Өлеңдер бөлімі

Ғарыш әлеміне саяхат

МКҚК №11«Арай балабақшасы»
№10 «Нұр әлемік» ересектер тобы
Тәрбиеші: Наурузбаева Нургуль Салижановна

Сабақтың мақсаты: Балалардың, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, дағдыларын қалыптастыру. «Ғарыш әлеміне саяхат» арқылы балалар қиялдарын шыңдау. Логикалық есептерді шығара отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Қимылды ойын арқылы ойлау қабілетін арттыру.

Сабақтың әдістері: саяхат, қисынды, логикалық есептер, дидактикалық ойындар.
Қажетті құралдар: зымыран, глобус, ғаламшарлар, жұлдызшалар, логикалық есептер.
Алдын-ала жұмыс: Ғаламшарлармен танысу, жат планеталықтар ұғымымен танысу.
Үш тілдік компонент: Көктем-Весна-Spring  Зымыран-Ракета- Missile. машина-машина- car, Кеме-лодка-boat  түлкі- лиса- fox қоян-заяц- hare  Ғарышкер- космоснавт- cosmonaut Ай-луна-moon

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбер: жансая

Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Армасыңдар достарым
Армысыздар қонақтар

Здрастауй солнце золотое,
Здраствуй небо голубое.
Здраствуй южный ветерок,
Здраствуй маленький дубок.
Мы живем в одном краю,
Всех я вас приветсвую

Гуд монин, гуд монин
Гуд монин ту ю.
Гуд монин, гуд монин
Ай лайк ту си ю

— Көктем мезгілінде үш ай бар. Аттарын атап шығайық (наурыз, сәуір, мамыр)

— Қазір көктем мезгілінің қай айы? (сәуір)

— Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ғарыш әлеміне саяхат», яғни ғарыш әлеміне саяхатқа барамыз.

— Көліктің неше түрі бар (3 түрі бар)

Жер көлігі машина-машина- car

Әуе көлігі зымыран-ракета- мissile

су көлігі, кеме-лодка-boat

— Ғарышқа немен барамыз? (Зымыранмен). Зымыран орыс тілінде ағылшын тілінде қалай болады: зымыран-Ракета- Missile

— Олай болса барлығымыз бірлесіп зымыран құрастырайық.

— Зымыран құрастыру кезінде қандай геометриялық пішіндерді қолданамыз?

— Зымыранды құрастыру үшін біз бірнеше сұрақтарғаз жауап беруіміз керек.

1) Ғарышқа ең алғаш сынақ ретінде  нені ұшырды? (Лайка деген итті)

2)  Ғарышқа киетін киімді не деп атайды? (скафандр)

3) Жұмбақ: «Күндіз күннен таярмын,

Түнде әлемге аянмын./Ай/. Ай-луна-moon

4)  Логикалық есепті шеш:
Апам базардан төрт алма сатып әкелді
Үшеуін ағам жеп қойды.Сонда қалды нешеуі?(1)

— Міне, балалар, зымыранымыз да дайын. Тағы бізге не жетіспейді?

— Дұрыс айтасыңдар скафандр. Зымыранға отырмас бұрын үстімізге скафандр киіп алайық.

Ал енді ұшуға дайынбыз ба?  (Иә).

— Көзімізді жұмып денімізді бос ұстап ұшуға дайындалайық.Міне балалар ғарыш әлеміне де келдік.Ғарышкерлер ғарышқа не үшін барады? (Ізденіп зерттеу)

Жұлдыз  жылап отырады.

— Балалар мына жерде біреу жылап отыр, неге жылап отырғанын сұрайық. Сен кімсің? Неге жылап отырсың?

Жұлдыз: Мен ғарыш әлемінің жұлдызымын.Менің 8 ғаламшар достарым бар еді,бірақ  жат планеталықтар тығып қойды. Достарымды таба алмай жылап отырмын. (жылайды)

— Сен жылама, біз сенің достарыңды табуға көмектесеміз. Балалар жұлдыздың достарын іздеуге дайынбыз ба? (Иә)

Жат планеталық шығады: Сендер кімсіңдер? Бұл жерде не іздеп жүрсіңдер?

— Біз Жұлдыздың достарын іздеп жүрміз, оларды жат планеталықтар тығып қойыпты, сіз көрген жоқсыз ба?

Жат планеталық: Ха-ха-ха-ха мен тығып қойдым. Жат планеталық мен боламын. Егерде сендер менің тапсырмамды дұрыс орындасаңдар мен Жұлдыздың достарын тығып қойған жерді көрсетемін. (набрать   )Ал ендеше тапсырманы орындауға дайынбыз. Қағазды алып тапсырманы оқып орындаймыз.

1. Меркурий:

Қазакстан (қол шапалақтау арқылы буынға бөлу) сөзі неше буынға бөлінеді? (3)

Неше дыбыс, неше әріп бар екенін айтып бер?
Дыбыс дегеніміз не? (Дыбысты естиміз,айтамыз.)

Әріп дегеніміз не?(Әріпті көреміз,оқимыз,жазамыз)

Жат планеталық: Сендер тапсырманы дұрыс орындадыңдар мен сендерге Меркурий ғаламшарын беремін. Ал қалған ғаламшарларды табу үшін мен сендерге тапсырмаларды қалдырып кеттім,сол тапсырмаларды орындап жүріп қалған достарын табасыңдар. Сау болыңдар.

2. Балалар мына жерде хат ілулі тұр. Бізге жұлдыздың қалған достарын табуға көмектесетін болар. Канекей хатты алып көрейік.(Есікте хат ілулі тұрады соны алу.)

Шолпан: (логикалық есептер )
1. Асанның он машинасы болды.Ол біреуін сындырып алды, ал екеуін досына сыйлады.

Асанда неше машина қалды? (7)   жеті-семь-seven
 

2. Алма ағашта сегіз алма
Қандай тәтті жесе алма,
Бесеуінде жеп қойсаң
Қалады онда неше алма.  (3) үш-три-three

3. Мен жүріп келе жатып, еменнің тасасынан екі  ұзын құйрық және төрт ұзын құлақ көрдім.  

Олар нелер және нешеу? (2 түлкі, 2 қоян)   түлкі лиса- fox қоян-заяц- hare

3. Нептун, Уран:

Құрастыру: (Балалар 2 топқа бөлініп жұлдыз құрастырады.)

Үстел үстіндегі геометриялық пішіндерден жұлдыз құрастыр. Қандай геометриялық пішіндерді қолданғандарыңды айтып беріңдер..

Жәй әуенде музыка ойналып тұрады.

Балалардың жауабы: 5- ұш бұрыш,1- бес бұрыш

4. Сергіту сәті:

Балалар бойымызды жазып сергіту жаттығуын жасап алайық.

Ғарышқа біз ұшамыз
Ғарышкер біз боламыз
Ғаламдарды аралап
Батыр бала боламыз
Оңға бір бұрылып,
Солға бір бұрылып
Қолымызды көтеріп
Біз бақытты боламыз.

Марс ғаламшары (Жоғары ілініп тұрады)

5. Юпитер, Сатурн:

Қимылды ойын:«Қоқыстан тазалау» (балалар 2топқа бөлініп үстел үстінде)

Шарты: Ғаламшарды қоқыстан тазарту керек, ол үшін мына геометриялық денелерді пішініне қарай топтастыруымыз керек.

6. Жер: Ғарышкер- космоснавт- cosmonaut

Ғарышкер сөзінде неше дауысты неше дауыссыз дыбыс бар?)

Дыбыс нешеге бөлінеді? (2) Дауысты,Дауыссыз

Дауысыты дыбыстарды қандай түспен дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейміз

(дауысты дыбыс қызыл, дауыссыз дыбыс көк түспен). Мінекей балалар біз жерді де таптық жерге оралатын уақытымызда болды.

Жұлдыз: Жарайсыңдар, балалар, сендер  менің достарымды іздесуге көмектестіңдер әлемнің 8 ғаламшарын таптыңдар. Өте білімді балалар екенсіңдер. Сендер осы қорапшаны жерге түскенде ашасыңдар. Сендерге арналған сыйлық бар. Менің сендермен қоштасатын уақытым болды. Достарыма баруым керек. Сау болыңдар,балалар.

— Ал балалар біздің топқа оралатын уақыт  болды. Олай болса барлығымыз көзімізді жұмайық. Тобымызға оралайық.

Қорытындылау:

—  Балалар біз ғарыш әлемінде не көрдік? Кімге көмектестік? Қандай тапсырмалар орындадық? Әлемнің неше ғалам шарын таптық,олардың атын атап беріңдер? Шарды жарып балаларға ішіндегі тосын сыйды тарату.

Сонымен біздің ғарыш әлеміне саяхатымыз аяқталды.

Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық,
Көріскенше күн жақсы
Сау- саламат болайық.

C:\Users\Алылбек\AppData\Local\Temp\Rar$DIa0.435\IMG-20190415-WA0004.jpg        


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз