Өлең, жыр, ақындар

Менің педагогикалық мамандығым

Менің педогогикалық мамандығым.

«Ұстаз бақыты»

Ұстаз болу-жүректің батырлығы

Ұстаз болу-сезімнің ақындығы

Ұстаз болу-мінездің күншуағы

Азбайтұғын адамның алтындығы.

Ғафу Қайырбеков.

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға,-деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз болу менің мектеп қабырғасында оқып жүрген кезімнен бастап арманым еді. Жылдар өтті... Менің арманым орындалды, ұстаз болып та үлгердім. Бастауыш сыныптарында дәріс беру, әрине, өте жауапты, күрделі де, сонымен бірге қызықты жұмыс.

«Болашақ»-ХХІ ғасыр мектебін көптеген қиыншылықтарға қарамай өркендету, оның сапасын арттыру, біздің басты міндетіміз деп ойлаймын. Келешекте біздің еліміз басқа елдермен терезесі тең болып өмір сүру үшін, қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай, мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді тәрбиелі етіп шығару жолындағы басты тұлға-мұғалім.

Жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының бағбаны-мұғалімдер қандай болу керек екені ойландырады.

Менің ойымша:

Біріншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын шәкірттеріне анық тұжырымдап, дәл түсіндіре білу керек.

Екіншіден, мұғалімнің ары таза, адал, инабатты, сыпайы, парасатты, төзімді, кешірімді, байсалды болуы тиіс.

Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт. Әрдайым оқушылармен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн.

Төртіншіден, мұғалім үнемі өз бетімен білімін, дайындығын жетілдіру тиіс.

Бесіншіден, мұғалім теорияны практикамен байланыстырып, ғылым мен практиканың озат іс-тәжірибелерін әрдайым күнделікті сабағына пайдалану қажет.

Осы талаптарды әрбір мұғалім тұрақты ұстанып отырса, мұғалімнің көңіл күйі  әрдайым жоғары болады да, сабағының сапасы артып, еңбегі әрдайым жана түседі деп ойлаймын.  Оқушыларға оқу-тәрбие жұмысын жүргізу барысының басты міндеті-жаңа технологиямен сапалы сабақ беру.

Сабақ өту барысында, оқушыларды дұрыс ұйымдастыра біліп, көрнекіліктермен техникалық құралды немесе дидактикалық материалдарды барынша   тиімді пайдалана білуге көңіл аударып отырамын. Оқушылардың бағдарламалық материалдарды  меңгеруін, үлгерімі нашар және дарынды оқушылармен жұмыс жүргізіп отыруды басты мақсат тұтамын.

Оқушылардың қызығушылық қабілеттерін арттыру үшін қосымша әдебиеттерді, жұмбақтар, жаңылтпаштарды, ертегілерді сабақ тақырыбына сай етіп дайындап отырамын. Кейде қызықты ребустар, сөзжұмбақтар әзірлеймін. Отанды сүюге, ұлттық намысты тәрбиелеуде, еңбекке, табиғатты сүюге, адалдыққа, этикалық-эстетикалық тәрбие беру жұмысын, әр сабақ жоспарымның тақырыбына сай етіп ұштастыруды мақсат етіп отырамын. Сонымен бірге менің басты ұстанымым оқу-инемен құдық қазғандай. Оқушыларды үнемі білімді етуге талпындырам, себебі білімді оқушының болашақта еңбегі жанады. Қазіргі жастардың шығармашылық қабілеттерін іске асыру, шығармашылыққа бейімдеу менің басты қағидам.     

Қазақта «Тамыздығын тапсаң, тас та жанады» деген қанатты сөз бар, меніңше басты идеясы «Тұлға жетістігі болып табылатыны 12-жылдық мектептің мән-мағынасы мен философиясы осы сөздермен үндеседі. Өйткені оның мақсаты-әрбір балаға терең білім мен тәрбие беріп қана қоймай, әр баланың бойындағы табиғи қасиетін ашып, жеке тұлға қалыптастыру.

Алдымызда отырған әр бала –жеке тұлға. Шығармашылық –осы тұлғаны дамытудың ең тиімді тәсілі. Шығармашылық іс-әрекет шығармашылық ойлаудан басталады.

Ал шығармашылық ойлау деген не?

Ол кез-келген жағдаятты шешу үшін барлық әдіс –тәсілі ойдан өткізу арқылы жаңа нәтижеге қол жеткізу болып табылады.

Алайда біздің өмірімізде әр адамның жаңалық ашуы аз кездеседі. Неге? Деген сұрақ туады. Америка ғалымы Роджерстің ойынша әр адам бала кезінен бастап «Сен мынаны дұрыс істемедің», «Бұның қате» тағы да басқа сынау сөздері көп естиді. Сол себептен бала өз бойындағы шығармашылығына қорқа қарайды және сенімсіздік туады.

Сондықтан да балалардың шығармашылық қабілетін дамытуды ұйымдастырудың әр түріне байланысты бағдарлама төмендегі бөлімнен тұрады:

    -баланың қиял елес белсенділігін арттыру арқылы;

    -баланың сөйлеу шеберлігін арттыру арқылы;

    -заттың схемалық бейнесін арттыру арқылы;

Бейнелеу мен саз өнері тәсілдерін үйлестіру арқылы;

    -ұлы өнер адамдарына қызықтыру арқылы;

    -табиғи материалдарды пайдалану арқылы т.б.

Ал осы бөлімдерді біздің салада іске асыру үшін қосымша білім беру педогогтары қандай тәрбие жұмысын жүргізуіміз керек?

Ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе –жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Негізгі тұлғаның өз өміріндегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниесінің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі тану арқылы дара тұлға ретінде өзін үздіксіз бірқалыпты қалыптастыруға баулу.

    Дара тұлғаны тәрбиелеудегі алынған негізгі бағыт:

  1. Білім –ілім. Бұл жағдайда оқу үдерісі мектептің тәрбие жүйесінің ажырамас бөлігі, бір саласы ретінде жалпы мақсаттардан бастау алады.
  2. Өркениет. Қарым –қатынас, құқықтық тәрбие беру, қызықты кездесулер, оқушылардың өзін-өзі басқаруы, бағдарлы лагерь.
  3. Өнер.  Жеке тұлғаның өнерді, табиғатты, адамгершілік қасиетті сыйлап өсуіне жағдай жасау.
  4. Бабалар жолымен. Мыңжылдықтар мен ғасырлар тоғысында артта қалған ғасырларға көз жіберіп, алдарына зор мақсат қоя білген,  оны іске асырып қаһармандық танытқан, сол жолда тар жол тайғақ кешуден өткен ата-бабаларымыздың өмір жолын іздеп-тану.
  5. Салауатты өмір салты. Әр түрлі секциялар арқылы іске асады.
  6. Тағылым. Педогогикалық кеңес, теориялық практикум, семинар –конференциялар ұштастыруға бағыт береді.
  7. Елім –жерім. Табиғат –аясы  Н. Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасындағы «Жер қойнауының байлығы барша келер ұрпақтың игіліг» деген сөзі осы күнгі экологиялық мәселені естен шығаруға болмайтындығын меңзеп тұрғандай.
  8. Мұражай. Мұражай жұмысы жастардың бойына туған жер, атамекен, ел тарихы т.б. туралы мағлұмат беруді мақсат тұтқан.
  9. Отбасы-ең үлкен мықты тәрбие ошағы. Себебі келесі әулеттің барыстары сонда тәрбиеленеді.
  10. Халықтық педогогика. Әр халықтың ауыз әдебиеті, салт-дәстүрі, рухани өмір сияқты халықтық педогогиканың тәрбиелеу тәжірибесі мол.
  11. Тарихтану. Ұрпағын өз халқының патриоты етіп  тәрбиелеу-қай халықтың болса да тәрбиелеу жүйесінің негізгі талаптарының бірі.

«Қазақстан Республикасында балалар мен жасөспірімдердің қосымша білім беру жүйесін дамытудың «Қазақстан барыс-2030» жобасын іске асыру мақсатында, осы бағыттарды табысты орындасақ, елдің интеллектуалдық әлеуеті дамып, жетістіктері мен гүлденуін қамтамасыз етіп, бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылуымыз сөзсіз депсенемін.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз