілігі жоғары тапсырмалар белгімен белгіленген.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Өзін-өзі және бір-бірін бағалау. Мұғалімнің бағалауы.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

ДК жұмыс.ТҚ негізгі ережелері



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)