Медициналық мәселені шешу есебінде электронды кестелерді қолдану

Қызылорда қаласы
Қызылорда медициналық жоғары колледжі
Оқытушы Есенғалина Салтанат

САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛДАМАСЫ  №6

(тәжірибелік ашық сабақ)

Пән: Информатика
Мамандығы: «Мейіргер ісі»
Семестр  І (ІІІ)
Курс: І  (ІІ)

Тексерілді

ЦӘБ төрайымы_________

«_____» _________2018 ж.

Тобы

 

 

 

 

Мерзімі

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

Сабақ жоспары

Тақырыбы: Медициналық мәселені шешу есебінде электронды кестелерді қолдану

Сабақ түрі: практикалық ашық сабақ     

Өткізу әдісі: түсіндіру-иллюстрациялық, ізденіс, миға шабуыл, кейс әдісі

Сабақтың типі: Практикалық іс-машықтықты қалыптастыру.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік Медициналық есептерді электронды кесте арқылы шығаруды, енгізуді, тиімді қолдану тәсілдерін өңдеуді меңгерту.

Тәрбиелік – оқушыны жауапкершілікке, еңбекке баулу, мамандыққа бағдарлау, ақпараттық технологиялармен ұқыпты қолдануға тәрбиелеу.

Дамытушылық – оқушының өз бетінше болашақ мамандық саласында медициналық есептеу жұмыстарын электронды кесте көмегімен тиімді қолдану қабілеттерін дамыту.

Пәнаралық және пәнішілік байланыстар.

Пәнаралық байланыс – Математика. Әлеуметтік медицина және денсаулықты басқару: Медициналық статистиканың негіздері.

Пәнішілік байланыстар: Ақпарат  қауіпсіздігі және оның құрамы

Сабақ уақыты

Практикалық сабақ – 180 минут (4 сағаттық)

Сабақтың көрнекілігі: интернет желісі. WWW.youtube.com электронды оқулық, слайд, таратпа материалдары, тәжірибелік жұмыс, интеллектуалды сұрақтар

Сабақ құрылымы

Ұйымдастыру сәті – 5 минут

Кабинеттің және топтың сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.

Трек білімдерін (теорияда алған) актуализациялау – 15 минут   

Миға шабуыл әдісімен оқушылардың теориялық сабақтаналған білімдерін тексеру.

Қосымша №1

Манипуляциялардың, лабораториялық жұмыстардың орындалу техникасын демонстрациялау және түсіндіру – 45 минут

Кейс әдісін қолданып, оқушылардан компьютер көмегімен орындалатын жұмыстың орындалу техникасын сұрау. Оқушы ізденіс жұмысы көмегімен орындалу техникасын түсіндіру қажет. Оқушылардан қосымша толықтырулар сұралады.

Қосымша №2

Оқушылардың өз бетінше жүргізетін жұмыстарына және бағалау критерийлеріне әдістемелік нұсқау жүргізу – 10 минут                

Оқушылардың жұмыстарын бағалауды MS Excel бағдарлама көмегімен түсіндіру. 

Қосымша №3

Оқушылардың өз бетінше жұмысы – 90 минут.

Кейс әдісі бойынша. Оқушы өзбетінше тапсырмаларды компьютер көмегімен орындап, дәптеріне орындалған іс-әрекетін толтыру қажет. Оны алынатын тапсырмалармен қорғау керек.

Компьютер көмегімен орындалатын тәжірибелік жұмыс 

Қосымша №4

Тест тапсырмасы  бағдарлама көмегімен алынады 

Қосымша №5

«Кім жүйрік»  интеллектуалды сұрақтар.   

Қосымша№6

Сабақты қорытындылау, білімді бағалау – 10 минут

Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беру, бағалау қорытынды баға шығару

Үйге тапсырма беру – 5 минут

Пән оқытушысы: С.Е.Есенгалина __________

Қосымша №1

1. MS Excel  бағдарламасының электронды кестенің кеңейтілімі, құжат атауы.
2. MS Excel  бағдарламасының негізгі өлементтерінің қызметін көрсету.
3. Ұяшыққа қандай мәліметтерді енгізуге болады.
4. Бағана және жолдың белгіленуі.
5. Ұяшықтағы мәліметтерді өңдеу.
6. Ұяшықтағы мәліметтердің статистикалық көрсеткіштерін есептеу
7. Енгізу мен түзету формулулар қатарымен жұмыс
8. Ұяшықтағы мәліметтерді фильтрлеу, ұяшық адресі
9. Мәліметтерді пішімдеу
10. Автопішін мәзірін қолдану

Медициналық мәселені шешу есебінде электронды кестелерді қолдану

Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тышқаннның батырмасын екі рет басу арқылы өзгертуге болады. Әрбір жұмыс парағы жолар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А-дан Z әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді.

Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтарды береді. Ол электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: А9, D21, F5, G7, L16.

Әрқашанда ұяшықтардың біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін атқарады және тышқанның немесе басқару пернелердің көмегімен экранда жылжыта аламыз. Мәліметтерді енгізу, пішіндеу және басқада іс-әрекеттер осы ағымдағы осы ұяшықта жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар ауқымы деп атаймыз. Ауқымдар тік төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді: A7: E25. Мұндағы А7 – тік төртбұрыштың сол жақ жоғарағы, ал Е25 – оң жақ төменгі бұрыштары.

Мәліметтер типі. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер:
• Сан
• Формула
• Мәтін

Енгізілетін мәліметтің сан немесе формула екенін оның алғашқы символына қарап анықтайды. Егер енгізілетін символдың біріншісі сан болса, онда оны сандық типке жатқызамыз. Егер біріншісі теңдік белгісі болса, формула деп қабылдайды. Егер бірінші символымыз әріп немесе апостроф болса, мәтін деп қабылдайды.

Мәліметтерді енгізу Enter пернесін басумен жүзеге асырылады. Енгізілген мәліметтерді енгізбей алып тастау үшін немесе ұяшықтың бастапқы мәндерін қалпына келтіру үшін esc пернсін басамыз немесе формулалар жолындағы Болдырмау (отмена) батырмасын шертеміз.
Excel-де енгізілген сандық мәліметтер автоматты түрде ұяшықтардың оң жақшетіне орналасады.

Сандық пішімде. Экономикалық есептерде санның үш түрлі пішімде жазылуы қолдананылады: кәдімгі сандық пішім, қаржылық және мерзімдік. Кәдімгі сандық пішім әр түрлі сандқ шамаларды жазуға арналған. Мысалы: қайсыбір тауардың санын, пайзын жас мөлшерін және т.б.  Ақша сомасын енгізу қаржылық пішімде жүзеге асырылады. Уақыт мезгілін жазу үшін мерзімдік пішім пайдалынылады.
Мәтіндік пішім. Мәтіндік пішім мәтіндік жолдар мен цифрмен көрсетілген сандық емес мәліметтерді жазу үшін қолданады. Бұларға жататындар: регистрациялық нөмірлер, поштаның индексі, телефонның нөмірі.

Ағымдағы ұяшықтың немесе ерекшеленген ауқымдығы мәлдіметтердің пішімін өзгерту үшін Пішім > Ұяшықтар(Формат > Ячейки) командасын пайдаланады. Ашылған Ұяшықтарды пішімдеу (Формат ячеек) сұхбат терезесіндегі қыстырмалардан мәліметтердің жазылу пішімін таңдап алады. Сол терезеде мәтіннің бағытын көрсетіп, оны түзеу, қарпін өзгерту, символдардың жазлуын, фонның түсін, жақтаудың түрін анықтайтын параметірлерді енгізуге болады.

Excel програмысының кестесіндегі есептеулер формулалардың көмегімен жүзеге асырылады. Формулалар тұрақты сандардан, ұяшықтарға сілтеме мен Excel функцияларынан тұрады. Егер ұяшықтарға формулалар енгізілген болса, онда жұмыс парағында осы формуланың есептеу нәтижесі белгіленіп тұрады. Ұяшықтағы сандық нәтижені емес, оған енгізілген формуланы көру үшін сол ұяшықты ерекшеп алып, формулалар жолында бейнеленген жазуға көзсалу керек.

Ұяшықтарда адрес көрсетіледі оны ұяшықтарға сілтеме деп атаймыз. Есептеу нәтижесі формуладағы пайдалынылған ұяшықтарға тәуелді болады. Тәуелді ұяшықтағы мәндер бастапқы ұяшықтағы мәндердің өзгеруіне байланысты өзгеріп тұрады.

Ұяшықтарға сілтемені әр түрлі тәсілдермен беруге болады:
• біріншіден, ұяшықтың адресін қолмен теруге болады;
• екінші тәсілі қажетті ұяшыққа тышқанмен шерту арқылы ерекшелеп енгізуге болады.

Салыстырмалы сілтеме. Формулаларды бір ұяшықтан екіншісіне көшіргенде нәтиже қандай болатыны сілтеменің адрестеуіне тікелей тәуелді. Кәдімгі жағдайда формуладағы ұяшықтарға сілтеме салыстырмалы болып табылады. Бұл формулаларды бір ұяшықтан екінші ұяшыққа көшіргенде сілтеменің адресі автоматты түрде өзгереді деген сөз. Мысалы: В2 ұяшығында одан бір жол солға қарай және төмен орналасқан А3 ұяшығына сілтеме орналассын. Егер осы формула көшірлсе, онда сілтеменің салыстырмалы көрсеткіші сақталады. Мысалы: А9, D25, F5 салыстырмалы сілтеме болып табылады.

Абсолют сілтеме. Абсаолют адрестеу кезінде формула көшірілгенде сілтеменің адресі өзгермейді, сілтеме көрсетіп тұрған ұяшық тұрақтыы болып қалады. Формулаларды редактерлеу кезінде адрестеу әдісін өзгерту үшін ұяшықтың сілтемесін ерекшелеп алып F4 басу керек. Абсалют адрестелінген ұяшықтың нөмірінің алдына $ белгісін қояды. Мысалы: $А$16, $А9, А$7. Соңғы екі жағдайда ұяшық нөмірлерінің бірі абсолют, екіншісі салыстырмалы болып есептеледі, бұл аралас сілтеменің мысалдары.

Әдетте кестелер қайталатын, біртектес мәліметтен тұратындықтан, Excel программасының енгізуді автоматтандыратын құралдары бар. Оларға жататындар автотолтыру, формулалармен автотолтыру.

Автотолтыру. Мәтіндік мәліметтерді автоматтандыру үшін авто толтыру әдісін қолданады. Оны жұмыс парағының бір бағанына бірнеше рет қайталанатын мәтіндік жолды енгізгенде пайдаланады.  Мәтінді енгізу кезінде программа оны жоғарғы жолдармен салыстырып, бірдей элементтер кездессе автоматты түрде толтырады.

Сандарды автолтыру. Сандармен жұмыс істеген кезде автолтыру әдісі пайдаланады. Ағымдығы ұяшықтың қоршауының төменгі бұрышында кішкентай қара түсті шаршы орналасқан. Оны толтыру маркері деп атайды. Тышқанның нұсқағышын сол маркерге алып барса, оның пішіні кішкентай крест тәрізді болып өзгереді. Сол кезде маркерді тік немесе көлденең тасымалдау арқылы автолтыру жүзеге асырылады.

Прогресия бойынша толтыру. Ол үшін  Түзету > Толтыру > Прогрессия (Правка > Заполнить > Прогрессия) орындау керек. Ашылған прогрессия сұхбат терезесінде прогрессияның тегі, қадам мөлшері, шектік мәні таңдап алынады. ОК батырмасын басқаннан кейін Excel программасы берілген ережелер бойынша ұяшықтарды автоматты түрде толтырып береді.

Формулаларды автолтыру. Бұл амал сандарды автотолтыру сияқты жүзеге асырылады. Автоттолтыру кезінде формулалардың басқа ұяшықтарға сілтеменің  ерекшеліктері ескеріледі: салыстырмалы сілтемелер сәйкесінше көшірменің салыстырмалы орналасуына байланысты өзгереді. Ал абсолют сілтемелер өзгермей сол қалпында қалады. Мысалы: үшінші С Бағанында мәні А және В бағандарының сәйкес ұяшықтардағы мәндерінің қосындысына тең формула есептелсін. С1 ұяшығында =A1+B1 формуласын енгіземіз, осы формаланы автотолтыру әдісімен үшінші бағанның барллық ұяшықтарына көшіреміз.

Автотолтыру кезіндегі сілтемелердің жаңару ережелері келесі кестеде көрсетілген:

Бастапқы ұяшықтардағы сілтеме Келесі ұяшықтағы сілтеме
Оңға толтыру кезінде Төмен толтыру кезінде
А1 (салыстырмалы) В1 А2
$А1 (бағана бойынша абсоллют) $А1 $А2
А$1 (жол бойынша абсолют) В$1 А$1
$А$1 (абсолют) $А$1 $А$1

Ms Excel бағдарламасы қарапайым есептеулерді оңай орындауға мүмкіндік беретін бағдарлама. Алу, қосу, азайту және бөлу амалдарынан басқа, бұл бағдарлама мәндер жинағының орташа арифметикалық амалдарын математикалық финанстық, статистикалық және логикалық функциялардың ауқымды жиыны ендірілген. Өрнек- бұл Excel бағдарлаасы орындайтын жазылған есептеулер. Ұяшыққа өрнекті енгізген кезде бағдарлама оны еске сақтап қалады, бірақ ұяшықтың өзінде есептеу нәтижесі ғана көрініс табады. Ехсеl бағдарламасында өрнектің барлығы «=» теңдік таңбасынан басталады. Өрнекті көру үшін осы өрнек орналасқан ұяшықты шерту керек. өрнек өрнектер өрнектер жолағында көрініс табады. Өрнекті енгізу аяқталғаннан кезде ұяшықта оның өзі емес, осы өрнек бойынша Ехсеl бағдарламасындағы өрнектерді өңдеуге болады. А1.А300 аралығындағы ұяшықта>=Мысалы, өрнектегі қатені түзету үшін өрнекті шертіп, өрнектің жолындағы Функциялар есептеулерді ықшамды күйде жазу үшін қолданылады және мынадай түрде жазылады: Бірқатар функциялар МАКС (тізім) - тізімдегі ең үлкен (максимум) шаманы табады. СУММ(тізім) -көрстеілген тізімнің қосындысын есептейді. Мысалы, СУММ(А1:А300) функциясы  А1.А300 аралығындағы ұяшықта орналасқан мәндердің қосындысы табады. Қосу функциясы өте жиі қолданылатындықтан, оған саймандар тақтасында yавтоматты түрде қосу батырмасы  меншіктіеліп қойылған. Қосу амалын жылдам орындау үшін осы батырманы пайдалануға болады . Формулаға Excel программасында қолданылатын кез келген функцияны енгізу үшін, Енгізу, Функциялар (Вставка,Функций) командасын орындаймыз немесе саймандар тақтасындағы fx. Батырмасын шертеміз. MS Excel -дегі теңдік «=» белгісінен басталатынын символдар тізбегін формула деп атаймыз. Символдар тізбегі құрамына тұрақты мәндер, ұяшыққа сілтемелер, атаулар, функциялар немесе операторлардың бірі немесе бірнешеуі қамтылуы мүмкін. Формула жұмысының нәтижесінде қандайда бір жаңа мән есептелініп шығады. MS Excel-де функциялар жұмыс кітабындағы стандартты есептеулерді орындау үшін қолданылады.S А1.А300 аралығындағы ұяшықта орналасқан мәндердің қосындысы табады. Қосу функциясы өте жиі қолданылатындықтан, оған саймандар тақтасында yавтоматты түрде қосу батырмасы >=Ms Excel бағдарламасы қарапайым есептеулерді оңай орындауға мүмкіндік беретін бағдарлама. Алу, қосу, азайту және бөлу амалдарынан басқа, бұл бағдарлама мәндер жинағының орташа арифметикалық амалдарын математикалық финанстық, статистикалық және логикалық функциялардың ауқымды жиыны ендірілген. Өрнек- бұл Excel бағдарлаасы орындайтын жазылған есептеулер. Ұяшыққа өрнекті енгізген кезде бағдарлама оны еске сақтап қалады, бірақ ұяшықтың өзінде есептеу нәтижесі ғана көрініс табады. Ехсеl бағдарламасында өрнектің барлығы «=» теңдік таңбасынан басталады. Өрнекті көру үшін осы өрнек орналасқан ұяшықты шерту керек. өрнек өрнектер өрнектер жолағында көрініс табады. Өрнекті енгізу аяқталғаннан кезде ұяшықта оның өзі емес, осы өрнек бойынша Ехсеl бағдарламасындағы өрнектерді өңдеуге болады. Мысалы, өрнектегі қатені түзету үшін өрнекті шертіп, өрнектің жолындағы Функциялар есептеулерді ықшамды күйде жазу үшін қолданылады және мынадай түрде жазылады: Бірқатар функциялар МАКС (тізім) - тізімдегі ең үлкен (максимум) шаманы табады. СУММ (тізім) -көрстеілген тізімнің қосындысын есептейді. Мысалы, СУММ(А1:А300) функциясы

Қосымша №2

Үй тапсырмасы бойынша ізденіс жұмыстарының нәтижесін тексеру

1. Медицина саласында электронды кестені тиімді қолдану тәсілдерін атаңыз?
2. Медицина қызметкерлері жасайтын есептеу жұмыстарын көрсету
3. Қазіргі таңда ақпараттық технологияның денсаулық саласындағы орны

Қосымша №2

Тәжірибелік жұмыстардың орындалу техникасын демонстрациялау және түсіндіру

Медициналық мәселені шешу есебінде электронды кестелерді қолдану үшін: төменде көрсетілген жұмыстың орындалу тәсілі.

Медициналық статистикалық көрсеткіштерді қалай есептеуге болады.

Мысалы: 1 айдағы бір бір аймаққа қаралған науқастар бойынша статистикалық көрсеткіштерді есептеу.

 

Диагнозы

Қабылданған науқас саны

Жалпы көрсеткіш

1

Сахарный диабет

8

31%

2

ХРБС

6

23%

3

Ішек аурулары

12

46%

 

Барлығы

26

Пайыздық есептеу жүргізу: формуласын табу. Диагноз бойынша санын барлық науқас санына бөліп, 100ге көбейту. Электронды кесте көмегімен тиімді есептеу жолын табу

Математикалық есептеу жұмысын орындап, электронды кесте көмегімен өңдеу. Тиімді тәсілді табу.

Қосымша №3

Оқушылардың өз бетінше жүргізетін жұмыстарына және бағалаукритерийлеріне әдістемелік нұсқау жүргізу

1. Үй тапсырмасы бойынша оқушылардың ізденген жұмыстарын тексеру.
2. Медициналық есептеулер кезінде электронды кестені тиімді қолдану әдістерін көрсету.
3. Медициналық статистикалық көрсеткіштерді табу
4. Математикалық медициналық есептеу жұмыстар беру
5. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық технологиялардың қолдану туралы сұрау
6. Білімдерін тест және интеллектуалды сұрақтар Ойлан тап бойынша бағалау

 

Аты-жөні

Ізденіс жұмысы

Тәжірибелік жұмыс

Тест,тапсырмалар бойынша

Жалпы бағасы

1

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша №4

Тәжірибелік жұмыс

Математикалық есептеу жұмысын орындап, электронды кесте көмегімен өңдеу. Тиімді тәсілді табу.

Ауруханаға күнделікті науқастар қабылданып тұрады.

Берілгені бөлімшелер атауы (6), ай күндері 1-7 аралығы.

 

Табу керек: 1. Бір күнде ауруханаға қанша науқас қабылданды?

 
   

         2. Әр бөлімшеге қанша науқас қабылданды?

 
   

         3. Жалпы барлығы қанша науқас қабылданды?

 
                   

Бөлімшелер

01.сен

02.сен

03.сен

04.сен

05.сен

06.сен

07.сен

Барлығы

1

Хирургия

4

8

10

4

7

3

5

 

2

Гинекология

2

8

4

1

1

4

1

 

3

Реанимация

3

1

 

2

1

1

4

 

4

Терапия

4

6

7

4

5

1

3

 

5

Кардиология

2

4

3

5

7

2

5

 

6

травматология

4

3

1

2

1

3

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баланың жасы бойынша оның салмағын анықтау
Ескерту:

1. Егер бала уақытында туылса, 3000-3500 гр.салмақпен туылады
2. 6 айға дейін ай сайын шамамен 800 гр-нан қосып отырады.
3. 6 айдан 12 айға дейін 400 гр-нан салмақ қосады.
4. 1 жастағы баланың салмағы шамамен 10-10,5 кг. Болады.
5. Бала 1 жастан асқасын жылына шамамен 2 кг-нан қосып отырады.

1. I жарты жылдық. 6 айға дейінгі баланың салмағын есептеу:

800 гр- 6 айға дейінгі баланың ай сайынғы қосатын салмағы;
n-аймен есептелген жасы;
мысалы: 3300+800*5=7300=7.3 кг.

Тест тапсырмасы

Қосымша №5

1. Мicrosoft Exsel программасы…

А. Бұл мәліметтерді электронды кесте түрінде өңдеуге  арналған
Б. Графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және өңдеуге арналған
В. Мәтіндік құжаттарды  дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған
Г. Суретті құжатқа кірістіру барысында, оны мәтінге, кадрға немесе кесте ішіне орналастыруға арналған
Д. Мәліметтер қорын басқаруға, оны құруға, қандайда бір шарт бойынша қордан мәліметтерді таңдауға арналған

2. Ұяшыққа формула енгізу үшін қолданылады:

А. “ = ”
Б. “ / ”
В. “ * ”
Г. “ - ”
Д. “ + ”

3. Exsel-де жаңа кітап (книга) ашу

А. Файл – Құру       
Б. Түр – Құру          
В. Пішімдеу – Құру          
Г. Деректер – Құру
Д. Анықтама – Құру

4. Лист 4, лист 5-ті қалай қосуға болады?

А. Кірістіру - Парақ
Б. Деректер - Парақ
В. Анықтама - Парақ
Г. Файл - Парақ
Д. Түр – Парақ

5. Дұрыс ұяшықтың адресін көрсетіңіз.

А. А12С                      
Б. В1256                        
В. 123С               
Г. 145Д                    
Д. В1А

6. Дұрыс емес формуланы көрсет.

А. А2+В4     
Б. =А1/С453           
В. =С245*М67       
Г. =О89-К89        
Д. =К32+Л45

7. С1 ұяшықтың жауабын көрсет.

 

А

В

С

1

5

=А1*2

=А1+В1

А. 5                    Б. 10                    В. 15                    Г. 20                    Д. 25

8. В1 ұяшықтың жауабын көрсет.

 

А

В

С

1

5

=А1*С1

=100

А. 5                    Б. 100                   В. 500                   Г. 20                    Д. 25

9. С1 ұяшықтың жауабын көрсет.

 

А

В

С

1

20

=А1*2

=А1+В1

А. 5                    Б. 10                    В. 40                    Г. 20                    Д. 60

10. Дұрыс емес формуланы көрсет.

А. =А2+В4
Б. =R1/С453
В. =С245*S67
Г. =О89-89
Д. =D30+P5

Қосымша №6

Кім жүйрік



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)