Өлеңдер бөлімі

Балалар музыкалық аспаптар ансамбльі

МКҚК №11«Арай» балабақшасы
Музыка жетекшісі Догай Еркегуль

Балалар музыкалық аспаптар ансамбльі

Білім беру саласы: шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: музыка

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың музыка аспаптарын тануын, дыбыстарын ажырата білуге, музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын ояту. Оларды дыбысынан ажырата білуге және музыкаларды тыңдау арқылы эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.

Дамытушылық: Балалардың музыкаға деген сүйіспешілігін арттыру, музыканы мінезіне қарай  қабылдауға, есте сақтауға үйрету.

Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, достастыққа, еңбекқорлыққа, жеке және топпен жұмыс жасауға  тәрбиелеу.

Қолданған технологиялар: Денсаулықсақтаушы, музыкатерапия, артикуляциялық гимнастика, логоритмика, өнер синтезі.

Көрнекіліктер: музыкалық аспаптар, интерактивті тақта, слайд, музыкалық аспаптардың суреттері  ж. т. б.

Сөздік жұмыс: ансамбль, дирижер,

Алдын-ала жүргізілген жұмыстар: репертуар таңдау, көрнекілік дайындау.

Билингвальдік компонент: Сәлеметсіздер ме – здравствуйте – хеллоу,

Сау болыңыз – до свидания – гуд бай.                                                

Сабақтың барысы:

І. Мотивациялық қозғаушы күш

1 слайд             
Балалар көңілді әуенмен залға кіреді, ортаны айналып шығып шеңбер жасап тұрады.

Музыка жетекшісі, балалардың қолдарынан ұстап: Балалар қараңдаршы, сендер қайда келдіңдер?

Балалар: Музыка залына.

Музыка жетекшісі:  бүгін бізде ерекше сабақ, көп қонақтар  келіп отыр. Ендеше бәріміз қонақтармен амандасайық. Сәлеметсіздер ме – здравствуйте – хеллоу,

Сау болыңыз –до свидания- гуд бай.                                                 

2 слайд        

Музыка жетекшісі: Балалар музыка сабағында біз не үйренеміз?
Балалар: Ән айтуды, әуен тыңдауды, би билеуді, музыкалық аспаптарда ойнауды үйренеміз.
Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар!

ІІ. Іздену-ұйымдастырушы кезең.

3 слайд              

Музыка жетекшісі: Бүгін менсендерді балалар музыкалық аспаптарымен ансамбль ойнауға шақырамын.

Музыка жетекшісі: Балалар ендеше музыкалық аспаптарға түрлі қимылдар жасай жүріп барамыз. 

(жаттығулар жасап барады)

Шеңбер бойымен жүреді:

1. Қол жоғары, аяқтың ұшымен.

2. Қол белде, өкшемен.

3. Жеңіл жүгіріс.

Келдік балалар, тынысты реттейік.

4-Слайд           

Интерактивті тақтада перде жабулы перденің бейнесі тұрады.

Музыка жетекшісі: Балалар,  алдымен қандай балаларға арналған музыка аспаптар бар  екенін анықтап алайық. Перденің артынан ойнаған музыкалық аспаптың дыбысын ажыратып, қай аспап екенін мына суреттерден тауып, тақтаға ілулерің керек. Тек қол көтеріп жауап береміз. Түсінікті ме балалар?

Балалар: жақсы, түсінікті!

5 слайд (марақас)

6 слайд (бубен)

7 слайд (металлафон)

8 слайд (үшбұрыш)

9 слайд (домбыра)

10 слайд (барабан)

11 слайд (сылдырмақ)

12 слайд (пиянино)    

Музыка жетекшісі: Жақсы балалар! Сендер барлық музыка аспаптарын дыбысына қарай ажыратып, аттарын атап таба білдіңдер. Енді біздің ансамбль ойнауымызға болатын шығар. Қане, аспаптарға назар аударайық.

ІІІ. Негізгі бөлім.

слайд

Музыка жетекшісі: Балалар,  қараңдаршы, кейбір аспаптар бізден тығылып тұр екен. Олар қандай аспаптар балалар?

Балалар: Маракас, металлафон.

Музыка жетекшісі: Өз айтарлары бар шығар, тыңдап көрейікші?

Маракас: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен билегенді жақсы көремін, сендер маған билеп бересіңдер ме?

Музыка жетекшісі: Балалар, маракасқа билеп береміз бе?

Балалар: Билеиміз!

Музыка жетекшісі: Ендеше «Достық» биін билеп берейік.

Би «Полька»

А. Филиппенко

(балалар екі екіден қол ұстасып тұрады)  (Музыка ырғағымен балалар муз.жетекшінің артынан қайталап билейді.)

6 слайд                 
Музыка жетекшісі: Қараңдаршы балалар, маракас өте риза болып тұр.

Музыка жетекшісі: Келесі қандай аспаптың көлеңкесі тұр?

Балалар: Металлафон аспабы.

Музыка жетекшісі: Дұрыс, оныңда айтары бар сияқты, тыңдайық!

Металлафон:Сәлеметсіңдер ме балалар? Маған әсем ән орындап берсеңдер, мен сендермен ансамбль ойнауға шығамын!

Музыка жетекшісі: Балалар металлафонның шартын орындаймыз ба?

Балалар: Орындаймыз.

Музыка жетекшісі: Ендеше барлығымыз «Достық» әнін орындап берейік

7 слайд              

слайд                        

Музыка жетекшісі: Тамаша балалар, енді біздің барлық аспаптарымыз орнына келді, енді ансамбль ойнауымызға болады. (Балалар музыкалық аспаптарды алып, орындарына тұрады)

Ансамбль: Шостакович «Танец кукол» шығармасы.

9 слайд                                                                                                              

Слайд №10   

ІV. Қорытынды.                               

Музыка жетекшісі: Балалар, біз бүгін қандай аспаптардың дыбыстарын тыңдадық?

Балалар: бубен, металлафон, үшбұрыш, пиянино, домбыра, сылдырмақ.

Музыка жетекшісі: қандай аспаптар бізге қандай шарт қойды?

Балалар: маракас биле деді, металлафон ән орындауымызды сұрады.

Музыка жетекшісі: өте жақсы балалар! Менің бүгін сендермен өткізген уақытым қатты ұнады. Сендерге жарқырап жүріңдер деп естелікке осындай жұлдыздар сыйлаймын. (қорапшадан  алып мойындарына тағып беремін)

Және осындағы қонақтарға да табыс етейік.

Сауболыңыз! До свидания! Гуд бай!

(Сапқа тізіліп залдан шығып кетеді.)

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар музыкалық аспаптардың аттарын атай біледі;
Игереді: аспаптардың дыбыстарын  ажырата біледі, ырғақты сезеді;
Меңгереді: Балалардың музыка мәдениетіне деген көз - қарастарын қалыптастырады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз