Эссе және өлең-жыр байқауы

Біз жыл бойы не үйрендік?

Маңғыстау обласы Жаңаөзен қаласы
Теңге ауылы «Теңге бөбекжай-бақша»
Ортаңғы топ тәрбиешісі: Бердиханова Амангүл Закиевна

Білім беру саласы: Коммуникация.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту,көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Біз жыл бойы не үйрендік?»

Мақсаты: Балаларды шығармашылық жұмысқа ынталандыру, сюжетті дамыта келе, жай және күрделі сөйлемдерді қолдана отырып, ойлау деңгейлерін арттыру.

Міндеті:

Үйрету: Пішіндерді, түстерді ажыратуға, үй құрастыруға үйрету.                                        

Дамыту: Балаларға айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін, ойын арқылы сөйлеу қабілетін дамыту.

Тәрбиелеу: Бір-біріне көмектесе білуге, ауызбіршілікке, еңбектенуге тәрбиелеу.

Қолданылған көрнекілік құралдар: Слайд, мамандықтар құралы, фетрадан әртүрлі пішіндер, плакаттар.

Сөздік жұмыс: құрылысшы,үй салды, қабырғалары, шатыр.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын.

Билингвалды компонент: ертегі-сказка, үй-дом.

Алдын-ала жұмыс: Балаларға көктем туралы тақпақ үйрету.

Жеке жұмыс: Зереге үй құрастыруды үйрету.

 

Оқу қызметінің кезеңдері

                 Тәрбиешінің қызметі

                      Балалардың қызметі

Мотивациялық қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іздену-ұйымдастырушы

 

Балалар,бүгін бізде ерекше күн, бізге көпдеген қонақтар келіп отыр, кәнекей балалар қонақтармен амандасып алайық.

Шаттық шеңбері.

Қуан шаттан алақай

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң,қайырлы күн,

Күліп шықты күн бүгін!

Жарайсыңдар балалар!

Осындай жақсы көңіл күйімізбен орнымызға жайғасайық.

Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілінде неше ай бар?

Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?

 

Жарайсыңдар балалар!

Балалар, бүгін бізде ерекше оқу қызметі болмақ, себебі біз жыл бойы не үйренген білімдерімізді ортаға саламыз.

 Балалар мен сендерге жүмбақ жасырғым келіп тұр!

Естігенде ғажайыптар әлеміне енесің.

Барлық бала,тыңдағанды жақсы көреді.Ол не?

Олай болса ертегіні тауып айт.

(Слайд ертегі кейіпкерлері)

Ғажайып сәт!

Тышқан келеді.

Өзім егін екпеймін,

Егістен ұзап кетпеймін.

Мысық қуса жетпеймін,

Мен қап тесер тышқанмын.

Біраз уақыттан кейін бақа келіп мына үйде кім тұрады деп сұрайды.

Мен тышқанмын!

Бақа мен де сізбен бірге тұрайын.

Тышқан: Егер мына тапсырманы орындасаң менімен бірге тұрасың!

Тапсырма: Біз қай Республикада тұрамыз?

Біз қай тілде сөйлейміз?

Қазақстан Республикасының рәміздерін ата?

Жарайсың,кел бірге тұрайық.

Сол кезде қоян келеді. Мына үйде кім бар?

Менде сіздермен бірге тұрайын.

Тышқан мен бақа: Егер мына тапсырманы орындасаң бізбен бірге тұрасың.

Тапсырма: Тақтай үстімен келіп,қапшыққа допты себетке лақтыру.

Жарайсың,кел бірге тұрайық.

Сол кезде түлкі келеді. Мына үйде кім бар?

Менде сіздермен бірге тұрайын.

Тышқан, бақа, қоян: Егер мына тапсырманы орындасаң бізбен бірге тұрасың?

Тапсырма: Мына жерде неше үй бар? Түсі қандай? шатырының, есігінің,терезесінің пішіндерін ата?

Жарайсың,кел бірге тұрайық.

Біраздан қырылдап қасқыр келеді. Мына үйде кім бар?

Менде сіздермен бірге тұрайын.

Тышқан, бақа, қоян, түлкі: Біздің ауламызға гүл отырғызып берсең бізбен бірге тұрасың.

Жарайсың, кел бірге тұрайық.

Сол кезде аю келеді. Мына үйде кім бар?

Менде сіздермен бірге тұрайын.

Тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр: Жақсы

Ән орындап берсең бізбен бірге тұрасың.

Тапсырма: Жақсы әдемі ән айтып бер.

Жарайсың, кел бірге тұрайық.

Сергіту жаттығуы: «Еңбек»

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Оның аты еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек ғана жеңбек. (Н.Жанаев)

Жарайсыңдар ендеше еңбек туралы мақал-мәтелмен жалғастырайық. Мен бастаймын сендердер жалғастырыңдар!

Еңбегіне қарай құрмет-жасына қарай ізет

Еңбек адамның- екінші анасы

Еңбек бейнет емес-зейнет

Еңбек еткен-мұратқа жеткен.

 

Ойын: «үй тұрғызамыз»

Шарты: фетрадан қиылған көптеген пішіндерден үйді құрастыру.

 

 

- Сәлеметсізбе!

 

 

 

 

 

- Балалар шаттық шеңберін қимылдармен жасайды.

 

 

 

Төрт

Күз, қыс, көктем, жаз

 - Көктем мезгілі.

 - Үш ай бар.

 - Ауа райы жылына бастайды, ағаштар бұршік жарып жапырақ ашады. Жылы жаққа ұшып кеткен құстар ұшып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Ертегі

Алдаркөсе мен бай,екі қаз бір бақа,қасқыр мен ит,жеті лақ,бауырсақ,шалқан,үйшік т.б

 

 

 

 

- Тышқан үйшікке жүгіріп кіреді.

 

 

 

 

 

 

- Бақа

- Қазақстан

- Қазақ

 

- Әнұран, Елтаңба, Ту.

 

 

- Тышқан мен бақа біз бармыз.

 

 

 

 

 

- Қоян

Тақтай үстімен келіп допты себетке лақтырады.

 

 

 

 

 

 

 

- Түлкі 1.2.3.4.5 бес үй бар.

Сары,жасыл,қызыл,көк,ақ.

 

- Қасқыр гүл отырғызады.

 

- Аю «біз балдырған баламыз»әнін орындайды.

 

Балалар сергіту жаттығуын қимылдармен орындайды.

Рефлексті- коррекциялаушы

Бүгін қай ертегіде қонақта болдық?Ертегі кейіпкерлері тапсырманы орындай алды ма?Жарайсыңдар сендер жыл бойына алған білімдеріңді көрсете білдіңдер

Жарайсыңдар балалар сендер оқу қызметіне барлықтарың өте жақсы қатыстыңдар!

-Үйшік

-Ия

Балалар өз әрекеттеріне риза болады.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ертегі кейіпкерлерін ажырата біледі.

Игереді: Тапсырманы орындауды.

Меңгереді: пішіндерден үй құрастыруды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз