Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Орман тұрғындары

Түркістан облысы Түлкібас ауданы Састөбе ауылы
МКҚК «Қарлығаш» балабақшасы
Тәрбиеші: Сопбекова Арайлым Болатбековна

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Білім беру саласы: «Таным»

Оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Орман тұрғындары».

Мақсаты: Жабайы жануарлар туралы түсіністіктерін байыту.Жабайы жануарлардың (аю, қоян, түлкі, қасқыр) сипаттық белгілерін байқай білуге үйрету арқылы зейіндерін сөздік қорларын дамыту. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Табиғатты сүюге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Көрнекілік: Слайд, ертегілердің суреттері, суреттер.

 

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

1. Шаттық шеңбер.

- Балалар, мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Сендер күлкілеріңмен менің жүрегімді жылытасыңдар. Қазір шеңберге тұрып қонақтармен амандасайық.

          Қол алысып қане біз!

         Достасайық бәріміз!

         Армысың алтын күнім!

      Армысың балабақшам!..

 

Шаттық шеңберге тұрады, өлең жолдарын айтады.

 

 

Ұйымдастыру

шылық –ізденушілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі еске түсіріп көрейік...?

- Күз айының соңғы айы. Қараша айы.

- Дұрыс айтасыңдар балалар!

Олай болса балалар сендер мені мұқият тыңдап отырыңдар.

Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Орман тұрғындары». Балалар жануарлар екіге бөлінеді.

 Үй жануарлары және жабайы жануарлар болып. Үй жануарлары үйде тіршілік етеді, жабайы жануарлар орманда тіршілік етеді. Енді біз орманда тіршілік ететін жабайы жануарлармен танысамыз.

Яғни, орман тұрғындары деп, - орманда тіршілік ететін жабайы жануарларды айтамыз.

Ал, балалар сендер мына слайдқа назарларыңды аударыңдар. Бұл жерде орман тұрғындарымен және немен қоректенетінімен таныстырып өтемін.

 

Ғажайып сәт.

Орманнан адасқан аю топқа кіреді. Өзі көңілсіз, достарын іздеп жүр.

Аю: Мен қайда жүрмін...

-достарымнан адасып кеттім...

Тәрбиеші: Сәлеметсізбе! Аю достарынан адасып келіпті.

Біз аюдың достарын табуға көмектесеміз бе?

Балалар аюға достары туралы тақпақ айтып берейікші.

- Балалар бойымызды жазып сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті:

      Қоян, қоян секендейсің,

      Мұздан қарғып өтем дейсің.

      Тайып құлап түстің.

      Не болды ал үстің.

Ал, балалар әр жануардың өзінің жейтін қорегі бар. Біз ендеше қорегін тап ойынын ойнап көрейікші.

«Қорегін тап» ойыны.

Шарты: Әр аңның өзінің жейтін азығы суретте белгіленген. Балалар жейтін аңды орнына орналастырады.

- Балалар бүгін біз қандай жануарлармен таныстық?

- Жабайы жануарлардың аттарын атаңдар....

- Қонаққа кім келді?

 

Балалардың жауабы.

 

 

 

Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-иә

 

Балалар тақпақ айтып береді.

 

 

Балалар қимылмен сергіту жасайды.

 

 

Ойынның шарты бойынша балалар ойнғы қатысады.

 

Балалардың жауабы.

Рефлексиялық түзетушілік

Балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрау.

Сұраққа жауап берді.

 

Күтілетін нәтиже:                                                

Орындайды: жабайы жануарлардың сипаттық белгілерін байқап, оларды сипаттап айтуға арналған тапсырмаларды;

Түсінеді: жабайы жануарлар туралы берілген мәліметтерді;

Қолданады: жабайы жануарлардың жүріс-тұрысын қимылмен келтіре білу дағдыларын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз