Өлең, жыр, ақындар

Үстеу.Мекен үстеуі.

Қазақ тілі ҚМЖ. 4-сынып. Бастауыш сынып мұғалімі: Жусупова Тынымкүл Сабақтың тақырыбы Мекен үстеу Сілтеме: Жоспар 4-сынып.Қазақ тілі әдістемесі. Жалпы мақсаты: 1. Үстеу және мекен үстеу туралы ақпарат беру. 2. Сөздерді сөз құрамына талдай білуге үйрету. 3. Сауатты көркем жазуға баулу. Күтілетін нәтиже: 1. Үстеу және мекен үстеуі туралы біледі.Сөйлем ішінен ажырата алады. 2. Сөздерді сөз құрамына талдай біледі. 3. Сауатты, көркем жазуға үйренеді. Негізгі идея: Үстеу: мекен үстеуі. Оқыту әдісі Топтық жұмыс. Жұптық жұмыс. Жеке жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: Кесте, оқулық, АКТ Сабақтың кезеңі, уақыты. Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс - әрекеті Сабақ бойынша мұғалім жазбалары:( мұғалім мен оқушы әрекеттері) I. Ұйымдастыру кезеңі.1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. 2.Топқа біріктіру.Оқушылар геометриялық фигураларды түстеріне қарай таңдап алу арқылы топтарға бірігеді. II. Үй тапсырмасын талдау.Үй тапсырмасын тексеру кезінде жазып келген сөйлемдерін топта бір- біріне оқиды. топ болып ойласып, бір сөйлемді келесі топқа оқиды. келесі топ сол сөйлемнің ішінен мезгіл үстеуін байланысып тұрған сөзімен бірге табады. Мадақтап отыру. III. Ой қозғау.1. Үстеу дегеніміз не? 2.Мезгіл үстеуінің байланысып тұрған сөздер қай сөз табына жатады? 3. Оны қалай дәлелдер едің? 4. Бейнематериалды көру. 5. Не байқадың? Үстеудің түрлері жайлы не айтуға болады? Геометриялық фигуралар арқылы бағалау. IV. Жұптық жұмыс: "Таңдау және негіздеу 1-жаттығу Үстеулерді оқы. Қайда сұрағына жауап беретін үстеулерді тауып, етістіктермен тіркестіріп жаз.Тапсырма жұптардың өзін-өзі бағалауы (рефлексия парағы) арқылы жүргізіледі. V. Сергіту сәті." Келді көктем " әнінің әуенімен қимылды жаттығулар жасау. VI. Топтық жұмыс:" Табиғат сыр шертеді" Топтарға аудиотаспан тыңдауға уақыт беріледі. Естігендерін топта талқылау. Сурет салу.Топта 5 рөлді анықтайды.Әр оқушы өзіне жүктелген міндеттерді орындайды.Топ болып бірігіп, тапсырманы орындайды.Топ баяндамашысын тыңдау. Топ бақылаушысы бағалау өлшемдері бойынша жұмыс барысында бағалап, түсіндірмесін айтады. Бағалау парағы. Өлшемдер Көшбасшы Баяндамашы Хатшы Уақыт сақшысы Топтық жұмысқа араласуы Міндетін атқаруы Тақырыптың ашылуына үлес қосуы VII. Жеке жұмыс: "Тәжірибеңе сүйен" Тақтада берілген " Жоғары, бұрын, мұнда, алға, ерте, қыстыгүні, алыста, іште" деген үстеулерге сұрақ қойып, үстеулердің қандай түрі екенін ажыратады және осы үстеулерге қарсы мәндес үстеулерді тауып жазады Интербелсенді тақтадан дұрыс жауаптары беріледі.Жұмыс орындалып болғаннан кейін оқушылар өзін-өзі "Бағдаршам" бағалау жүйесі арқылы бағалайды. VIII. Жеке жұмыс "Блум таксономиясы" Ойлау деңгейлері Сұрақтар мен тапсырмалар Оқушы жауабы Білу Үстеудің сұрақтарын жазыңыз Түсіну Мекен үстеуінің ерекшелігін түсіндіріңіз Қолдану Үстеуді қатыстырып сөйлем құраңыз Талдау Мезгіл және мекен үстеуін салыстырыңыз Жинақтау "Көңілді көктем" тақырыбында эссе жазыңыз Бағалау Егер, қазақ тілінде үстеу болмаса, онда не болар еді? Тапсырма жауабын екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалаймын.IX. Оқып- үйрену нәтижелері : кестені бағдаршам түстеріне қарап боя. Тапсырмалар Қызыл Орындай алмаймын Сары Сенімді емеспін Жасыл Орындай аламын Үстеумен байланысып тұрған сөзді таба аламын. Мезгіл және мекен үстеулерін ажыратып, жаза аламын Өзімді бағалай білемін X. Сабақ рефлексиясы: "Сөйлемді аяқтау" Мен бүгін көп нәрсені . . . . Пәні: Қазақ тілі Сыныбы: 4 Күні: 8. 04 . 2015 Бекітемін: Сабақтың тақырыбы: Мекен үстеу. Сілтеме: Әдістемелік құрал. Қазақ тілі. 4-сынып. "Алматыкітап" баспасы. Авторлары: Ж.Қ. Балтабаева. М. Қ. Солтанғазина. Ф. С. Лекерова. Мақсаты: Үстеу және мекен үстеу туралы білімдерін тиянақтау. Сөздерді сөз құрамына талдауға және сөздерді салыстыра білуге үйрету. Сауатты, көркем жазуға баулу. Күтілетін нәтижелер: Үстеу және мекен үстеуі туралы біледі. Сөздерді талдап, салыстырады, үстеу сөздерді ажырата алады. Сауатты , көркем жазуға қалыптасады. Оқыту әдісі: СТО, Блум таксономиясы, АКТ, Оүб, Оқыту үБ. Топпен, жеке және жұппен жұмыс Керекті жабдықтар: Кесте, оқулық, АКТ. Сабақтың кезеңдері Уақыт. Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Кіріспе 2- мин. 3- мин. 1. Ұйымдастыру Топтастыру.Оқушыларды санамақ бойынша топқа біріктіру. Психолгиялық жағымды ахуал қалыптастыру. 2. Үй тапсырмасын тексеру Оқушылардың өткен білімдерін тексеру үшін тест жұмысы алынады. Жауап парағы арқылы көршіңді тексер. Оқушылар санамақ бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады. Оқушылар жұппен бірін- бірі жауап парағы арқылы тексеріп, бағалайды.Критерийлер: "5 "- 0 қате "4" - 1 қате " 3" - 2-3 қате Тұсаукесер 2- мин. Берілген сөздерді оқып, ол сөздердің қандай сөз табы екенін ата. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Негізгі бөлім. Білу 5- мин. Сөйлемдерді оқы. Мекен үстеулерін тап.Сұрақ қою арқылы мекен үстеулері қай сөзбен тіркесіп тұрғанын ажырат. Оқулықпен жұмыс жасайды. 153 -бет. Түсіну 5 - мин. Үстеулерді қандай сұраққа жауап беретініне байланысты топтарға бөліп жаз. Топ болып тапсырманы орындайды,ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді. Қолдану 5 - мин. Жұмбақты оқы, шешуін тап.Сұрақ қою арқылы мекен үстеулерін ажырат. Ол үстеулерді қатыстырып сөйлем құрап жаз. Топта бірлескен жұмыс жасайды, тапсырмаларды топпен орындайды. Сергіту сәті 2 - мин. " Көңілді күн" әнінің әуеніне сергіту жүргізу Әуен сазымен қимылды орнында жасайды. Талдау 5 - мин. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтыр. Ол сөздерге сұрақ қой, мағынасын анықта. Тапсырманы орындайды, сөздерге сұрақ беріп, мағынасын анықтайды. Жинақтау 7 - мин. Оқушылардың салыстыру және ажырата алуын қадағалау. Кейін, сонда үстеулеріне сөйлем ойлап жаз. Топпен тапсырманы орындайды. Көрші топты бағалайды. Қортынды Рефлексия. 6 -мин. Өзің білетін/ үйренген 3айғақ, өзіңді толғандыратын 2 сұрақты және мекен үстеуіне байланысты 1 іс - әрекет түрін ата. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді. Үйге тапсырма 1 - мин. "Менің күн тәртібім" тақырыбына эссе жазып келу. (Үстеу сөздерді пайдалану) Бағалау 2 - мин. Қортынды баға қоямын. Бағалау парақшалары арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.


Пікірлер (3)

Қызыл мия-дертке дауа, емге шипа, Тәлімгерлік ету жайында рефлексивті есеп Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыруда топтық жұмыстың ықпалы Үстеу.Мекен үстеуі. Өткізілетін коучинг жоспарлары Осы материалдарды электронды поштамызға ворд түрінде жіберсеңіз. Сайтқа қате енгізіліпті, өңдеп қою керек!

Мейржан

Маган мекен устеуі туралы сойлем керек тез арада

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз