Өлең, жыр, ақындар

Қазақ вальсі

  • 10.05.2019
  • 0
  • 0
  • 8160
Май туса, гүлдер шешек атса жазда,
Тоғайда бұлбұл, көлде аққу, қаз да.
Сайраса, біз жастар да нақ солардай,
Бақытқа бөленеміз, сауық назға.

Бақыт нұрға,
Оранса жер, аспан.
Біздің жыр да,
Бар жырға ұласқан.
Махаббатты жырлаймыз біз –
Жастар, жастар, жастар.

Сарқырап асау бұлақ ақса құздан,
Алтын күн күлімдесе көкте қызған.
Біз жастар күн нұрынан қуат алып,
Жайнаймыз жарығырақ жұлдыздардан.

Бақыт нұрға,
Оранса жер, аспан.
Біздің жыр да,
Бар жырға ұласқан.
Махаббатты жырлаймыз біз –
Жастар, жастар, жастар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Биылғы егін

  • 0
  • 0

Сұлудай белі бұралып,
Толықсып, толық сыланып,
Даланы жауып егін тұр
Еңбектен өскен алтындар,

Толық

Қыран құс

  • 0
  • 0

Темір боп піскен тұрмысқа,
Еңбек деген бір құста
Болды болат жұмыртқа.
Қауызы қатып аязда,

Толық

Самарқан

  • 0
  • 0

Ордасы бүкіл Орта Азияның
Қордасы нелер қымбат қазынаның,
Тоттанбас сап-алтындай Самарқанды,
Жеткізді коммунизм жазына кім?

Толық

Қарап көріңіз