Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Жол тәртібін білейік!

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Қызылсай ауылы
«Қызылсай бөбекжай-бақшасы»
Тәрбиеші: Нұрова Әнбия Қосайбекқызы

Тобы: мектепке даярлық тобы

Сабақтың тақырыбы: Жол тәртібін білейік!

Сабақтың мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, есте сақтауға үйрету. Танымдық белсенділігін жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық көліктермен жай көліктердегі тәртіпті сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін, ойын арқылы ойлау қабілетін,тақпақ арқылы тіл байлықтарын дамыту. Жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру. Жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушы ойындар арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндіру, ойын ойнату, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Бағдаршам,интерактивті тақта, жол белгілер плакаттары, буклет, слайд, жолақ жолдар, ойыншық көліктер, велосипед, сомокат.

Билингвальды компонент: Қауіпсіздік-безопасность; бағдаршам-светофор; жаяу жүргіншілер өтпесі-пешеходный переход; тыйым салатын белгілер-запрещающие знаки.

Сабақтың жүрісі.

Ұйымдастыру:

— Сәлеметсіздер ме балалар! Бүгін бізге қонаққа инспектор мырзамен ұстаздар қауымы келіп отыр. Ендеше қонақтармен амандасып алайық!

Үш тілде амандасу

Шаттық шеңбері (балалар бірге айтады)

Алтын сәуле арайлы,
Бақшамызға тарайды.
Қуанышпен шат күліп,
Қарсы алайық арайды!

Жыл мезгілдерін сұрау

— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

*Қыс мезгілі

— Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

*Үш айдан тұрады

— Дұрыс айтасыңдар балалар! Қазір қыс мезгілі. Қыс мезгілінде қар жауып,аяз болып,жерге мұз қатып, тайғақ жерлерде болады. Көліктердің де жаяу жіргіншілердің де қозғалысы қиындай түседі. Яғни, қаһарлы қыстың құбылыстары бізге кедергі келтіреді. Сондықтанда бүгін балалар біз жолда жүру ережелерімен және қауіпсіздігімен танысамыз.

Слайдпен жұмыс

—Балалар экранға қарайықшы! Бұл нені білдіреді?(пешеход)

*Бізге жолдан өтуге көмектеседі.

— Дұрыс айтасыңдар балалар! Оны «Жаяу жүргіншілер өтпесі» деп атаймыз.

— Келесі суретте не бейнеленген балалар? (светофор)

*Бағдаршам

— Дұрыс айтасыңдар балалар!Бағдаршамда қанша көз бар? Қандай қандай?

*Үш көз бар  - Қызыл                                                                                                                 

- Сары

- Жасыл

— Өте жақсы балалар!

Қызыл көзін ашқанда,             
Сабыр сақта, баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін, жасқанба

— Балалар қалада қозғалыстар көп болса да, көліктер мен адамдар бір-біріне кедергі келтірмей жүреді. Өйткені көліктер де жаяу жүретін адамдар да жол ережесін қатаң сақтайды. Сондықтан көшенің  екінші бетіне өтуге бағдаршамның-қызыл, сары, жасыл үш көзі көмектеседі. Ал егер бағдаршам өшіп қалған жағдайда тәртіпті реттеуші жүргізеді. Бұрын қолдарындағы таяқшасымен реттейтін, ал қазір ысқырықпен реттейді.

Есік қағылады

Ішке зуылбек өзінің достарымен кіреді. Бірі велосипед, бірі сомокат, бірі көлік жүргізіп келеді.

— Кел төрлетіңдер қайдан жүрген балаларсыңдар? Біз жол белгілерімен танысып жатырмыз.

*Менің атым Зуылбек, мыналар менің достарым. Велосипедпен үнемі зуылдап жүремін, ал достарыма енді үйреткелі жүрмін.

— Зуылбек бұл қалай болғаны? Сен балаларға жаман үлгі көрсеткеніңмен қоймай үйретуге де оқталып жүрсінба? Мұның әсте дұрыс емес!

*Мына белгілер көшеде қаптап тұр. Мен оларды қайтем, мен оларсызда зуылдатамын.  

                                   C:\Users\гулсагира\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\IMG_20171213_022323.png

*Әй,мынау қандай белгі,мынау менің велосипедім емес пе? Мен үшін жасалған белгіме?

— Иә, сен үшін, бұл белгінің аты «Велосипед жүрмейді»

*Жүрмейді, тапқан екенсіңдер, мен жүрмейтін жер жоқ, білдіңдер ме, мен үшін де саяжай да,аула да бәрі ашық.

                                

*Мұны да белгі дейді-ау,көшеге пәтердің жылу батериясы белгісі не үшін керек?

—Зуылбек ау бұл да саған керек белгі. Сен велосипедпен зуылдап келесің дейік, қарсы алдыңнан осы белгі кездесті. Ендеше алдыңда темір жол бар деген сөз. Ұқтың ба?

*А...а а а бұл белгінің де қажеті бола қоймас, салдырлап-гүлдірлеп поезд жеткенше өтіп үлгеремін.

— Балалар, жолда жүру ережесін, белгілерді Зуылбекке үйретейік. «Сақтансаң сақтаймын» деген сөз!

1. Ескерту белгісі!
2. Балалар өтетін жол!
3. Автобус аялдайтын орын!
4. Кіруге болмайды!
5. Жаяу жүргіншілерге жүруге болмайды!
6. Тоқтауға болмайды!
7. Тоқта! (стоп)
8. Тайғақ жол!
9. Телефон!
10. Дәмхана!
11. Жанармай бекеті!
12. Алғашқы медициналық көмек пункіті

 

1          2         3

 

 4           5               6

 

7          8           9

 

10     11     12

— Мінекей балалар,біз көптеген жол белгілерімен таныстық. Шаршадықпа балалар?

*Иә

— Ендеше сергіту сәтін ұйымдастырайық!

Сергіту сәті.

Бұзба көше тәртібін,
Ұрынарсың апатқа.
Қызықты өтсін әр күнің,
Жақын болма шатаққа!

Дидактикалық ойын: «Жол белгісін құрастыр!»

Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін жетілдіріп, ой-өрісін дамыту. Жылдамдыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Ойын шарты: Тақтаға Жол белгілерін құрастырып, аттарын атап айту.

Қимылды ойын: «Реттеуші»

Ойын шарты: Бағдаршам бағдарына бағыну, жолақ жол мен жол белгілерін іс-жүзінде орындап көру.

Қорытынды:

— Бүгінгі ашық оқу-іс әрекетінде не жайында айттық?

*Көше қауіпсіздігі, жол ережесі, белгілер жайында.

— Бүгін бізге қонаққа кімдер келді?

*Инспектор мырза және Зуылбек.

— Бағдаршам түстері нені  білдіреді?

*Қызыл көзі — Тоқта! — дейді.

*Сары көзі — Дайындал! — дейді.

*Жасыл көзі — Жүр! — дейді.

— Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызықты не дейді?

*Ақ жолақ немесе зебра.

Реттеуші 1

Бақыл ап жол тәртібін,
Өткізетін әр күнін.
Реттеушіні көрдім мен
Қиылыста дәл бүгін.
Ала таяқ қолында
Айтары көп оныңда
Не істеу керек, тұрса
Реттеуші жолыңда               ( Қуаныш)

Реттеуші 2

Тік көтерсе таяқты
Баспа алға аяқты
Бағдаршамның бұл белгі
Сары шамы сияқты
Кеудесімен бұрылса,
Қарап саған бетпе-бет.
Тұрғаны оның, ұғынсаң
Жолды жаптым, өтпе деп.  (Нұрай)

Бағдаршам 1

Жолды кесіп өтуге мен қамдансам
Қиылыста қарсы алады бағдаршам
Менікіндей екеу емес, үш көзді
Әр көзінің түсі бөлек, аңғарсаң.      (Кәусар)

Бағдаршам 2

Көзі алысты қалт жібермей қырағы
Бір көз жанса, қалғаны өшіп тұрады
Қызыл, сары, жасыл түсті көздердің
Бас әрпінен үш түрлі ұғым шығады:         (Бауыржан)

Бағдаршам 3

Қ — Қызыл түс — қимылдама, баспа алға,
Қиылыста қарап тұрма аспанға
С — Сары түс — сәл сабыр ет, дайындал
Ж — Жасыл түс — жүре бергін, жасқанба        (Нұржан)

— Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі ашық оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар!

Жол тәртібін сақтап, аман-есен жүрейік!

— Инспектор мырзаға сөз берейік.

Мақтау, мадақтау! Қонақтармен үш тілде қоштасу.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз